Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов


жеткіліксіз ойластырылған дәлелділік қателіктердің этикалық  мағынасын иемденеді.  Ақпейілділік



Pdf көрінісі
бет56/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

98
жеткіліксіз ойластырылған дәлелділік қателіктердің этикалық 
мағынасын иемденеді. 
Ақпейілділік адалдықтың көрінісі есебінде адал ниетті көрсете 
білуімен бекітіледі (оның болатындығы болжанады), яғни мәселелерді 
шешу мүмкіншілігіне және деректердің жеткіліктігіне қатысты 
тыңдарманды шатастыруға итермелеу емес. Мұнда бірінші жолда 
ақпейілді ритор ойластырылмаған және әзірленбеген сөзді 
қалыптастырмайды және сырттай өлшенген сынға және бағалауға қол 
жеткізеді дегенді білдіреді. 
Одан басқа, ақпейілді ритор сынға түсіп жатқан жағдайдың 
дұрыстығын және сенімділік дәрежесін көрсете алады. Жекелеп 
айтқанда айыптаушы сотталушыға қатысты оны бас бостандығынан 
айыру орындарында не күтіп тұрғаны туралы тыңдармандарға жалған 
сөйлей алмайды, ал қорғаушы ақталған және бостандыққа жіберілген 
қылмыскердің қандай әрекеттер жасауға қабілеттігі бар екендігі 
туралы қоғамды алдап жалған сөйлеуге моральдік құқығы жоқ. 
Егер өкілеттілік ритордың басты жолда мәндік және тілдік 
әзірлігінде көрінсе, онда ақпейілдігі көпшілік алдында сөз сомдаумен
ға әзірлік пен ойластыру тәжірибесін риторикалық құрылыста 
әдістерді максималды толық қолдануға қалыптастыруда көрініс 
табады. 
Ақпейілді ритор қоғам үшін емес, шынайы мағынасы бар 
мәселелерге бас бұрады және өзін-өзі сынап білу үшін емес, керісінше 
сондай мәселелерді шешуге талпынады. Ол дерек жүзіндегі 
материалды толық икемдеп және шешімдер нұсқаларында және болып 
тұрған дүрекейліліктегі (прицеденттіктегі) – мәселер халінде өзіне 
есеп береді. Ол 
алға қойған 
ұсыныстар 
мен 
дәлелдер 
мүмкіншіліктерінің теріс нәтижесін түсінеді. 
Ритор өз ұсыныстарының «қолдаймын» және «қарсымын» деген 
болжамды ойларын максималды толық өңдейді. Ол дәлелдерді 
тиянақты сұрыптап алады және талқылаудың жемісті нәтижесін 
қамтамасыз ететіндей етіп оларды қолданады. Ол қарсыласының 
полемикалық болжамды ойларын, егер олар негізді болса және 
оппоненттің позицияларында мағыналық ойлылықтың болуын табуды 
қабылдай біледі. 
Сонымен, ол өзінің жеке ұсыныстарын өзгеге тыққыштамайды, 
бірақ өзекті болатын және ең жақсы жолмен негізделетін сол шешімді 
қабылдауға әзір. Бұл дегеніміз, ақпейілді ритор талқыланудағы 
сауалдардың сипатына және тыңдарманның тәжірибесіне сай келетін, 
анықталған және жалпы қабылданған ережелер бойынша құрылатын 
дәлелдерге талпынады дегенді білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет