Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет19/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

 


38
А.Ф. Кони 
(1844-1927) 
Әділет сотының патриархы 
А.Ф. Кони 
 
А.Ф.Кони (1844-1927) сот әлемінде 
бірден бір алғы шектегі орынды алады. 
А.Ф. Конидің сот шешендік өнері оның 
прокурорлық қызметімен байланысты. 
Бұл туралы оның еңбек өтілімінің тізімі: 
1867-1870 жж. Харьков округтік сотының 
жолдас прокуроры, 1871 ж прокурор, 1878 ж Петербург округ 
сотының төрағасы, 1885 ж. кассациялық сенат депутатының обер-
прокуроры. «Қажетті қорғану құқығы» туралы 1865 ж кандидаттық 
диссертация қорғаған. Кони әділет сотына қызмет етуге жарты ғасыр 
өмірін берген. Прокурор Кони айыптау сөз сөйлеуінде айғақтарды 
сәтті топтастыра білген және саралай білген, оларға күмән 
тудырмаған. Конидің соттағы сөз сөйлеуі сондай түрде логикалық 
дәлелдемелік болып ажыратылады. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 
ғасырдың басында құқықтық тәлім-тәрбие саласында көзге түскен 
көрнекі заңгер әрі жазушы, сыншы А.Ф.Кони «шынайы гуманизм мен 
психологизм істі қарауға философиялық тұрғыдан келу, адамға деген 
ізет пен құрмет, мінсіз тіл шеберлігімен ерекшеленеді». 
А.Ф. Конидің дарындығы көп қырлы: дарынды сот шешені
керемет лектор, атақты жазушы және критик, бірақ ең маңызды 
құқыққа қызмет ету. Судья этикасы туралы алғашқы болып айтқан 
А.Ф.Кони. Ол судьяның тұлғасын былайша түсіндіреді. Судьяның 
өзінің ішкі сендіруі үлкен маңызды болып табылады. Идеяның тұлғаға 
қатынасы туралы айтады. Бұл мәселе тек судьяда емес, тергеуде де 
кездесіп отырады. А.Ф.Кони ойын, судья үкім шығарған кезде барлық 
сәттерді саралай білуі керек. Алдын –ала іспен толыса отырып, 
материалға талдау жасай отырып, үкім шығаруы керек. А.Ф.Кони 
«барлық жағдайдың ішіндегі ең маңыздысы-қылмыскер тұлғасы. 
Ешқашан да сотталушы сабырлы күйде болуы мүмкін емес. Ол қиын, 
ұзақ апталар мен айларды жалғыз бастан өткереді, өзі үшін де, 
туысқандары үшін де ұялады- айыпталушы орнында отырған тұлғаға 
судья сөзі қатты әсер етеді, кейде қатты қорқады. Сондықтан судья 
сабырлы түрде баяндауы керек, оның даусында кекету немесе күлкі 
ету толығымен жоқ болуға тиіс» - дейді. Судья өзінің сезімі, 
ойларымен, қағидаларымен үкім шығаруына болмайды және мынадай 
өткел «мен былай істегім келеді» деу орынды. Судья үкім шығарған 
кезде бір қана сұрағы болады «Менде бұдан басқа амал жоқ». Судья 
үкімінің түбінде тек логикалық ой қана емес, міндет жатуы керек. 
Өзінің ішкі сезімін сендіру барысында күмәндану пайда болады. 


39
А.Ф.Кони айқындау арқылы күмәндануларды жеңе білуге болады 
дейді. 
А.Ф.Конидің пікірінше, XIX ғасырдың екінші жартысынан 
бастап, орыс айыптаушысының және орыс қорғаушысының белгілі-
бір айқындалған үлгілері пайда болды. Біріншінің негізгі сипаттары – 
«сабырлық, сотталушыға қарсы жеке ызаландырушылығының 
болмауы, ынтызарлық және істің деректерінің бұрмалаушылығын 
тудырмайтын, айыптау әдістерінің жағымдылығы және соңғы 
маңызды айта кететіндігі, дауысында, сот үстіндегі өзін ұстауындағы, 
қолмен сілтеп (жест) сөйлеуіндегі, қырсық қылжақбастықтың мүлдем 
және толық болмағандығы». 
Мінсіз қорғаушыны А.Ф.Кони келесі түрде бейнелеп сипаттайды: 
«Ол өзінің клиентінің құлы да емес, сот әділдігінің тықырауынан 
қашып құтылуға ұмтылушының көмекшісі де емес. Ол өзінің пәк 
ойынша, толық кінәсіз немесе басқаша және басқа кінә үшін кінәлі, 
қалай және не үшін оны кінәлап жатқан адамның досы, ақылшысы».
Соттағы сөз, сотқа деген бағыт мақсатты және тиімді әсерді 
тудыруға шақырады, соттың және сот мәжіліс залында қатысқан 
азаматтардың сенім пікірінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Әдетте 
прокурорлық 
(немесе 
айыптаушы) 
сөз 
және 
адвокаттық 
(қорғаушының сөзі) деп бөлінеді. Дарынды орыс заңгерлерінің 
соттағы сөздері терең психологизмге толы, өйткені шешендер алқалы 
мәжіліскерлерінің және тыңдаушылардың сезімдеріне деген әсерлі 
ықпал етуге тырысқан. Бүгінгі күнде соттық сөздің психологиялық 
сарабына қарағанда, дәлелді айғақтау тарабы едәуір үлкен мағынаны 
иемденеді.
Сот процесі - азаматтық және қылмыстық іске байланысты 
барлық материалдарының зерттелуі, солармен байланысты, ақиқатты 
іздеу 
мән-жайлығындағы 
болып 
өтетін, 
процессуалдық 
оппоненттердің пікір-таластық күресінің аясында болып жатады.
Оның ақырғы мақсаты - әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға 
ұшырауы және әрбір жазықсыз адам жауапқа тартылмауы және 
сотталған болмауы үшін заңды және мұқият талданған үкім шығару. 
Анықтау, дәлелдеу, жеткізе білу - сот риторикасының нысаны мен 
мазмұнын анықтайтын үш іліктес атқаратын қызметі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет