Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет107/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

Нюрнберг процесі  – Фашистік Германияның  басты әскери 
қылмыскерлер тобына қарсы сот процесі. Нюрнберг қаласында
 
(Германия) 1945 жылдың 20 қарашасынан 1946 жылдың 1 қазанына 
дейінгі 
аралықта 
өтті. 
Нюрнберг 
процесін 
одақтастардың 
(КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция) 1945 жылы 8 тамызда Лондон 
қаласындағы келісімінің негізінде құрылған Халықаралық әскери 
трибуналы жүргізді. Әрбір мемлекет трибуналдың мүшесі мен оның 
орынбасарын тағайындады: КСРО-дан И.Т. Никитченко, А.Ф. Волков, 
АҚШ-тан Фрэнсис Биддл, Джон Дж. Паркер; Ұлыбританиядан лорд-
сот Джеффри 
Лоренс (трибунал 
төрағасы), Норманн 
Биркетт
Франциядан Анри де ВабрРобер Фалько. Процесс бір мезгілде төрт 
тілде (оның ішінде неміс тілінде де) жүргізілді. Сотқа Германияның 
жоғарғы шенді саяси және әскери қызметкерлері: Г.Геринг, Р.Гесс, И. 
фон Риббентроп, В.Кейтель, Э.Кальтенбруннер, А.Розенберг, Г.Франк, 
В.Фрик, Ю.Штрейхер, В.Функ, К.Дениц, Э.Редер, Б. фон Ширах, 
Ф.Заукель, А.Йодль, А.Зейс-Инкварт, А.Шпеер, К. фон Нейрат, Г.Фриче, 
Г.Шахт, Р.Лей (процесс басталғанға дейін асылып өлді), Г.Крупп 
(жазылмайтын науқас деп танылып, ісі тоқтатылды), М.Борман (сырттай 
сотталды) және Ф. фон Папен тартылды. Олардың бәріне бейбітшілік пен 
адамзатқа қарсы (әскери тұтқындарды және бейбіт халықты қырып-жою, 
қоғамдық және жеке меншік мүлікті талан-таражға салу, құлдық еңбек 
жүйесін орнату, т.б.) қастандық ұйымдастырып, оны жүзеге асырғаны 
мен аса ауыр әскери қылмыстар жасағандығы жөнінде айып тағылды. 
Сонымен бірге Германияның Ұлтшыл-социолистік партиясының 
басшылық құрамын, шабуылдаушы (СА) және күзет отрядтарын (СС), 
қауіпсіздік қызметін (СД), мемлекеттік құпия полицияны (гестапо), 
империялық үкімет пен бас штабты қылмысты ұйымдар деп тану 
мәселесі де қаралды. Процесс барысында 403 ашық сот мәжілісі өткізіліп, 
айыпкерлер мен 116 куәгер тыңдалды, 5 мыңнан аса жазбаша айыптаулар 


159
мен құжаттық дәлелдер (негізінен герман министрліктері мен 
әкімштерінің, бас штабтың, әскери концерндер мен банктердің ресми 
құжаттары) қарастырылып, зерттелді. Процесс стенограммасының орыс 
тіліндегі мәтіні 39 том немесе 20228 бет болды. Трибунал жанынан тергеу 
жүргізіп, тағылған айыптарды қуаттау мен процесс барысындағы іс-
әрекеттерді үйлестіру мақсатымен бас айыптаушылар коллективі 
құрылды, оған: 
Халықаралық қылмыстық сотқа сәйкес жаппай кісі өлтіруге 
кінәлілерге халық соты. 
КСРО-дан-Р.А.Руденко, АҚШ-тан Роберт Х.Джексон, Ұлыбританиядан-Хартли 
Шоукросс, Франциядан – Франсуа де Монтон қатысты. 
(1946 жылы қаңтарынан Огюст Шампетье де Риб) бекітілді. 1946 жылы 
30 қыркүйек – 1 қазан күндері үкім жарияланды. Сотқа тартылғандардың 
бәрі (Шахт, Фриче, Папеннен басқалары) айыпты деп танылып, оларға 
әртүрлі 
жазалар 
белгіленді. 
Геринг, 
Риббентроп, 
Кейтель, 
Кальтенбруннер, Розенберг, Франк, Фрик, Штрейхер, Заукель, Йодль, 
Зейс -Инкварт және Борман (сырттай) өлім жазасына (дарға асу арқылы) 
кесілді. Гесс, Функ пен Редер өмірлік тұтқын, Ширах пен Шпеер 20 
жылға, Нейрат 15 жылға, Дениц 10 жылға сотталды. Трибунал СС, 
гестапо, СД мен фашистік партияның басшылық құрамын қылмысты 
ұйымдар деп таныды. КСРО өкілі И.Т. Никитченко үш қылмыскерді 
ақтап, гитлершіл үкіметті, оның бас штабын қылмысты ұйымдар деп 
танудан бас тартқан трибунал шешіміне қарсылық білдіріп, ерекше 
пікірін мәлімдеді. Сотталғандардың өздеріне кешірім жасау жөніндегі 
өтініштерін Бақылау Кеңесі қабылдамады. 1946 жылы 16 қазанға қараған 
түні үкім орындалды. Нюрнберг процесінде тарихта бірінші рет агрессия 
адамзатқа қарсы жасалған аса ауыр қылмыс ретінде танылды. Трибунал 
жарғысы мен үкімде баяндалған халықаралық құқық қағидалары БҰҰ 
Бас Ассамблеясының 1946 жылы 11 желтоқсандағы қарарымен бекітілді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет