Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


§ 3. Талқыламалы-полемикалық сөз



Pdf көрінісі
бет11/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

23
§ 3. Талқыламалы-полемикалық сөз
аясы 
соттық 
риториканың 
жалпыламалық (аристотельдік) 
түсінігі секілді сот риторикасы
пәнінің 
заманауи 
(жеке) 
трактовкасы 
қажетті әсердің туындауы толық, нақты әдістің композициясына, 
синтаксисіне, сөз қолданысына байланысты екендігін мойындады».
Аристотель риториканың үш 
түрінің сапасы және себебі 
туралы ұғым береді, өйткені 
тыңдаушының да сонша түрі 
бар. Сөз үш элементтен 
құралады: шешеннен,
айтылып жатқан пәннен және 
нақты сөз бағытталған тұлғадан, нағыз сол тұлға (тыңдаушы) барлығының
ақырғы мақсаты болып табылады. Тыңдаушы жай қарапайым 
тамашалаушы немесе әділ-қазы болып келеді және сонымер қатар, істелген 
істің немесе істелуі мүмкін болатын істің әділ-қазысы. Болып кетуі мүмкін 
іс туралы пікірін айта алатын адам ретінде халық жиынының мүшесін 
алуға болады, ал болып кеткен іс туралы ойын білдіретін - сот мүшесі; 
адамның шешендік сөз шеберлігіне көңіл білдіретін - қарапайым 
тыңдаушы. Сонымен, риторикалық сөздің үш түрі болады: мәжілістік, 
соттық және эпидейктикалық. Мәжілістік сөздің атқаратын қызметі - 
талдау немесе қабылдамау, өйткені жеке өмірде бір-бірімен пікір алмасу 
қажеттілігі туатын адамдар, жариялы сөз сөйлейтін шешендер секілді
екеудің бірін жасайды: яғни талдайды немесе қабылдамайды.
Енді соттық сөздің қызметіне келсек, олардың жұмысы айыптау 
немесе ақтау, өйткені төрелік етушілер қашанда екеудің бірін міндетті 
түрде жасайды: яғни айыптайды немесе ақтайды. 
Эпидейктикалық сөздің қызметі - мақтау немесе сынау. Енді осы 
әрбір сөз сөйлеудің түрлерін белгілеп көрсететін уақыт туралы айтатын 
болсақ, адам бір нәрсені талқылағанда, ол болашақты қамтиды яғни, бір 
нәрсені талдаған кезде де, оны қабылдамаған кезде де, адам баласы 
болашақта болатын істер туралы кеңес береді.
Пікір-талас кезінде адам өткен уақытпен кестігеді, яғни, өйткені, 
қашанда болып кеткен оқиғаларға байланысты, біреу айыптайды, екіншісі- 
қорқанады.
Эпидейктикалық сөз шешеніне ең маңызды болып осы шақтағы 
уақыт саналады, өйткені әрбір адам мақтайды немесе сынайды.
Көптеген пәндерге тарайтын, риториканың жалпыламалылығына 
көңіл аударайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет