Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


Егде және кәрі жастағы науқастардағы пневмонияның



Pdf көрінісі
бет10/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

 
Егде және кәрі жастағы науқастардағы пневмонияның 
ағымының және клиникалық белгілерінің ерекшеліктері 
 
Қарт адамдарда пневмония жасырын өтуі мүмкін, қалтырау бол-
майды, аз мөлшерлі қақырықпен жөтел айқын емес, аурудың физи-
калық белгілері өзгермелі болуы мүмкін.
Пневмонияның клиникалық белгілері өкпелік және өкпеден тыс 
симптомдармен сипатталады. 
Өкпелік белгілер. Тәжірибелік дәрігер қарт адамдарда перку-
торлы дыбыстың қатаюы, бронхылық дыбыс, бронхофонияның 
күшеюі, крепитация сияқты пневмонияның классикалық белгілері 
айқын болмауы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін екендігін 
ескеру керек. Қарт адамдарда қосымша аурулардың (жүрек жетіс-
пеушілігі, өкпе ісіктері, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары) 
болуы перкуссиялық және аускультациялық белгілердің барлығы 
пневмонияның бар екекндігін дәлелдемейді, сондықтан дифферен-
циалды диагнозды қиындатады. Пневмония кезіндегі перкуторлы 
тұйықтықты ателектаздан, сырылдары бар бронхылық дыбысты 
пневмосклероздан айыру қиынға түседі. Ұсақ көпіршікті сырылдар 
өкпенің төменгі бөлігіндегі тек пневмония кезінде ғана емес, сонымен 
қатар сол қарыншаның жетіспеушілігі кезінде және қарт адамдардың 
тыныс алу жолдарының ерте жабылу феномені кезінде де естілуі 
мүмкін. Ослер айтқандай, қарт адамдардың пневмониясы кезінде 
өкпелік симптомдардың динамикасын және өзгергіштігін ескеру 


19 
қажет, сол себепті дәрігер науқасқа тәулік бойы бірнеше рет 
физикалық бақылау жүргізу керек.
Қақырықты немесе қақырықсыз жөтел пневмонияның жиі бел-
гісі болып табылады, бірақ жөтел рефлексінің төмендеуі кезінде 
(инсульт, Альцгеймер ауруы) жөтел болмауы мүмкін. Перкуторлық 
дыбыстың қысқаруы көбінесе бөліктік пневмония немесе парапнев-
мониялық плеврит кезінде байқалады. Пневмонияға тән бронхылық 
дыбыс және крепитация сияқты аускультативті феномендер сирек 
байқалады. Аускультативті белгілердің қате диагностикасы қарт 
адамдардың пневмониясының гипердиагностикасының себебі болып 
табылады. Пневмонияға тән белгі – ентігу, қарт адамдардағы пнев-
мония кезінде маңызды белгі болып табылады. Кеуде қуысындағы 
ауырсыну көбінесе плевраның қосылуымен байланысты болады. Қарт 
науқастағы төменгі бөліктік пневмония кезіндегі айқын ауырсыну 
синдромы миокрд инфарктісі немесе құрсақ қуысының жедел 
патологиясы (жедел холецистит, ішек өтімсіздігі, пероративті жара 
және т.б.) сияқты қате тұжырымға әкелуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет