41
гүлдеуіне қолайлы атмосфераны жасайтынын атап өту қажет. Ауызша
сөз қоғамдық өмірдің маңызды және жарық кезеңі болып табылады
және саяси күрестің құралы ретінде алдыға шығады. Мемлекетте
жоғарғы органмен халық жиналысы болды, сонда саяси
қайраткерлер
тікелей қатысты. Демос (халықтың) назарын тарту үшін, ең шешен
адамдар өз ойларын тартымды айтып беруге тиісті болды, сөйте тұра
өз дұшпанының дәлелдерін жоққа шығару да керек болған.
Осыған
ұқсас жағдайда сөйлеудің өзіндік мазмұны қана емес, формасы
(нысаны) және сөйлеу өнері аз роль ойнаған жоқ. Деметрий
Фалерский өз сөзін былай бекітті: «соғыста темір қандай құдіретке ие
болса, саяси өмірде сөз сондайға ие болады». Горгий – теоретик және
сот шешендігінің практигі – ол мынаны көрсетті : «сөз ұлы төрелікке
ие, өзі өте аз болса да, өте керемет істерді іске асырады. Ол
өйткені
үрей қуа алады және қайғыны жояды, қуаныш әкеледі, қайғыға
ортақтасуды оятады.
Ежелгі Гректің саяси және сот шешендерінің өте жоғарғы сөз
мәдениеті шешен (оратор) өнерінің саласында көбіне теориялық
жұмыстар жасаумен анықталады, бұл әлі күндерге
дейін өз мәнін
жоғалта қойған жоқ, тіпті мұндай сөзді шешеннің сөйлеу
техникасымен сұрақтардан байқауға болады.
Шешендік өнердің көптеген сұрақтары алғашқы рет Ежелгі
Грекия риториктердің теориялық жұмыстарынан қарастырған: сөзбен
сендіргіштігі, шешен мақсаттары, сөздерді топтастыра алу және басқа
сөздер. Дәл осылай, Аристотель риториканы сенім өнері ретінде
анықтады, өйткені шындық, ақиқат
жеткіліксіз болған жағдайда
ықтимал жасай алатын осы тәсілді қолдануға болатындығын көрсетті.
Сөз құдіретіне ие болу құштарлығы әрқашанда болады, бірақ
оның мәні өте-мөте өтпелі кезеңдерде, демократияның саналы
дәуірлеу тұсында артады. Мұның тарих тағылымындағы айғағын
шешендік өнердің гүлдену дәуірлерінің көне грек және рим елдерінің
шарықтау дәуірімен, қайта өрлеу кезеңімен (эпоха ренессанс),
Франциядағы
XVIII ғасыр, Ресейдегі XX ғасыр революцияларымен,
қазақ топырағындағы XV ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі
егеменді мемлекет, ел болу кезеңдерімен сайма-сай келуінен көреміз.
Антикалық шешендік өнер қақындағы алғашқы толыққанды мәлімет-
ті бізге Перикл дәуірі (б.з.д. V ғ.) береді. Перикл даңқты мемлекет
және саясат қайраткері бола жүріп адамдарды сұлу сөзбен ораған
шешен ретінде бөленді. Бұл кезеңдерде шешендік сөздердің теориясы
мен шешендік өнер ілімі пайда болды.
Оның негізін Коракс, Лисий
және Горгий салды. Коракс шешендік өнерге «Шешендік дегеніміз –
сендірудің қызметшісі – деп анықтама берді. Көне Грекиядағы
софистер (б.з.д.Vғ.) шешендік өнердің нағыз шеберлері болды. Олар
әртүрлі көзқарасты тұтынушылардың арасында сөз сайыстарын
өткізіп, сөз кұдіретін танытатын тапқырлық сайыстарында сынасты.
Софистер өздерінің теориялық және практикалық сабақтарының
42
мақсаты жастарды қоғамдық шынайы өмірге дайындау деп түйді.
Сондай-ақ олар шешендерді (кәсіби шешендерді) дайындады. Софист
Горгий алғашқы шешендік өнер туралы оқулықты да жазды.
Софистік ағымның көрнекті өкілдерінің бірі – Сократ.
Сократ
ғылыми
трактат жазып қалдырмаған.
Оның
философиялық
ой-тұжырымдары Аристотель
мен
Платон
еңбектерінде көрініс тапты. Сократ даналық сөздерін көшеде, алаңда
жиын-топқа сөйлеп, айтып отырған. Сократтың тәсілі - асқан
шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгіме-дүкен
құру, сөйтіп күрделі, ғибратты ойлар өрбіту болды. Осыған
мысалдардың бірі ежелгі грек философы, шешені болған ғанибет
тұлға Сократтың осы ғылымды алға жылжытудағы еңбектері, өмірі
және керек десеңіз өлім алдындағы сөздері жарқын үлгі есебінде
бүгінгі ұрпақтарға қалып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: