Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж



Pdf көрінісі
бет12/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

Полиморбидтілік. Артериялық гипертензиямен ауыратын қарт 
науқастарда жиі көптеген қосымша аурулар болады, оларды 
антигипертензивті препараттар тағайындағанда ескеру керек. Мы-
салы, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларымен ауыратын 
науқастарға бетта-адреноблокаторлар қолдануға болмайды. Сонымен 
қатар өтпелі ақсақтық және қант диабетімен ауыратын науқастарға 
бетта-адреноблокаторлар қолдануға болмайды. Бронхылық демікпе 
кезінде бетта-адреноблокаторларды қолдануға болмайды, ал аорта 
стенозы кезінде дигидропиридин қатарындағы кальций антагонис-
терін қолдануға болмайды, бүйрек жетіспеушілігінің орташа және 
ауыр ағымында АПФ-ингибиторларын және АТ-ангиотензин рецеп-
торларының блокаторларын қолдануға болмайды. Қарт науқастардың 
қосымша ауруларына байланысты қабылдайтын дәрілік препарат-
тары артериялық гипертензияға қарсы қолданылатын препараттармен 
әсерлесуі теріс болуы мүмкін. Мысалы, остеоартрозға байланысты 
стероидты емес қабынуға қарсы препараттар артериялық гипертензия 
кезінде қолданылатын АПФ-ингибиторларының, диуретиктердің, 
және бетта-адреноблокаторлардың антигипертензивті әсерін төмен-
детеді. 
Клиникалық көріністің ерекшеліктері 
Артериялық гипертензиямен ауыратын қарт адамдардың кли-
никалық көріністері мен ағымында көптеген ерекшеліктер байқа-
лады. 

Қарт адамдарда симптоматикалық артериялық гипертензия жиі 
кездеседі. 

Симптоматикалық артериялық гипертензия коронарлы, милық, 
бүйректік асқынулармен тығыз байланысты. 

Асқынулардың қауіпі диастолалық артериялық қысыммен емес, 
систолалық артериялық қысыммен анықталады. 

Артериялық гипертензия жоғары пульстық қысыммен ерек-
шеленеді, бұл жүрек қан тамыр жүйесі ауруларының асқынуын 
тудыратын факторлардың бірі болып табылады. Фремингем 
зерттеулері бойынша пульстық қысымның 60 мм.с.б. жоғары-


22 
лауы жүрек қан тамырлық асқынуларға және өлімге әкелетін 
қолайсыз фактор болып есептеледі.

Артериялық қысымның жоғарлауы көп жылдар бойы білінбей, 
клиникалық көріністері айқын болмайды, кейде тіпті ешқандай 
шағымдар болмауы да мүмкін. Науқастарда клиникалық мидың, 
жүректің, бүйректің функционалды жетіспеушілігі анықталуы 
мүмкін. Жүрек қан тамырлық асқынулардың (инсульт, инфаркт, 
жүрек жетіспеушілігі) пайда болу қауіпі жоғары болады. 

Қарт науқастарда симптоматикалық артериялық гипертензия 
мен метаболикалық бұзылыстардың (дислипидемия, қант 
диабеті, подагра) бірге жүруі жиі кездеседі. 

САГ кезінде жалпы перифериялық қарсыласудың жоғарылауы-
мен гипокинетикалық типтегі гемодинамика байқалады. 

Көп жағдайда артериялық қысым тұзға сезімтал болып келеді. 

Ортостатикалық гипотензия құлау, бастың жарақаты сияқты 
жағдайларға әкелуі мүмкін. 

Жас адамдарға қарағанда қарт адамдарда симптоматикалық 
артериялық гипертензия жиі кездеседі. 

Қарт науқастар көп жағдайда артериялық қысымды жоғарла-
татын препараттарды немесе емнің эффективтілігін төменде-
тетін препараттарды қабылдауы мүмкін (стероидты емес 
қабынуға қарсы препараттар, т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет