13
Сүйек-
бұлшықет
жүйесі
↓ бұлшықеттік дене
салмағы, ↑
бұлшықеттегі
майдың көлемі, ↓
бұлшықеттегі
капиллярлар мен
нейрондар, ↑
липофусциннің
жиналуы, ↓ сүйек
тығыздығы,
әйелдерде ерлерге
қарағанда жиі, ↓
шеміршек
қалыңдығы
(омыртқа аралық
дискілердің және
буын шеміршегінің
дегидратациясы), ↓,
кифоз, ↓ трабекул
және протеинды
матрица, ↓ сүйектік
масса 40 жастан
кейін, әйелдерде
25% ( менопаузадан
кейін) және ерлерде
12%
Остеопения, ↓ сілтілі
фосфатаза 20%.
Сүйек-бұлшықеттік
өзгерістерге
қоршаған орта және
диетаға кальцийдің
қосылуы әсер етеді.
↓ функциялар
Сан сүйегінің
сынығы,
остеоартрит,
кифоз
Жүйке жүйесі Мидың атрофиясы -
↓ мидың салмағы
7% 80 жасқа та-
ман, ↓ 20% ОНЖ-
нің қанмен
қамтамасыз етілуі
70 жасқа таман. ↓
дендриттермен
байланыс. ↓ 15%
жүйке бойынша
импульс өту
жылдамдығы ↓
моторлы және
сенсорлы бел-
сенділік, ↓
мидың
катехоламиндерінің
синтезі, ↓ мидың
Жеңіл кәрілік ұмыт-
шақтық, жүрістің
ебедейсіздігі,
шайқалу. Ерте ояну,
ұйқысыздық,
↓бұлшықет тонусы,
↓ проприорецепция
Деменция,
Делирий,
Паркинсона
ауруы. Түңгі
апноэ
14
допаминдерінің
синтезі, ↓
рефлекстер, ↓
ұйқының 4 сатысы
Иіс сезу және
дәм сезу
ағзалары.
↓ дәм сезу, ↓
сезімталдық, ↓дәм
сезу, ↓ саливация, ↓
шөлдеу сезімі, ↓
cуыққа, қысымға
сезімталдық
Дегидратация қауіпі
Ескерту :
↑ – жоғарлау; ↓ – төмендеу
ЕГДЕ ЖӘНЕ ҚАРТ ЖАСТАҒЫ ПНЕВМОНИЯ
100 жыл бұрын атақты америкалық дәрігер Уильям Ослер пнев-
мония кәрі адамдардың досы деп айтқан. Сол кезден бері пневмония
гериатриядағы басты клиникалық мәселелердің бірі болып отыр.
АҚШ-та жыл сайын кәрілердің арасында пневмониямен ауы-
ратындар үй жағдайында 1000-адамға шаққанда 20-40, гериатриялық
мекемелерде тұратындар арасында 1000 – адамға шаққанда 60-115,
аурухана ішілік пневмония 1000 – адамға шаққанда 250 болып
табылады. Егде және кәрілер арасында нозокомиальды инфекцияның
ішінде зәр шығару жолдарынан кейін екінші орында нозокомиальды
пневмония тұр. Пневмония салдарынан болатын өлімділік басқа
жастарға қарағанда 60 жастан асқандар арасында 10
есе жиі кез-
деседі. Көптеген мемлекеттерде 65 жастан асқан науқастар арасында
пневмония төртінші орында тұр. Уақытында диагностика жүргізіп,
дұрыс емдеу қарт адамдарды курациялайтын әртүрлі саладағы
дәрігерлер үшін маңызды (хирургтар, невролог және психиатрлар,
онкологтар, инфекционисттер және т.б.), өйткені қарт науқастарда
пневмония басқа қосымша аурулармен бірге жүруі мүмкін. Сонымен
қатар, қарттардағы пневмония мәселесі медико-әлеуметтік, деонто-
логиялық, экономикалық аспектілерді қамтамасыз етеді. Полик-
линикалық емдеу жүргізу кезінде емге,
тамақтануға қосымша
қаражат керек, туысқандар арасында белсенді көмек және күтім
қажет болады.
15
Қарттарда пневмонияның пайда болуына әкелетін негізгі
патогенетикалық факторлар
Жас ұлғая келе бронх-өкпе жүйесі әр түрлі морфологиялық
функционалды өзгерістерге ұшырап, «сенильді өкпе» терминімен
топтастырылады.
«Сенильді өкпе» термині егде және кәрі жастағы адамдарда
пайда болатын бронх-өкпе жүйесінің функционалды және құрылым-
дық өзгерісстерінің комплексі дегенді білдіреді. Кейбір өзгерістерді
ерекше атап өткен жөн. Жас ұлғая келе кірпікшелі жасушалардың
санының азаюына байланысты және басқа факторлардың әсерінен
(шылым шегу, өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының болуы,
медикаментозды әсерлер, қолайсыз экологиялық жағдай) мукоци-
лиарлы
клиренстің бұзылуына әкеліп, нәтижесінде бронхылық ағаш
дұрыс тазартылмайды және респираторлы жолдың шырыштарында
микробтартардың саны артады. Шылым шегу, ӨОСА салдарынан
өкпе тінінде эластикалық талшықтар саны азайып, альвеолалардағы
қалдық ауа көлемі ұлғаяды, диффузды қабілеттілік төмендейді.
Жоғары репродукцияланған шырышты
жасушалар санының өсуі
және кірпікшелі жасушалардың азаюы бронхылық секреттің қолай-
сыз реологиялық қабілеттердің пайда болуына және мукоцилиаррлы
клиренстің бұзылуына әкеледі. Сурфактант (фосфолипидтерден
тұратын беткей-белсенді зат) белсенділігінің төмендеуі микроателек-
таздарға бейімділікті жоғарлатады. Қарт адамдарда альвеолярлы
макрофагтар және нейтроилдердің фагоцитарлы белсенділігінің
төмендеуі микробты флораның белсенділігіне және инекциялық
қабынудың пайда болуына әкеледі, сонымен қатар пневмонияның
жазылуын баяулатады. Қарт адамдарда гипоксия және гиперкапнияға
физиологиялық жауаптың төмендеуі пневмонияның ауыр ағымына
әкелетін
факторлардың бірі, сонымен қатар өкпе, қан тамыр жүйесі
және қан ұю жүйесі жағынан компенсаторлы механизмнің бұзылуы
нәтижесінде жедел тыныс жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.
Иммунодефицитті жағдайлар. Қарт адамдарда гуморальды және
жасушалық иммунитет жүйесінің бұзылуы респираторлы жолды
қамтып, бронх-өкпелік инфекцияның түзілуіне, соның ішінде
пневмонияның пайда болуына әкеледі. Көбінесе Т-жасушалық им-
мунитетте бұзылыстар пайда болады: тиминдік гормондардың секре-
16
циясының төмендеуі, әр түрлі митогендерге лимфоциттердің реак-
циясы
төмендейді, нейтрофилдердің фагоцитарлы белсенділігі
төмендейді. Егде және қарт адамдардығы иммунодефицитті жағдай-
лар тек қана жасқа байланысты емес, сонымен қатар ауруларға
байланысты (қант диабеті, лимфопролиферативті және басқа да
ісіктер, алкоголизм, бауыр циррозы, алиментарлы жетіспеушілік,
операциядан
кейінгі жағдайлар, медикаментозды терапияның үлкен
мөлшері).
Достарыңызбен бөлісу: