Ә. Көмекбаев Б. Абдрасилов 2013 ж. 2013 ж



Дата07.07.2016
өлшемі121.19 Kb.
#183225
«КЕЛІСІЛГЕН» «БЕКІТЕМІН»

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері Президентінің жанындағы

агенттігі төрағасының Мемлекеттік басқару

орынбасары академиясының ректоры
_____________ Ә. Көмекбаев _____________ Б. Абдрасилов

«____» ______________ 2013 ж. «____» _______________ 2013 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясында

мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарының

2013–2014 оқу жылының

бірінші жартыжылдығына арналған

ЖОСПАР - КЕСТЕСІ
(2013 жылғы қыркүйек – желтоқсан)

Астана - 2013

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының

2013–2014 оқу жылының бірінші жартыжылдығына арналған

ЖОСПАР – КЕСТЕСІ

Басшылық лауазымға тағайындалған

әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге арналған курстар


Лек



Лек

Өткізу мерзімдері

2

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту

16 қыркүйек – 4 қазан

4

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту

21 қазан – 8 қараша

6

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқаруды жаңғырту

4-22 қараша



Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған

әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге арналған курстар


Лек



Лек

Өткізу мерзімдері

1

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары мен даму келешегі

23 қыркүйек – 18 қазан

3

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары мен даму келешегі

7 қазан – 1 қараша

5

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: негіздері, қағидаттары мен даму келешегі

11 қараша – 6 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Академия) мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау күндізгі оқу нысаны бойынша қысқа мерзімді білім бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Қайта даярлау курстарының оқу бағдарламалары екі деңгейге бөлінген:

басшылық лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілерге арналған курстар (1-деңгей);

– мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған тұлғаларға арналған курстар (2-деңгей).

Қысқа мерзімді қайта даярлау курстарының білім бағдарламалары:

– басшылық лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің В-1 – В-3; С-1 – С-3; С-О-1 – С-О-4; С-R-1 – C-R-3; D-1 – D-3; D-O-1 – D-O-3; E-1 – Е-3 санат топтары үшін;

– мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілердің В-4–В-5; С-4–С-5; С-О-5 –С-О-6; С-R-4–C-R-5; D-4–D-5; D-O-4–D-O-6; E-4–E-5 санат топтары үшін арналған.

Оқу үрдісі мемлекеттік қызметтен қол үзумен күндізгі нысан бойынша жүргізіледі. Оқу басталар алдында құзыреттілігін айқындау және олардың одан әрі дамуы үшін ұсыныстар жасау мақсатында мемлекеттік қызметшілерге жеке психометрикалық диагностика жүргізіледі.

Курстар аяқталған соң қайта даярлау курстарын бітіргені туралы қосымшасы бар куәлік беріледі. Қосымшада оқылған оқу модульдері бойынша бағалары, сондай-ақ жобалық жұмысқа бағасы көрсетіледі.

Қайта даярлау курстарының толық көлемін меңгермеген немесе мемлекеттік органның басшысы кері шақыртып алынған тұлғаларға қайта даярлау курстарын бітіргені туралы құжат берілмейді.
Басшылық лауазымына тағайындалған

әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді

қайта даярлау курстары
Басшылық лауазымға тағайындалғандарға арналған білім бағдарламасы басқарушылық, кәсіби және тұлғалық құзыреттілікті дамытуға бағытталған. Білім бағдарламасы келесі оқу модульдерінен тұрады:

– Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметті жаңғырту;

– Қазақстан Республикасындағы саяси және әлеуметтік жаңғырту;

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-экономикалық құзыреттерін дамыту;

– Мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық және басқарушылық құзыреттерін дамыту;

– Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты;

– «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

Оқу модульдерінің мазмұны 6 академиялық сағаттан 10 академиялық сағаттық көлемдегі оқу пәндері ашады.

Оқу үрдісі мына кезеңдерден тұрады:

– кіру бақылауы – кешенді тестілеу;

– мемлекеттік қызметшілердің жеке психометрикалық диагностикасы;

– кәсіби, тұлғалық және басқарушылық құзыреттілікті дамыту мақсатымен оқыту;

– жобалық жұмысты дайындау;

– шығу бақылауы – жобалық жұмысты қорғау және электрондық кешенді тестілеу.


Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған

әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді

қайта даярлау курстары
Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшілерге арналған білім бағдарламасы оқу модульдерінен тұрады:

– Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметінің негіздері;

– Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-экономикалық құзыреттерін қалыптастыру;

– Мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық құзыреттерін дамыту;

– Қазақстан Республикасындағы саяси және әлеуметтік жаңғыртудың негізгі бағыттары;

– Қазақстан Республикасы құқықтық саясатының негіздері;

– Мемлекеттік қызметтегі іс жүргізу.

Осы білім беру бағдарламасы бейімделу сипатта және кәсіби қайта бағдарлану, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің алғашқы кезеңінде білімдерін, білік-дағдыларын кеңейту және тереңдету мақсатында әзірленген. Оқу модульдерінің мазмұны 6 академиялық сағаттан 16 академиялық сағаттық көлемдегі оқу пәндері ашады.

Оқу үрдісі мына кезеңдерден тұрады:

– кіру бақылауы – кешенді тестілеу;

– мемлекеттік қызметшілердің жеке психометрикалық диагностикасы;

– кәсіби және тұлғалық құзыреттілікті дамыту мақсатымен оқыту;

– жобалық жұмысты дайындау;

– шығу бақылауы – жобалық жұмысты қорғау және электрондық кешенді тестілеу.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына тыңдаушылар контингентін құру тәртібі
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі − Академия) өткізілетін мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына тыңдаушылар (бұдан әрі − тыңдаушылар) контингентін құру тәртібін қамтиды, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережелеріне және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 17 мамырдағы № 02-01-02/96бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталықтарында, өзге де білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережелеріне (бұдан әрі − Ережелер) сәйкес іске асырылады.

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына тыңдаушылар контингенті басқарушы лауазымға тағайындалған және мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қатарынан қалыптасады.

2. Мемлекеттік қызметшіні Академияға оқуға жіберу туралы шешімді оқуға жіберілетін мемлекеттік қызметші бағынатын мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы қабылдайды.

3. Мемлекеттік органның кадр қызметі мемлекеттік қызметші толтырған сауалнама-өтінімді белгіленген нысан бойынша (1-қосымша) растайды және оны үміткердің жеке куәлік көшірмесімен бірге Академияға қайта даярлау курстары басталардан 30 күн бұрын жіберуді қамтамасыз етеді.

Сауалнама-өтінім Академияға поштамен, факспен немесе электрондық пошта (сканерден өткізілген нұсқасы) арқылы жіберіледі.

Алдын ала сауалнама-өтінім жіберілмеген әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау курстарына қабылданбайды.

4. Академия толтырылған сауалнама-өтінімдерді қарастырады және тыңдаушылардың тізімін (Жоспар-кестеде айқындалған тыңдаушылар санына сәйкес) мына міндетті шарттарға сәйкес қалыптастырады:

– сауалнама-өтінімді оқуға жіберілетін мемлекеттік қызметшінің тікелей бастығымен келісу;

– мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған тұлғалар үшін мемлекеттік қызметші мәртебесін алған күнін көрсету және басқарушы лауазымға алғаш тағайындалған күнді көрсету.

5. Іріктеу нәтижелері бойынша Академия мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарына тыңдаушылар тізімін құрастырады. Мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарау нәтижелері туралы ақпаратты Академия кадр қызметтеріне оқу басталардан 10 күн бұрын жібереді.




1-қосымша


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институты

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстарынан өту үшін

САУАЛНАМА-ӨТІНІМ

1. Курс атауы___________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________

2. Жоспар-кесте бойынша оқу мерзімі_______________________________________________


3. Оқуға жіберілетін үміткердің аты-жөні толығымен, баспа әріптермен, жеке куәлігі бойынша


Тегі





























































Аты




























































Әкесінің аты




























































4. Туған күні, айы, жылы_________________________________________________________

5. Министрлік, ведомство, ұйым, атқарушы билік органы ______________________________

_______________________________________________________________________________

6. Лауазымы ____________________________________________________________________

7. Департамент, басқарма, бөлім __________________________________________________

(департаменттің, басқарманың, бөлімнің толық атауы)

_______________________________________________________________________________________________________

8. Санаты ______________________________________________________________________

9. Мемлекеттік қызмет өтілі ______________________________________________________

10. Осы лауазымдағы еңбек өтілі____________________________________________________

11. Негізгі функционалдық міндеттері _______________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

12. Лауазымға тағайындалған күні, бұйрық № _______________________________________

13. Соңғы біліктілігін арттырудан өткен күні_________________________________________

14. Мемлекеттік органның пошта адресі_____________________________________________

15. Оқуға жіберілетін үміткердің қызметтік телефонының № __________________________

16. Кадр қызметі телефонының № _________________________________________________

17. Оқуға жіберілетін үміткердің электрондық поштасының мекен-жайы_________________

18. Оқуға жіберілетін үміткердің жеке куәлігінің көшірмесі




М.О.

__________________________________ ________________________________

(мемлекеттік органның кадр қызметі жетекшісінің қолы) (тікелей бағыныстағы басшысының қолы )

Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институты қызметкерлерінің байланыс телефондары
Сүлейменова Гүлімжан Кеншілікқызы –институт директоры;

Ыдырысов Алмас Абылайұлы - директорының орынбасары

Тел.факс 8(7172) 31-80-72



Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру секторы


Мусенова Светлана Николаевна – сектор жетекшісі;

Сәдуақасова Әсел Маратқызы – жетекші сарапшы;

Биғабұлова Гүлдана Сүйіндікқызы - аға әдіскер;

Тел. 8 (7172) 31-92-57, факс (7172) 31-80-72;



e-mail: asel.sadvakasova@apa.kz, guldana.beygabulova@apa.kz




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет