159
мен құжаттық дәлелдер (негізінен герман министрліктері мен
әкімштерінің, бас штабтың, әскери концерндер мен банктердің ресми
құжаттары) қарастырылып, зерттелді. Процесс
стенограммасының орыс
тіліндегі мәтіні 39 том немесе 20228 бет болды. Трибунал жанынан тергеу
жүргізіп, тағылған айыптарды қуаттау мен процесс барысындағы іс-
әрекеттерді үйлестіру мақсатымен бас айыптаушылар коллективі
құрылды, оған:
Халықаралық қылмыстық сотқа сәйкес жаппай кісі өлтіруге
кінәлілерге халық соты.
КСРО-дан-Р.А.Руденко, АҚШ-тан Роберт Х.Джексон, Ұлыбританиядан-Хартли
Шоукросс, Франциядан – Франсуа де Монтон қатысты.
(1946 жылы қаңтарынан Огюст Шампетье де Риб) бекітілді. 1946 жылы
30 қыркүйек – 1 қазан күндері үкім жарияланды. Сотқа тартылғандардың
бәрі (Шахт, Фриче, Папеннен басқалары)
айыпты деп танылып, оларға
әртүрлі
жазалар
белгіленді.
Геринг,
Риббентроп,
Кейтель,
Кальтенбруннер, Розенберг, Франк, Фрик, Штрейхер, Заукель, Йодль,
Зейс -Инкварт және Борман (сырттай) өлім жазасына (дарға асу арқылы)
кесілді. Гесс, Функ пен Редер өмірлік тұтқын, Ширах пен Шпеер 20
жылға, Нейрат 15 жылға, Дениц 10 жылға сотталды. Трибунал СС,
гестапо, СД мен фашистік партияның басшылық құрамын қылмысты
ұйымдар деп таныды. КСРО өкілі И.Т. Никитченко үш қылмыскерді
ақтап, гитлершіл үкіметті, оның бас штабын қылмысты ұйымдар деп
танудан бас тартқан трибунал шешіміне қарсылық білдіріп,
ерекше
пікірін мәлімдеді. Сотталғандардың өздеріне кешірім жасау жөніндегі
өтініштерін Бақылау Кеңесі қабылдамады. 1946 жылы 16 қазанға қараған
түні үкім орындалды. Нюрнберг процесінде тарихта бірінші рет агрессия
адамзатқа қарсы жасалған аса ауыр қылмыс ретінде танылды. Трибунал
жарғысы мен үкімде баяндалған халықаралық құқық қағидалары БҰҰ
Бас Ассамблеясының 1946 жылы 11 желтоқсандағы қарарымен бекітілді.