Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет2/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   217
ДШТӘ лекция

 
 
 
ӘОЖ 
КБЖ 
 
ISBN 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
© А. Ж. Сисенбердиева, 2011 ж. 
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2011 ж.
 



 
 
 
 
 
 
 
Алғы сӛз 
Бүгінгі таңдағы ӛзекті мәселелердің бірі - мектепке дейінгі жастағы 
балалардың денсаулығын сақтау, нығайту, интеллектуалдық жеке басының 
дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық кӛңіл күй жағдайын кӛтеруге 
қамқорлық жасау. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі баланың барлық 
жағынан дамуына негіз болатын денсаулығын сақтау, нығайту. 
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында «Мектепке дейінгі 
ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу 
мен оқыту, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап, нығайтуды 
жүзеге асырады», - делінген. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру 
және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасының 5.5.1. - бӛлімінің «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 
балалардың дене тәрбиесін жетілдіру» деп аталуы да мектеп жасына дейінгі 
балалар дене тәрбиесіне Үкіметіміздің зор кӛңіл бӛліп отырғандығының айғағы. 
Жас ӛспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен 
тәрбиелеуді құрсақтағы кезеңнен (мектепке дейінгі ұйымда ерте жастан) 
шақтан бастау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Мектепке дейінгі 
шақта бала ағзасы шапшаң дамиды. Оның жүйке, сүйек-бұлшық ет жүйелері
белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезеңде денсаулық пен 
дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады. Мақсатты дене тәрбиесі 
мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, педагогикалық институттардың «Мектепке дейінгі 
оқыту мен тәрбиелеу» мамандығында оқытылатын «Дене тәрбиесі теориясы 
мен әдістемесі» пәні негізгі оқу пәні болып табылады.
Аталған мамандық үшін ұсынылып отырған «Дене тәрбиесі теориясы мен 
әдістемесі» оқулығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
22.06.2006 жылы Республикалық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
білім жӛніндегі кеңес жиналысының хаттама шешімімен Бекітілген және 
Пайдалануға рұқсат етілген 050101-мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу 
мамандығына арналған типтік оқу бағдарламасына сай жазылған. Оқулық 21 
тақырыптан тұрады. Оқулықтың әрбір тақырыбының мазмұны жоспарға сай 
ашылған. Соңынан тарауға сәйкес сұрақтар мен тапсырмалар, білімдерін 
бақылауға арналған тестілер ұсынылған. Қосымша ретінде дене тәрбиесі 
терминдерінің қысқаша сӛздігі, Қазақстан Республикасы халықының дене 
тәрбиесi даярлығының Президенттiк сынамалары, дене шынықтыру және спорт 
туралы заңдар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет