Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


Қосарланған (фонды) патология



Pdf көрінісі
бет9/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

Қосарланған (фонды) патология. Егде және кәрі жастағы 
науқастардың ерекшелігі екі немесе одан көп аурудың болуы 
(мулътиморбидностъ), осының нәтижесінде белгілі бір ситуацияда 
пневмонияның пайда болуына әкеледі. Егде және кәрі жастағы 
науқастардың 80-90 %-да көбінесе ЖИА-дан кейінгі жүрек жетіс-
пеушілігі, өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, неврологиялық 
қан тамырлақ аурулар, соның ішінде ми қан айналымының жедел 
бұзылыстары және салдары, бас миының атрофиялық аурулары 
(альцгеймер типі бойынша деменция), қант диабеті, созылмалы 
бүйрек жетіспеушілігі, бауыр аурулары, созылмалы алкоголизм, 
ісіктер. Өкпенің созылмалы обструктивті аурулары, әсіресе темекі 
шегетіндерде мукоцилиарлы клиренстің бұзылуына әкеледі, тыныс 
алу жолдарының шырыштарының колонизациялық резистенттілігін 
төмендетеді. Сонымен қатар, өкпенің созылмалы обструктивті 
аурулары салдарынан өкпенің басқа да қорғаныс заттары төмендейді 
(Ig A6 Ig M, лизоцим, интерферон дефициті, альвеолярлы макро-
фагтардың белсенділігінің төмендеуі, нейтрофилдердің төмендеуі). 
Жүрек жетіспеушілігі, өкпедегі іркілістік өзгерістермен (интер-
стициалды өкпе ісінуі), әсіресе терапиялық қадағалау жетіспеушілі-
гінде өкпенің қабынуы жиі пайда болады (гемодинамика, микро-
циркуляцияның бұзылуы). 
Ми қан айналымының жедел бұзылыстары, сонымен қатар, 
орталық нерв жүйесінің дегенеративті бұзылыстары қан тамырлық 
созылмалы аурулар ауыз-жұтқыншақ микрофлорасының аспирация-
сына және аспирациялық пневмонияның пайда болуына әкеледі. 
Аспирация қауіпі созылмалы алкоголизмде, жоғары өңеш сфинкте-
рінің функциясының, бұзылуымен кардия жетіспеушілігі кезінде, 
назогастральды зонд болғанда жоғарылайды. 


17 
Қант диабеті, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі (көбінесе неф-
роангиосклероз фонында және созылмалы пиелонефриттен кейін), 
бауырдың диффузды аурулары сияқты аурулар иммунодефициттік 
жағдайларға әкеледі, өкпе тінінде микроциркуляторлы бұзылыстарды 
туғызады. 
Ісік аурулары, оның ішінде қарт адамдар арасында жиі кездесетін 
лимфопролиферативті ісіктер, созылмалы лимфолейкоз, миеломды 
аурулар иммунокомпитентті жүйенің ісіктері болып табылғандықтан, 
маңызды клиникалық ерекшеліктерінің бірі – әр түрлі инфекцияның 
пайда болуына, әсіресе пнвмонияның пайда болуына беймділік 
жоғары болады. Бұл нацқастардың пневмониясының патогенезінде 
иммунодефицитпен бірге өкпе тінінің лимфоидты инфильтрация, 
бронхопульмоналды лимфа түйіндерінің ұлғаюы микроателектаз-
дарға әкелетін бронх өтімділікті бұзады. Созылмалы лимфолей-
коздың және миеломды аурудың алғаш клиникасы болып пневмония 
болу мүмкін, ауыр ағыммымен сипатталады және жиі өлімге әкелетін 
себептердің бірі болып табылады. Өкпенің ісігі кезінде де қарт 
адамдарда жиі пневмония пайда болады. Бұл кезде пневмония 
өкпенің гиповентиляциялық сегменттерінде немесе ісік ошағының 
перифериясында пайда болады (параканкрозды пневмония).
Егде және кәрі жастағы адамдарда кез-келген себептерден пайда 
болған (қозғалыс аппаратының аурулары, жарақаттық зақымданулар, 
ми қан айналымының бұзылысы салдарынан, паркинсонизм, көрудің 
бұзылуы және т.б.) физикалық белсенділіктің төмендеуі де пневмо-
нияға әкелуі мүмкін. Мұның себебі вентиляцияның бұзылысы, 
ателектаздарға бейімділік, өкпенің іркілісі. 
Ұзақ және көп препараттармен жүргізілетін терапия (мәжбүрлі 
полипрагмазия) пневмонияның пайда болуына әкелетін әр түрлі 
бұзылыстарды туғызады, оның ішінде мукоцилиарлы клиренстің 
бұзылуы (бета-блокаторлар, м-холинолитиктер, антидепрессанттар), 
альвеолярлық нейтрофилдердің және макрофагтардың фагоцитарлы 
белсенділігінің төмендеуі, Т-жасушалық және гуморалды иммунитет 
белсенділігінің төмендеуі (глюкокортикоидтар, цитостатиктер, кейбір 
антимикробнты препараттар), грам теріс микро организмдермен 
респираторлы шырыштардың колонизациясы (Н2-блокаторлар, анти-
биотиктер), ауыз-жұтқыншақ микрофлорасының аспирациясы (седа-
тивті дәрілер). 


18 
Қарт адамдарды госпитализациялау интернатқа жатқызу нозоко-
миальды ауруларға, соның ішінде пневмонияға әкелу факторларының 
бірі болып табылады. Аурухана ішілік пневмония нозокомиальды 
аурулардың бірі болып саналады. Қарт адамдардың стационарда 
интернатта болуы тыныс алу жолдарының микробты колониза-
циясына әкеледі. Респираторлы шырыштың грам теріс лорамен 
колонизациялануы үй жағдайында 6-9 % болса, интернаттағы қарт 
адамдар арасында 22 %-ға дейін өседі, стационарда 40 % болады. 
Интернат немесе стационарда пайда болған вирустық инфекциялар 
(тұмау вирусы, респираторлы-синцитициялық вирус) шырыштың 
пневмококктармен және гемофильді таяқшалармен колонизация-
лануы пневмонияға әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет