Е. дробязко: 12 маусым мен 26 маусым



бет3/3
Дата18.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#145499
1   2   3

Б.БЕКНАЗАРОВ: - Сот шешімін жою немесе өзгерту негіздері азаматтық іс жүргізу кодексінде реттелген. Атап айтқанда, бірінші сатыдағы соттың шешімінде, дұрыс емес ұйғарым және іс үшін маңызды мән-жайлар аясы айқындалған жағдайда; іс үшін маңызды мән-жайлар, бірінші сатыдағы сотпен белгіленіп дәлелденбегендіктер апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібінде қайта қарала алады; істің жағдайы бойынша, шешімде баяндалған, бірінші сатыдағы сот қорытындыларының сәйкессіздігі; материалдық немесе процессуалдық құқық нормаларын бұзу немесе қате қолдану; Бірінші сатыдағы соттың шешімімен келіспеген жағдайда Сіз оған апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау тәртібімен шағым бере аласыз.

Статистикалық деректер бойынша 2013 жылғы 5 ай ішінде аймақ тұрғысынан азаматтық істер бойынша Жоғарғы Сот қадағалау тәртібінде 131 апелляциялық және 142 кассациялық қаулыны бұзды. Белгіленген апелляциялық және кассациялық қаулылар санынан, жалпы алғанда республика бойынша қадағалау тәртібінде бірінші сатыдағы соттардың азаматтық істері бойынша 27 бұзылған қаулы қалпына келтірілді, бұл тек бірінші сатыдағы ғана емес апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттардың сот актілерін қайтадан қараудың қолданыстағы процессуалдық тәртібінің тиімділігін дәлелдеп отыр.

Судьядан бас тарту негіздері, толық болып табылатын АІЖК-нің 40-бабымен көзделген. Бас тарту туралы өтініштер және олардың шешілу тәртібі АІЖК-нің 42-бабымен реттелген. Сонымен қатар іс жүргізуге қатысатын тұлға тарапынан судьядан бас тарту туралы өтініші, судьяның әділдігіне келтірген күмәнін дәлелдейтін фактілерді келтірумен бірге уәжделген болу керек. Судьядан бас тарту мәселесі соттың ұйғарымы арқылы шешіледі. Бас тартуды қабыл алмау немесе қанағаттандыру туралы ұйғарымға, шағым беруге немесе наразылық келтіруге болмайды. Алайда, соттың ұйғарымымен келіспеушілік туралы дәлелдерді, наразылықтарды, апелляциялық, кассациялық шағым немесе сот кадағалау тәртібінде сот актісін қайтадан қарау туралы өтініштерге қосуға болады.

Сотта істі қарау кезінде судья әдепсіз мінез-құлық көрсеткен жағдайда Сіз, облыстық соттың судья әдебі жөніндегі комиссиясына жүгінуге құқылысыз. Адвокаттың құқықтық соның ішінде тегін көмегі жөнінде, Сіздерге заңгерлік кеңеске жүгіну қажет.


Е.ДРОБЯЗКО: - «Сот, пәтерден азаматша "А"-ны (анасын), сонымен қатар дәл осы пәтерде тұратын, кәмелетке толмаған "Б"-ны (ұлын), ешнәрсе ескертпестен шығару туралы шешім қабылдаған». Осыған орай, орындау парағында шығарылатын тұлға ретінде тек қана "А" ескертілген. Осындай жағдайда, сот орындаушысы ананы пәтерден шығаруы мүмкін бе? Азаматша "А"-ны шығару жөніндегі шешім, сонымен қатар оны орындау бөлігі бойынша қай сот немесе орган мәлімдеме бере алады?» - деп заңгер В.Шуптар сұрақ қояды.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Сот істі АІЖК-нің 219-бабының 1-бөлігіне қарап, талапкердің арыз жасаған талаптары көлемінде шешеді.

Мырза Шуптар сіз, АІЖК-нің 240-5-бабына сәйкес сот орындаушының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) сот тәртібінде шағым бере аласыз. Сонымен қатар АІЖК-нің 232-бабына сәйкес, сот шешімінің анық емес жағдайында, іс бойынша тараптар және сот орындаушысы, сот шешімін түсіндіру туралы өтінішпен істі қараған сотқа жүгіне алады.


Е.ДРОБЯЗКО: - «Істерді қарау кестесін көру, сот құрамын (ең болмаса судьялардың аты-жөнін білу үшін), байланыс ақпарат және тағы басқаларын көріп білу үшін Қазақстан соттарының өз сайттары қашан болады? Әскери сот, Алматы қаласының әкімшілік соты, Алматы қаласы бойынша қылмыстық істер жөніндегі соты, аудандық соттардың сайттары жоқ. Алматы қалалық сотында бар, бірақ ол жерде аудандық соттардың мекенжайлары мен телефондары туралы ақпарат жоқ?- деп КазТАГ тілшісі М.Алимханова сұрайды.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Мадина!

Сіздің сұрағыңыз өте маңызды және Жоғарғы Соттың жергілікті соттарды ғаламтор-ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар қабылдап жатқанын атап айтқым келеді. Республиканың сот жүйесі 378 жергілікті соттан құрылады, бүгінде олардың 341-інің өзінің ғаламтор-ресурстары бар. Қазіргі уақытта олар қалған соттарды қаматамасыз ету шараларын жүзеге асырып жатыр. Жолданымда белгіленген ескертулер мен ұсыныстар, оларды кейіннен жою үшін облыстық және оған теңестірілген соттардың Кеңсе басшыларына жеткізіледі.


Е.ДРОБЯЗКО: - Динара Күлшікова: Заң бұзушымен астыртын сөз байласқан күйде, олардың мүдделерін ашық лоббилендіріп, шешімдерді тапсырыспен шығарған судьяларға қандай жауапкершілік бар? Судьяның әрекеттеріне ресми түрде қалай шағым беруге болады? Міндетті түрде қаржы полициясы органдарына шағым беру керек пе? - деген сұрақтар қояды.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Динара!

Сіздің сұрақтарыңызда қай судьялар заңсыз шешімдер қабылдағаны айқындалған жоқ. Мұндай әрекеттердің жауапкершілігі қолданыстағы заңмен қарастырылған.

Судьялардың әрекеттерімен келіспеген жағдайда, Сіз Судьялар одағы филиалының Судьялар әдебі комиссиясына немесе Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриі қызметін қамтамасыз ету бөліміне жүгінуге құқылысыз. Шығарылған сот актісімен келіспеген жағдайда, сіз оған заңмен белгіленген тәртіпте шағым бере аласыз.

Қаржы полициясына жүгіну сіздің құқығыңыз болып табылады.


Е.ДРОБЯЗКО: - Қарағандыдан Акулова Татьяна Никитична жазған: «26 сәуір 2013 жылы Жоғарғы Сот, менің Қарағанды облысы судьяларының әрекеттеріне қайтадан берген шағымымды, 2013 жылдың 8 мамырында маған жауап қайтарған, Қарағанды облыстық сотына жіберді. Жауап істің мәніне сәйкес берілмеген – менің арызымда басқасы белгіленген бола тұра, маған менің қалайша сот актілеріне шағым бере алатыным түсіндірілді – Сағиев пен Ерімбетов судьялардың заң бұзушылықтарын, атап айтқанда, Сағиев ұйғарымда өтініш болған жоқ деп жазып, мені лауазымды тұлғаға шағым беру құқығымнан айырып, істі кейінге қалдырған жоқ. Ерімбетов сотқа куәгердің тілхатын бермеген, яғни заңсыз жолмен табылған, куәгер Бисаеваның берген жауабын негізге алған.
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Құрметті Татьяна Никитична!

Сіздің өтінішіңіздің мазмұны судьялардың әрекеттеріне шағым беруіңіз, жалпылай алғанда Сіз, судьялардың қабылдаған актілерімен келіспеуіңіз болса керек. Бірақ, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңның 3-бабы 2-тармағының талабына сәйкес, олар судьяның әрекеттеріне шағым берудің тәртібінде қаралатын зат болып табыла алмайды. Жоғарғы Сот, ең жоғары сот орган бола отырып, төмендегі сатылармен процессуалдық негізде бірлесіп әрекет қылады және сотта істің қаралу шеңберінен тыс қабылданған сот актілерінің дәлелділігіне немесе заңдылығына баға бере алмайды. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 12-бабымен, облыстық соттардың әділ сот төрелігін атқарудағы заңдылықты сақтау мәселелерін облыстық сот қарайды. Сіз өз өтініштеріңізде Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотында Е.Мұхамедин, Қарағанды қаласының мамандырылған ауданаралық сотында А.Сағиев, облыстық сотында Т.Ерімбетов секілді судьялардың заңнан тыс әрекеттерін жазып көрсеткен шағымдарыңыз ескеріліп, Қарағанды облыстық сотына жолданды.

2013 жылғы 23 ақпанда Сізге қатысты ӘБтК-нің 330-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жазылғаны анықталды.

2013 жылғы 11 наурызда әкімшілік істі қарау барысында Сіздің атыңыздан жазбаша түрде үш өтініш келіп түсті, сот қараған және қанағаттандырусыз қалдырған. Бірақ, қаулы жазған кезде, А.Сағиев жаңылысып ол туралы белгілеп жазған жоқ, осыған орай, 2013 жылғы 19 наурызда, осы жаңылыс әрекетті саралаудың өзгеруіне және әкімшілік шараға әсері тимеген соң, сот қаулысына түзетулерді енгізу туралы қосалқы ұйғарым шығарды. Материалдық заң мен дәлелдемелерді бағалау нормаларын дұрыс қолданылуын, істі жоғары тұратын сатыда қарау шеңберінде ғана, қолданыстағы заңнаманың нормаларымен көзделген тәртіпте тексеруге болады.

2013 жылғы 3 сәуірде Сіздің шағымыңыз бойынша жоғарыда белгіленген қаулыға, әкімшілік іс, 2013 жылғы 11 наурызда Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысын өзгеріссіз қалдырған, азаматтық істер мен әкімшілік істер жөніндегі Қарағанды облыстық сотының сот алқасы қараған.

Сіздің, қабылданған сот актілерімен келіспейтін жағдайда, Бас прокуратураға жолданымда белгіленген дәлелдерді келтіре отырып, шағамды енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқығыңыз бар.


Е.ДРОБЯЗКО: - Бектас Әбдіханұлы, қорытындыда сіздің жеке өміріңізге қатысты, біздің ғаламтор-қолданушымыз қызығушылық білдіретін бірнеше сұрақ бар. Астана қаласынан салық органының қызметкері Асқар Шұбаев сұрақ қояды: «Сіз сияқты жоғары мансаптарға жету үшін амбициялы және мақсатқа ұмтылған жас адамның ұстанымы қандай болуы тиіс? Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Өзімнің балаларым мен немерелеріме, өмірдегі қандай да бір жағдайда адамгершілік бейне қағидаттарын сақтау, біздің – ата аналардың – неге үйреткенін ұмытпау, өз отаныңды сүю, адал болу, қарттарға құрмет көрсету, адамдарға жақсылық жасау және парасатты болу қажеттілігі туралы үнемі қайталап айтуға шаршамаймын. Ең бастысы осылар, барлық қайраткерліктің негізі.

Құрметті Асқар, ешбір күмәнсіз, өмір бойы жалпы ережелерді - оқу және еңбек ету, өз біліміңді жаңартып тұру қажет, жұмыс – бұл табыстың міндетті, құрамдас бөлігі болып табылады.

Мүмкін ерекше болмайтын шығармын, бірақ менің бүгінгідей болуым – сөзсіз ата-анамның арқасы. Олар менің бойыма білімге, еңбекке, әділеттікке, адалдыққа, ақыры тәртіпке деген құштарлықты сіңірді.

Бос уақытым өте аз болады, бірақ егер үнемдеп алуға мүмкіндік туса бос уақытымда - велосипед тебуді, киноға баруды, классиканы оқуды ұнатамын.


Е.ДРОБЯЗКО: - Өз Арманыңызды жүзеге асыра алдыңыз ба?
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Мен өзімді бақытты адаммын деп сезінемін: еліме, отаныма қызмет етуге толығымен берілемін, балаларым аман, немерелер өсіп жатыр.
Е.ДРОБЯЗКО: - Көп-көп рахмет сізге, Бектас Әбдіханұлы!
Б.БЕКНАЗАРОВ: - Ғаламтор-конференциясына қатысушыларға тағы да алғыс айтқым келеді. Осындай кездесулер дәстүрге айналар деп ойлаймын. Рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет