Ә. Марғұлан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны Критериалды бағалау жүйесінің теориялық негіздері. Критериалды бағалау қағидаттары (семинар)


Критериалды бағалаудың маңыздылығы ,ол үш жақты болмақ



бет3/4
Дата16.01.2024
өлшемі25.39 Kb.
#489159
түріСеминар
1   2   3   4
Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Критериалды бағалаудың маңыздылығы ,ол үш жақты болмақ:
Мұғалімдер үшін маңыздылығы:
Әрбір оқушылардың өзгешелігін ескере отырып жеке білім алу траекториясын құру .Оқушымен және оның ата-анасымен тығыз байланыста болу.
Оқушылар үшін:
Берілген бағалау критерийлерін түсіну, қолдану, өзінің және өзгенің жұмысын бағалай білу.
Ата-аналар үшін:
Баланың білім алуындағы өсу деңгейін қадағалау.
Критериалды бағалау жүйесін енгізуден кейінгі күтілетін нәтижелер :

  • оқушылардың оқудағы жетістіктерін объективті бағалау; 

  • әр оқушының қабілетін ескере отырып даму траекториясын анықтау

  • оқытудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға ынталандыру; 

  • оқыту сапасын жақсарту; 

  • оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен оқу материалын сапалы меңгеруін анықтау үшін мұғалімнің, оқушы мен ата-ананың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу. 

  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Мүмкін болатын қауіп-қатерлер 
1. Мұғалімдердің критериалды бағалау мен нәтижені талдау үшін қажетті материалдарды дайындауда формалды түрде қарауы;
2. Критериалды бағалауды енгізуде оқушылардың бейімделу кезеңінің жүруі.
3. Критериалды бағалау жүйесіне байланысты ата-аналар тарапынан түсінбеушіліктердің туындауы.
4. Критериалды бағалау туралы кейбір мұғалімдердің теориялық білімінің жеткіліксіздігі, бұл жүйені енгізудегі тәжірибелік дағдылардың болмауы.
5. Критериалды бағалауды енгізуде әкімшілік тарапынан тиісті қолдау мен бақылаудың болмауы. 
Қауіп-қатерлердің алдын алу жолдарында қарастырып қою қажет
Критериалды бағалаудың тәжірибелік маңыздылығын
іске асырсақ осындай қауіп –қатерлердің алдын алатынымыз анық:
- Біліктілікті арттыру курстарынан өту, алған білімді іс-әрекетте қолдану
-Оқушыларға ,ата-аналарға жақсы көз-қарас қалыптастыру
-Ата-аналармен тығыз байланыста болу қажет
-Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін сабақта жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану
- Оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасын арттыру
- оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритімін белгілеу

Қорытынды
Қорытындылай келе ,Қазақстан үшін жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушыларды оқуға ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, дамытуға бағытталған. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – ол білім және білімді ұрпақ.  Сондықтан да Елбасымыз өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп отыр. Еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың жолында. Ал білімді ұрпақтың тірегі –жаңашыл білімді ұстаздардың қолында . Қазақта жақсы бір мақал бар «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы » деген ,сол атқа кір келтірмей тәртіпті де өнегелі, білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу біздің жұмысымыздың жемісі , Құрметті Ұстаздар сіздерге талмас қанат,қажымас қайрат тілеймін! Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер:

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың жүйесін енгізу тұжырымдамасы

  • «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», ІІ деңгей

  • «Мектеп үйлестірушілеріне арналған нұсқаулық»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет