Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж



Pdf көрінісі
бет4/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

КІРІСПЕ 
 
Соңғы он жылда экономикасы жақсы дамыған елдерде егде 
және кәрі жастағы адамдар санының өсуі байқалады. Бұл көптеген 
факторлармен байланысты: өмір сүру шарттарының жақсаруы, 
денсаулық сақтау және медицина ғылымының алға тартуы болып 
табылады. Сондықтан соңғы кезде геронтология мен гериатрияға 
деген қызығушылық артып келеді. Бұл сала кәрілік процесті, егде 
жаста пайда болатын ауруладың пайда болу ерекшеліктерін, ағымын, 
алдын алу және емін қарастырады. Көптеген аурулар адамның жасы 
ұлғая келе ағымы ауыр өтеді және олардан өлімділік жоғары болады. 
Халықтың қартаю мәселелері барлық елдердің экономикалық және 
әлеуметтік жағдайларына әсер етеді. Геронтология жанұялық ме-
дицина саласының ажырамас бір бөлігі болып табылады және оның 
маңызы жыл сайын артып келеді. Жанұялық дәрігер әрбір жанұяның 
денсаулығына қамқор бола отырып, жасына, жынысына қарамастан, 
жанұяның әрір мүшесіне медициналық көмек көрсетуі керек.
Егде және кәрі жастағы адамдарға медико-әлеуметтік көмектің 
мәселелері маңызды. Пенсияға шығатын уақытта егде адамдар 
психикалық қолдауға мұқтаж болады. Жанұялық дәрігер науқастағы 
ауруларды диагностикалауды, емдеуді, кеңес алуға жолдама беруді,
мәселен зәр ұстай алмайтын науқастар (урологиялық мәселе), 
деменция және паркинсонизм (неврологиялық мәселе), жүректің 
коронарлы ауруы (терапиялық мәселе), басқа да жиі кездесетін мәсе-
лелерді шеше білу керек. Жанұялық дәрігер егде және кәрі жастағы 
адамдардың ағзаларының морфо-функционалдық ерекшеліктерін, 
ауруларының клиникалық ағымының ерекшеліктерін, негізгі фармо-
кологиялық өзгерістерін білу керек, биологиялық, психологиялық, 
әлеуметтік тұрғыдан геронтологиялық науқастың ыңғайын таба білу 
керек. ООН мәліметтері бойынша 2025 жылға дейін 60 жастан асқан 
адамдар саны 1 млрд. 100 млн-ға жетеді. 2025 жылға дейін 60-69 жас 
аралығындағы 100 әйел адамға 78 ер адамнан келеді, ал 80 жастан асқан 
адамдар арасында 100 әйел адамға 53 ер адамнан келеді. Соңғы 
жүргізілген зерттеулер бойынша әлемде кәрі адамдардың саны (75-80) 
жыл сайын 2,4 %-ға өседі. Сондықтан геронтология және гериатрия 
мәселесінің маңызы ұлғая береді.



60 жастан бір науқаста төрт-бес ауру табылады деп есептеледі, 
сондықтан бұндай науқастың дәрілерді қолдануы жоғарлай түседі.
Бірақ егде жастағы адамда препараттардың фармакодинамикалық және 
фармакокинетикалық әсері өзгереді және жиі дәрілерге деген кері әсер 
пайда болады. Дәрігердің осы мәселелерді ескермеуі науқастың жағ-
дайының ауырлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан, әрбір дәрігер егде 
және кәрі жастағы адам ағзасының ерекшелігін, аурудың пайда болу 
ерекшеліктерін, ағымын, қолданылатын дәрілердің мөлшері мен олар-
дың кері әсерін ескеру керек. Халықтың қарқынды қартаю мәселесіне 
байланысты әр түрлі саладағы дәрігерлердің гериатрия негіздерін мең-
геру маңызды болып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет