Дєріс тезистері


Музыкалық-ырғақтық жаттығулар



Pdf көрінісі
бет52/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   217
ДШТӘ лекция

 
Музыкалық-ырғақтық жаттығулар 
Музыка әуеніне қарай әртүрлі қимылдарды, түрлі ырғақпен орындау: ырғақты 
жүру, жеңіл жүгіру, тез және ырғақпен секіру, шыр айналу. 
Жай, ырғақты отырып-тұру жаттығуларын жасау. 
Ұлттық би элементтерін орындау, аяқтың ұшымен тұру. 
Бір аяқпен жеңіл, әдемі қозғалыс жасап секіру. 
Жалпы дамыту жаттығулары 
Қолға және иыққа арналған жаттығулар 
Қолды алға, екі жаққа, жоғары кӛтеру және бір-бірлеп кезекпен түсіру. 
Қолды алма-кезек алға — жоғары қарай тез кӛтеру және және түсіру, артқа 
жіберу (жұлқып). Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу, 
қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Екі қолды 
кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу. Қолды шынтақтан бүгіп, 
айналмалы қимыл жасау. Орындықтың арқасына, қабырғаға тығыз сүйене 
отырып, қолды екі жақтан жоғары кӛтеру. Таяқты, құрсауды жоғары кӛтеру, 
иықтан кейін түсіру. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау. 
Аяққа арналған жаттығулар 
Аяқтың ұшымен кӛтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға ӛкшемен, сонан 
кейін ұшымен қою, 3 рет тапылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі 
қол белде, екі қолды алдыңғы жақпен екі тұсқа жіберіп, отыру. Бір аяқты 
тізеден бүгу, алдыға жазу, қайтадан бүгу және жерге түсіру. Аяқтың ұшын созу, 
табанды бүгу. Аяқ саусақтарымен арқанды жинау, құм салынған дорбаларды 
бір орыннан екінші орынға қою. Ӛкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың 
ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Тұрған күйі аяқ саусақтарымен 


75 
орамал, тағы басқа ұсақ-түйек заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Аяқ 
ұшын айналдыру. 
Кеудеге арналған жаттығулар 
Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу 
(жұлқып және бір қалыпты).
Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Тұрған күйі екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкею, 
қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу, заттарды қою және кӛтеру. Екі қол белде, 
екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты ӛз айналасында 
домалату. Бір аяқты алға түзулеп кӛтерген күйі астынан затты бір қолдан екінші 
қолға беру. Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары 
кӛтеріп, бүгу және жазу, тӛмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. 
Жүрелеп тұрып, арқаны тӛмен қарай иіп және бүгу, кезекпен түзу аяқты бүге 
және жаза отырып, кӛтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен 
шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы 
иығын, басын, қолдарын алға созып кӛтеру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет