Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі


Мамандық тҥрінің қысқаша сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
foreign 788

Мамандық тҥрінің қысқаша сипаттамасы. 1. «Адам— 
табиғат». Егер сіз бау-бақшада жұмыс істегенді, ӛсімдіктер мен 
жануарларды баптап қарауды, биология пәнін жақсы кӛрсеңіз, онда 
«адам-табиғат» түріндегі мамандықтармен танысыңыз. 
Бұл мамандық ӛкілдерінің кӛпшілігінің еңбек нысандары болып 
жануарлар және олардың ӛсу жағдайлары, ӛсімдіктер мен олардың ӛсіп 
жетілу жағдайлары табылады. 
Бұл сала мамандарына: 
■ 
ӛсімдіктер мен жануарлардың ӛмір сүру жағдайларын, күйлерін 
оқып білу, зерттеу, талдауға (агроном, микробиолог, зоотехник, 
гидробиолог, агрохимик, фитопатого); 
■ 
ӛсімдік ӛсіріп, жануарларға қарауға (орманшы, егінші, гүлбап, 
кӛкӛнісші, құсбегі, малшы, бақшашы, ара ӛсіруші); 
■ 
ӛсімдіктер мен жануарлардың ауруларының профилактикасын 
жүргізуге (мал дәрігері, карантинді қызмет дәрігері) тура келеді. 
Бұл мамандық түрінің адамға қатысты психологиялық талаптары: 
дамыған ой-қиял, бейнелі ойлау, жақсы кӛру есі, байқаушылық, 
құбылмалы табиғи факторларды болжау және бағалау қабілеті; қызмет 
нәтижелері кӛп уақыт ӛткеннен кейін ғана белгілі болатындықтан, 
маман шыдамдылыққа, табандылыққа ие болу керек, ұжымнан тыс, 
кейде қиын ауа райы жағдайларында және т.б. жұмыс істей алуы керек. 
2. «Адамтехника». Егер сізге физика, химия, электротехника 
бойынша зертханалық жұмыстар ұнаса, егер сіз үлгілер жасап, 
тұрмыстық техниканы түсінсеңіз, егер машиналар, механизмдер, 
аппараттар, білдектер жасап, қолданып немесе жӛндегіңіз келсе, онда 
«адам-техника» типінің мамандықтарымен танысыңыз. Бұл тип 
мамандықтарының кӛпшілігі: 
■ 
техникалық құрылғыларды жасау, монтаждау, құрастырумен 
(мамандар техникалық жүйелерді, құрылғыларды жобалайды, 
құрастырады, оларды жасау процесстерін дайындайды. Жеке 
түйіндерден, бӛлшектерден машина, механизм, аспаптар жинайды, 
оларды реттейді және қалпына келтіре); 
■ 
техникалық құрылғыларды пайдаланумен (мамандар білдектерде 
жұмыс істейді, кӛліктерді, автоматты жүйелерді басқарады); 


Техникалық құрылғы
Монтаждау, құрастыру
Пайдалану
Жӛндеу
Сандық бағдарламамен басқаруы 
бар білдек
Механикалық құрастыру 
жұмыстарының слесарі
СБҚ бар білдек операторы, бӛлім, 
цех бастығы
Ӛндірістік құрылғыларды жӛндей 
бойынша слесарь
Энергетикалық құрылғы
Электромонтаждаушы
Энергожүйе операторы
Құрылғыларды жӛндеу бойынша 
слесарь
Аспап
Радиомонтаждаушы
Радиотехник
Радиоаппаратураны 
жӛндеу 
бойынша слесарь
Фото- және киноаппаратура
Фото- және киноаппаратура 
жинаушы-слесарь
Киномеханик, фотограф
Кино- және фотоаппаратураны 
жӛндеу бойынша слесарь


■ 
техникалық құрылғыларды жӛндеумен (мамандар техникалық 
жүйелердің, аспаптардың, механизмдердің ақаулықтарын тауып, 
анықтайды, оларды жӛндейді, реттейді, қалпына келтіреді) 
байланысты. 
Бірақ техникалық құрылғы түрлі мамандардың еңбек құралы болуы 
мүмкін (4.2 кесте). 
Берілген 
типтегі 
мамандықтардың 
адамдарға 
қатысты 
психологиялық талаптары: жақсы қимыл координациясы; нақты кӛру, 
есту, вибрациялық және кинестетикалық сезу; дамыған техникалық 
және шығармашылық ойлау мен елестету қабілеті; ерекше назар салу 
және аудару қабілеті; байқампаздық. 
3. 
«Адам белгі». Егер сіз есептеулер, сызбалар, схемалар, 
картотека жүргізуді, түрлі мәліметтерді жүйелеуді жақсы кӛрсеңіз, егер 
сіз бағдарламалау, экономика немесе статистикамен айналысқыңыз 
келсе, онда «адам-белгі» типінің мамандықтарымен танысыңыз. Бұл 
тип мамандықтарының кӛпшілігі ақпаратты ӛңдеумен байланысты 
және еңбек нысанының ерекшеліктері бойынша ӛзгешеленеді: 
■ 
ана немесе шет тілдердегі мәтіндер (редактор, корректор, хатшы- 
референт); 
■ 
сандар, формулалар, кестелер (бағдарламашы, ЭЕМ операторы
экономист, бухгалтер, статистик); 
■ 
сызбалар, схемалар, карталар (конструктор, инженер-технолог, 
геодезияшы, штурман); 
■ 
дыбыстық сигналдар (радиошы, дыбыс операторы, дыбыс 
режиссері, атқарушы, композитор). 
Берілген типтегі мамандықтардың адамға қатысты психологиялық 
талаптары: жақсы жедел және механикалық жады; дерексіз (таңбалық) 
материалға ұзақ уақыт бойы зейін қою қабілеті; жақсы зейін бӛлу мен 
назар аудару; қабылдау нақтылығы, шартты белгілердің артында не 
тұрғанын кӛре білу; шыдамдылық, тӛзімділік; логикалық ойлау 
қабілеті. 
4. 
«Адам — көркем бейне». Бұл типтегі мамандықтардың кӛпшілігі: 
■ 
кӛркем туындыларды жобалау, жасаумен (жазушы, суретші, 
композитор, модельер, сәулетші, мүсінші, журналист, хореограф); 
■ 
үлгі бойынша түрлі бұйымдар дайындау, жасаумен (зергер, 
жаңғыртушы, қырнақшы, музыкант, актер, жиһазшы ағаш шебері); 
■ 
кӛркем туындыларды жаппай ӛндіруде кӛбейтумен (фарфорды 
әшекейлеу шебері, тас пен хрусталь ажарлаушы, сырлаушы, 
баспашы) байланысты. 
Бұл типтегі мамандықтарының адамға қатысты психологиялық 
талаптар: кӛркемдік қабілет; дамыған кӛру қабілеті; байқағыштық, 
кӛру есі; бейнелі ойлау; шығармашылық ой-қиял; адамдарға 
эмоциялық әсер етудің психологиялық белгілерін білу. 
5. 
«Адам — адам». Бұл типтегі мамандықтардың кӛпшілігі: 
■ 
адамдарды оқыту, тәрбиелеумен (тәрбиелеуші, мұғалім, спорттық 


бапкер); 
■ 
медициналық қызмет кӛрсетумен (дәрігер, фельдшер, медбике, 
күтуші); 
■ 
тұрмыстық қызмет кӛрсетумен (сатушы, шаш алушы, даяшы, 
вахтер); 
■ 
ақпараттық қызмет кӛрсетумен (кітапханашы, экскурсия жетекшісі, 
дәріс оқушы); 
■ 
қоғам мен мемлекетті қорғаумен (заңгер, милиционер, инспектор, 
әскери қызметкер) байланысты. 
Кӛптеген лауазымдар (директор, бригадир, цех бастығы, кәсіпшілер 
одағын ұйымдастырушы және т.б.) адамдармен жұмыс істеумен 
байланысты, сондықтан барлық басшыларға «адам-адам» кәсіптерінің 
мамандарына қойылатын талаптар да қойылады. 
Бұл типтегі мамандықтардың адамға қатысты психологиялық 
талаптары: қатынасқа ұмтылу; таныс емес адамдармен оңай тілдесу 
қабілеті; адамдармен жұмыс істегенде ӛзін тұрақты жақсы сезіну; 
ақкӛңілділік, қайырымдылық; табандылық; эмоцияларды ұстау 
қабілеті; ӛзінің және ӛзгелердің мінезін талдау қабілеті, адамдардың 
қарым-қатынасын түсіне білу, олардың арасындағы келіспеушіліктерді 
бітістіріп, олардың ӛзара әрекеттестігін ұйымдастыра білу; ойша ӛзін 
басқа адамның орнына қоя білу, тыңдау, ӛзге адамның пікірін ескеру 
қабілеті; тіл, ым, дене қимылдарын меңгеруі; дамыған сӛйлесу, түрлі 
адамдармен ортақ тіл таба білу қабілеттері; адамдарды сендіре білу 
қабілеті; 
ұқыптылық, 
мұқияттылық, 
жинақылық, 
адамдар 
психологиясын білу. 
Оқушыларды осылай біле отырып, оларды тек кәсіптік қызметте 
бағдарлап қана қоймай, сондай-ақ мамандықты игеруге кӛмектесуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет