мазмұнына қатысты жағымды қарым-қатынас қалыптастыру және
дамыту; оқушылардың белсенді ойлау үрдісі
мен танымдық
тапсырмаларды тиімді шешу жолдарын шығармашылық түрде іздеуге,
оқу үрдісінің қойылған мақсаттарына жету үшін ерік-жігер, күшін іске
қосу ұмтылысы мен қабілеті.
3.
Оқу-танымдық қызметтегі оқушылардың ӛз бетінше жұмыс
істеуінің жоғары деңгейде болуы: оқушылардың
берілген жұмыстың
мақсаты, мазмұны мен міндеттерін анық түсініп, жағымды
нәтижелерге қол жеткізу деген тілегі мен қажырлылығы негізінде ӛз
бетімен оқу әдістері мен жолдарын игеруі.
4.
Оқушылар арасындағы еңбек мәдениетінің
жоғары деңгейде
болуы: оқуды тиімді жоспарлау, ұйымдастыру және ӛзін-ӛзі бақылау,
оқулықпен
жұмыс істей алу, оқуға қажетті техникалық құралдарын,
оқу құралдарын, оқу құжаттамасын қолдану жолдарын білу.
5.
Оқу үрдісін дараландырудың жоғары деңгейде болуы:
әрбір
оқушының жұмысына қойылатын талаптар оның қабілеттеріне сәйкес
болатын
жағдай жасау; барлық оқушылар ӛз мүмкіндіктері бойынша
жұмыс істеу үшін оларды оқыту әдістері
мен әдістемелік құралдарды
түрлендіру.
6.
Сабақты ӛткізудің жоғары ұйымдастырушылық әдістемелік
деңгейде болуы: оқытудың түрлі
әдістері мен құралдарын, оқу үрдісін
ұйымдастыру жолдарын олардың ерекше функциялары мен басым
дидактикалық мүмкіндіктерін ескере отырып кешенді түрде қолдану;
сабақтарды құрылымы жағынан тиімді жасау.
Достарыңызбен бөлісу: