8
Қартаю механизмін жасушалық және молекулалық деңгейде зерт-
тейтін көптеген теориялардың ішінде негізгі екеуі бар.
Біріншісі, жас ұлғая келе спецификалық
белоктардың пайда
болуына әкелетін генетикалық программа және геномның регуля-
циясының бұзылуы нәтижесінде белок биосинтезінің бұзылуы. Адам
ағзасында белоктар ферменттер,
гормондар, рецепторлар, ионды
мембрана каналдары түрінде болады,
соның нәтижесінде өмірлік
процесстерді қамтамасыз етеді. Ал белок синтезіндегі бұзылыстар,
сәйкесінше функцияның бұзылысына әкеледі.
Екіншісі, сыртқы ортаның қолайсыз факторларымен,
бос ради-
калдардың әсерімен, спонтанды мутациямен шақырылатын ДНК мен
РНК деңгейінде генетикалық ақпараттың бұзылуы.
Қартаю процесінің принциптері:
Ауру нәтижесінде емес, қалыпты жасушалық деңгейде прогрес-
сивті нашарлау болады.
Биологиялық және хронологиялық жас арасындағы айырмашы-
лық жыл өткен сайын жоғарлайды.
Қалыпты жастық өзгерістер ағзаның резервті қабілетін, резервті
көлемін азайтады.
Көптеген қоршаған орта факторлары қартаю жылдамдығын
өзгертпейді, бірақ ауруларға деген сезімталдыққа әсер етеді.
Қартаю процесі қоршаған
ортаның зақымдаушы факторларын,
ауру, психоэмоциалды фактрларды нығайтады.
Көптеген лабораторлы белгілер жас ұлғая келе өзгеріске ұшыра-
майды.
Достарыңызбен бөлісу: