Тақырып: Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.1.6 жай бөлшектерді оқып, жазу; көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
|
Жай бөлшектерді оқу және жазу
|
Бірқатар оқушылар үшін:
|
Көрнекіліктерді пайдалана отырып, бірдей мәнділігі бар бөлшектерді салыстыру
|
Кейбір оқушылар үшін:
|
Көрнекіліктерді пайдалана отырып, мәні бірдей бөлшектерді салыстыру.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Бөлшектердің жасалуын түсіндіру, жай бөлшектердің жасалуын жазу.
Пәндік лексика және терминология:
Бөлшек, алымы, бөлімі
|
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
|
Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?
Бөлшектің алымы нені көрсетеді?
Қай бөлшек үлкен: 1/6 немесе 2/6?
Бөлшектерді өсу тәртібі бойынша орналастырыңдар.
|
Жазу:
|
Бөлшектерді өсу (кему) тәртібі бойынша жазыңдар.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Үлес туралы түсінік.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
0–3
|
Ынталандыру.
Көбі математика ілімі тек сабақта ғана қажет деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Біз математика ілімінің күнделікті өмірде қалай іске асатынын білетін боламыз.
|
|
4–6
|
Өзектендіру.
Мұғалім оқушылармен бірге алдыңғы сабақта өткен мәліметтерді еске түсіреді. Тақтада немесе жинақ полотносында сурет берілген.
– Бірінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген?
–1/2 бөлігін қалай шығардың?
Екінші дөңгелек неше тең бөлікке бөлінген? 1/4 бөлігін көрсетіңдер. Қалай жазасыңдар? 1/4 бөлігін қалай шығардыңдар? Бүтін шеңберде неше ширек бөлік бар?
|
Тақта, жинақ полотносы, үлестірілетін материал.
|
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Ал егер бірнеше бөлікті алса, оны қалай атап, жазуға болады?
Бұл сабақта біз нені үйренеміз?
|
|
12–29
|
Жаңаны ашу.
№1 тапсырмаға арналған суретті қараңыз. Алдыңызда тұрған күнтізбе. Ол неше бөлікке бөлінген? (12-ге).
Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір).
– Бір ай бір жылдың нешеден бір бөлігі? 1/12.
– Көктем айлары қандай бөлікті құрайды?
Математикада бұны былай жазуға болады:3/12. Мұғалім жазбаны торкөзде көрсетеді.
Бұл жазбаны бөлшек деп атайды. Сызықтың астындағы сан – бөлімі. Ол неше бөлікке бөлінгенін көрсетеді. Сызықтың үстіндегі сан – алымы. Осындай қанша бөлікті алғанын көрсетеді.
1 (ә) суретін қараңыздар. Аптаның бір күні қандай бөлікті құрайды? 2 күн ше? 1/7, 2/7. Әрі қарай мұғалім аптаның күндерін, демалыс күндерді бөлшекпен атауды және жазуларын сұрайды.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Жұппен орындалатын тәжірибелік жұмыс. Мұғалім балаларға қағаз таратады. Қағазды екіге бүктеңіз, содан кейін тағы бір бүктеңіз. Кесіндіні қайта ашыңыз. Кесіндіні неше тең бөлікке бөлдік?
4 тең бөлікке бөлінді. 2-ші бөлігін бояңыз, бөлшекті атаңыз, 3-ші бөлігін бояңыз – бөлшекті атаңыз.
Қай бөлік үлкен?
Балалар Ресурстартынды жасайды: Бөлімі бірдей екі бөлшектің қайсысының алымы үлкен болса, сол бөлшек үлкен болады.
Әрі қарай балалар №2 мен 3-тапсырманы ауызша орындайды.
Өзіндік жұмыс.
№4 тапсырманы балалар өз беттерімен орындап, тексереді.
|
Кесінді қағаздар, қарындаштар, оқулық, дәптер.
|
30–40
|
Жаңаны қолдану.
№ 5 тапсырманы балалар өз беттерімен орындап, тексереді. Содан кейін мұғалім дәптердегі қалыптастырушы бағалауы бар тапсырманы орындауды тапсырады.
Мен:
– суреттен бөлшекті көрсете аламын;
– бөлшектерді жазамын;
– бөлшектерді салыстырамын.
|