Ең соңғысы болмасын. Ей, адамдар абайлашы, «Көркем көңіл-көл»


Өмірдей қалқып, үзілген сары жапырақ



бет2/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
#178548
1   2   3   4

Өмірдей қалқып, үзілген сары жапырақ...

Самалы желпіп, шуағын шашқан аға ма?

Сағыныш толды сарғая түскен санаға.

Есімде қалды Кентаудың көркем күндері,

«Мұра» боп қалған арманда кеткен жан аға.
Өмірдей қалқып, үзілген сары жапырақ,

Өткінші бәрі тұрмассың мәңгі бақылап.

Аямай өзін, жеткізіп көзін елінің,

Асқар тау аға бірлікке рух боп шақырад.


Қия ма адам жанында жүрген асылын?

Берілмес өмір тағы да саған жасырын.

Онсыз да қысқа өмірді неге қысқарттық?

Аяулы жандай қайда енді, айтсақ ашығын.


Қайда енді бізге әзілді тастап, күлгені?

Қыранның асыл биікте болар ілгені.

Жүргенде қатар қадіріне жете алдық па?

Жақындаттық па ажалдай айқын жүлдені?


Білімді биік, алыптық қайсар жүректен,

Бейнеңізді көріп, жүрегім аға дір еткен.

Жаныңыз жарқын жарыққа елді бастапсыз,

Шығарып шерлі түнектен.


Оркестр «Мұра» күйлері жетер жаңғырып,

Саналы жанды ойлантар талай таң қылып.

Рухыңыз жүрер әр жанға қорған, қамқор боп,

Жақсының ісі жалғасын табар мәңгілік!

Алыптық күші, жарқырай берер мәңгілік!!!

06.11.2008жыл.


Сақтану керек...

Сақ болу керек, Алладан соны тілеп тұр,

Жарқырар күннің артында түн тұр, түнек тұр.

Ажалдың айқын екенін тағы ескертіп,

Көрлерді қазар қайраулы қара күрек тұр...
Сақ болу керек, әр сөзде, әзіл айтқанда,

Жаралар жебе өзіне қайта қайтқан ба?

Бір аяқ төрге, бір аяқ көрге тартарын,

Бейхабар адам осынау айқын жайттан да.


Сақ болу керек, ірілер кетті майда боп,

Екі жүздіден тектілік іздеп пайда жоқ.

Ойлану керек, қасиет құрып кетпеске,

Қолға алу керек, сұмдыққа қалай айла жоқ?!


Сақтану керек, жер кетті түпсіз тесіліп,

Уланды бәрі, аяусыз жаншып, кесіліп.

Раушан гүлді дайын тұр тікен тырнауға,

Тамырын буып, ажырық кетті есіріп.


Сақтануымыз керек, тезірек шығып жарыққа,

Кінәні артпай біреуге, ессіз нарыққа.

Еліңнің құрып кетпесі үшін күні ертең,

Өзіңді таны, болашағыңды айқын анықта!!!

08.11.2008жыл.


Сен мені кешір...
Сен мені кешір,сырымды қалай ақтарам,

Алыста қалған жандырып жанды жаққан ән.

Оранады екен сағыныш-сырдың отына,

Жалғыздау қалған шақта адам.


Сезімтал жүрек, көңілде күдік жүдеткен,

Алысты аңсап, жақынмен шаршап, күн өткен.

Сағынған жанды жүреміз күнде көре алмай,

Қымбат-ау өмір тілекпен.


Қиналған сәтін білдірмей намыс жетелеп,

Аялап арды қиынға барар төтелеп.

Қысқа ғұмырдың құрбаны болып құйындай,

Ұятын ойлап, парызын адам өтемек...


Маңызы бөлек кейбір күн бейне ғасырдай,

Жан біткен өмір сүрмес-ті сырын жасырмай.

Құпия болып қала береді дүние,

Қымбат қой өмір, бар сыры іште ашылмай.


Ертеңін елдің ойлайтын адам жаны ізгі,

Ұмытпас әркез обал мен сауап парызды.

Бүкіл әлемнің құпиясын ашқан ғұлама,

Жан сырыменен қалуыменен маңызды...

20.11.2008жыл.
Сағыныш-күз.

Күз келді міне тағы да,

Жапырақ талда сарғайды.

Адамның мосқал шағы ма?

Көңіл-құс көкте самғайды.
Жел тұрып,суық,ырғақты,

Көктегі бұлттар қозғалды.

Тағы да ерте күн батты,

Бар әлем суып,сыз қалды.


Күз келді міне жемісті,

Жаз досын қимай өкінді.

Боялып әсем жер үсті,

Сағынышпен тұрған секілді.

21.11.2008жыл.
Жазылмай қалған ақ парақ...

Жүрегім толды жалынға,

Сезімім кетті отқа орап.

Кездестік бейне сағымда,

Жазылмай қалған ақ парақ.
Түсінбей кеткем өзімді,

Жүрегім неге алаңдар?

Еске алып сәби кезімді,

Балауса пәк күй қараңдар.


Мөлдіреп тұнған жанардан,

Үмітті көргем сөнбеген.

Қара шаш бүгін ағарған,

Қарттыққа көңіл көнбеген.


Кешегі өткен күн елес,

Ертеңді жүрміз біле алмай.

Тілектес күнде бірге емес,

Өзімізді жүрміз жиі алдай.


Көңілдің кілтін табар кім?

Сағыныш қайда тартады?

Дүрсілдеп жүрек соғар тым,

Мазалар ұят пен ар тағы.

26.11.2008жыл.
Құпия-сұлулық...

Қазақтың қызы қаласың мәңгі биікте,

Өмірдей отқа дәл сендей өзге күйіп пе?

Қаншама ақын сұлулығыңды жазам деп,

Жеткізе алмай,айырылды естен сүйіп те.
Суретші шықты бейнеңді жазып берем деп,

Жан сұлулығың ұстатпай кетті тереңдеп.

Келбетті көрсе керемет күйге кенеліп,

Тұратын болды суретші біткен елеңдеп.


Мүсінші шықты сұлуды тастан қашаған,

Суықтау тасты аялап көңілі босаған.

Мөлдіреп тұрған жанардан жылу сезбеді,

Негізі тастың тас болады екен жасаған...


Жазушы шықты сұлулық сырын ашқандай,

Өмірі өтіп,ақ қырау басын басқандай.

Кезігіп тағы тұңғиық,түпсіз,тереңге,

Жаралап жанын арманмен кетті тасмаңдай.

* * *

Құпия жанарыңда сырың бөлек,



Өзіңді өзің келесің мәңгі демеп.

Әлемнің сұлулыққа тартылуы,

Өмірді өрнек еткен басты себеп.
Заңдылық,ай кездеспес күніменен,

Ерекше жеке тұлға үніменен.

Қыздар қымбат құпия қылығымен,

Сұлулық сымбатты ғой сырыменен!

28.11.2008жыл.
Әр жанға қамқор Алла бар!!!

Сұлулық тербеп сананы,

Сағыныш ұстар әлемді.

Қимастық сезім бағалы,

Сырластың сөзі дәлелді.
Достықтың туы биік-ті,

Күн-көңіл кетер жадырап.

Сүйгеніменен сүйікті,

Әр адам бейне жапырақ.


Сыйластық жанды жібіткен,

Елжіреп жүрміз елменен.

Әрбір күн тұрар үміттен,

Осы сәт қайта келмеген.


Дидарын аңсап әз жанның,

Қия алмай көзден жас тамар.

Күз болар соңы жазғы әннің,

Сағыныш қайта басталар.


Жақсылық күтер әрбір жан,

Жаутаңдай қарап алаңдар.

Үмітті үзбе тағдырдан,

Әржанға қамқор Алла бар!!!

05.12.2008жыл.
Сұлулық сыры.

Бұл дүние тұрар жылы тілектен,

Жылы сөзді есітіп жүрек дір еткен.

Сағынамыз сыйлас жанды көре алмай,

Еске аламыз сол күндерді бірге өткен.
Ару қыздың жанарында сыр тұнып,

Асау жүрек кеудесінде бұлқынып.

Таң құсымен сайралады бар әлем,

Болмысымен жайнай берер гүл-қылық.


Ару қызды теңеп сырлы әлемге,

Сұлулықпен жақсылыққа енем де.

Құштарлықтың құпиясын ашқанмен,

Сүйкімдінің сыры түпсіз тереңде.


Сұлулыққа қанша қарап тоймадық.

Жанарынан жалындадық жайнадық.

Аруменен махаббаттың бағында,

Таңды атырдық бұлбұл құстай сайрадық...


Өткен күндер бейне аңыз,бәрі елес,

Әрбір күні мың күніңнен кем емес.

Алыстағы аңсары ауып,аңсаса,

Жандағы жан елемес...


Жапырақтай үмітті алдан үзбеген,

Сырға толдым сары бақта күзбенен.

Жырларымнан жалын атса жас өркен,

Арасынан жас күнімді іздегем...

12.12.2008жыл.
Ой-түйін.

Мен ешқашан мұңаймауға бекіндім,

Ешнәрсеге келмес тағы өкінгім.

Ішкі сенім,мейірім,ой,жақсы үміт,

Өмірге әсер берілетін секілді үн!
Адамдардың кешірімшіл болуы,

Берекеге,ырыс,құтқа толуы.

Көпшіл болу-көркейтеді көп істі,

Кекшіл болу-гүлдей қурап солуы.


Әрбір адам өз-өзіне жауапты,

Сезінсе ғой обал,борыш,сауапты.

Әрбір пенде сәби болып келгенде,

Күнәдан пәк,жазылмаған парақ-ты...


Әрбір адам көкке ұшар құстай-ды,

Бар тіршілік биіктікті нұсқайды.

Бір адамдар ұшақтардан түспесе,

Қаншама жан өмірінде ұшпайды...


Қаншама жан сұлулыққа шөлдеген,

Кейбір пенде өзін құртып,жерлеген.

Аш көздер бар дүниеге тоймаған,

Адамдар бар күн сәулесін көрмеген.


Білеміз бе еркіндіктің не екенін?

Құс та білер өзін туған мекенін.

Қартайғанда ұғынады бар адам,

Жастық шақтың кайталанбас шекерін...


Аман қалдық миллиондардың ішінен,

Жаратушы ұлылықтың күшімен.

Жақсылық тпен қайырымдылық жасауға,

Өмір бізге берілген деп түсінем

16.12.2008жыл.
Туылған күнге тілегім!

Ұлы істің ұлы күні ғой бүгін құлыным,

Қуаныш тұттық анаңмен бірге мұны мың.

Тыным бір таппай,кірпікті қақпай тіледік,

Амандығыңды бұлақтай мөлдір тұнығым!
Анаң ғой әркез жаныңа қамқор,күйетін,

Бесіктен тербеп,мәңгілік от боп сүйетін.

Әкенің сұсы,көңілінің құсы өзіңмен,

Қаталдау болсам «Адам бол»деген ниетім...


Бағыңды тілеп,жүреміз кейде көз ілмей,

«Ұлымыз бар»-деп ақылды,қамқор өзіңдей.

Қорғаның болдық,орманым болып,көбейгін,

Өз орныңды алғын,өмірден мынау езілмей.


Бақытты жансың,деніңнің сауын тілегем,

Ата-анаң барда бұл өмір жайнар гүл екен.

Асулар алда,қыран боп самға, алға ұмтыл,

Ынтымақ болса бақыт пен байлық бір екен!!!

23.12.2008жыл.
Сағыныш күй.

Сен мені сағын,сағына күткен жан аз ба?

Алшы бір дамыл,бәрін де салшы таразға.

Телміріп тұрып,теберік тілеп тағдырдан,

Сағынғандардың саны аз ба?
Сағынады адам санаға салмақ түскенде,

Алаңдау,аңсау жасалмас зорлық күшпен де.

Жаныңа жақын,өмірде ақыл,демеушің,

Жанардан таныр, қамқоршы сөзбен,іспен де.


Сағыныштағы жылылық неден басталар?

Жан жүрек еріп,көздегі мөлдір жас тамар.

Өзегіңді өртер өкінішіңді өзге сезе ме?

Табиғатыңды түсіне ала ма басқалар?


Сағыныш оты, жылы леп соқты сен жақтан,

Дірілдеп жүрек айныды еркін ырғақтан.

Шуақты күндер өтіпті-ау бастан еске алсақ,

Таусылмай сырлар, аралап қырлар түн қатқан.


Әлемді қимай сарғая күліп, күн батты,

Көл беті көлбеп, мөлдірей қалды сымбатты.

Өрнегін салып, өрілетұғын гүл-өмір,

Бір-бірін аңсап, сағынуыменен қымбатты.

26.12.2008жыл.
Досқа сыр.

Қазақ қызы дидарыңнан айналдым!

Қызжібек те сендей болмас,ойға алдым.

Жанарыңнан жарық шашқан жылынып,

Келбетіңнен, кірпігіңе байландым.
Бір көргеннен ғашық болып қалғанмын,

Жылылықтан жақсылыққа жалғандым.

Достың көңілі талғамымен тым биік,

Тазалық пен пәктігіңе таң қалдым.


Жаның сұлу,келбетің де көрікті,

Алла адал ұлқыздарын беріпті.

Қатал,қатты көрінетін Талғатжан,

Шуағыңнан балмұздақтай еріпті.


Ұнамдысың,жүрегіме жазылып,

Шыдамдысың,сөзі әділ,назы нық.

Шаңырақтың шаттығы мен бақыты,

Білгін Сенсің, айтсам әділ қазылық!


Ғизат-ақыл,компъютерді бағынтқан,

Бал-Назерке сұлулықпен табынтқан.

Аман болсын қылықты да тәтті қыз,

Жанеркем ғой күндіз түні сағынтқан.


Адамзаттың күші адал достықта,

Айырылмастай болдық басты қостық та.

Өмір мәнді өздеріңдей жандармен,

Көп адамдар рухани аштықта.


Куәсісің ең әдемі кезімнің,

Ұшқыр ойлы,парасатты,төзімдім.

Өздеріңмен қанаттанып,ұштым да,

Өздеріңмен бақытымды сезіндім!

21.08.2008жыл.
Жақсы көру.

Жақсы көрер әр адамды бір жан бар,

Сезу үшін жүрек үнін тыңдаңдар.

Махаббатпен өміршең ғой бұл өмір,

Адамға тән үндестікті бұзбаңдар!
Жақсы көру дүниені гүл етер,

Жақсылықты жадыратып,түлетер.

Сезім,сенім сағынышқа айналып,

Әр күн сайын бақытыңды шын етер!


Жақсы көру-жан дүниеңді өсіру,

Саналымен самал желше есілу.

Ортақтасу қиын менен қызықта,

Қамқор болып, әділдікпен кешіру!


Мәңгі үзілмес адамдардың тартымы,

Жақсы көру жан жүректің жарқылы.

Өмір-күрес,тағдыр-тартыс,талпынтар,

Сүйікті боп,сүйе білу арқылы!


Жалған дүние тым алысқа бармаған,

Адал адам аспас асыл арнадан.

Өмір-зәмзәм,ешкім шөлі қанбаған,

Бәрі мүмкін,әділ шешім Алладан!!!

21.08.2008жыл.


Сезімге керек сергектік!

Суынды денем,сезімге керек сергектік,

Аяулы жанды жүректе сақтап,тербеттік.

Аязы түннің адамға әсер етпеші,

Онсыз да жетер, суықтық,ойсыз немкеттік.
Аяздай тоңып,адамдар суып бара ма?

Әкеден безіп,анадан қашқан дана ма?

Еңбегі қайда,тоғыз ай он күн көтерген?

Өмірін арнап, қараусыз жалғыз қала ма?


Жас кезде білмес адамдар күштің кетерін,

Қызықты күндер елес боп қалып,өтерін.

Қаншама жан бар, тағдыры бөлек тартыста,

Түсінер кештеу пенделіктердің бекерін...

06.01.2009жыл.
Жаңа Жыл келді.

Жаңа Жыл келді,қуантып,кей жан мұңайды,

Жақсылықтармен келетін көркем сыңайлы.

Тұрар үміттен ертеңгі күнің қызықты,

Бақытын күткен бәріне көніп,шыдайды.
Толтырып қармен дастархан жайып кең дала,

Сән құрып шырша,ортада әсем паңдана.

Аяз ата мен қарша қыз жетті алыстан,

Үлкен мен кіші қызыға қарар таңдана.


Сол балғын көңіл, балалық шаққа тарта ма?

Алаңдар жүрек кластас деген ортаға.

Жүректе қалған,болып бір арман ару қыз,

Елесі алғы партада.

13.01.2009жыл.
Гүл-заңғар!

Сырттай мені ұнататын,

Тау көңілін құлататын.

Жаны сұлу,гүлдей нәзік,

Жылы сөзі мәңгі азық.

Бір жан бар!


Күн шуағы қарағаны,

Өзі ерекше дара бағы.

Арнап өмір,уайымдайтын,

Сұлу өскен қайыңдай,тың.

Гүл-заңғар!
Бақытымды биіктеткен,

Қуанышты үйіпе төккен.

Ардақ тұтып,аялаған,

Гүлзар бақтай сая маған.

Ардағым!

Тектілігін тұмар еткен,

Шың өзіне құмар еткен.

Сұлулығы сарқылмаған,

Тек жанымда жарқылдаған.

Жан жарым!


Келем күнде жаңалықпен,

Бір Аллаға тобалықпен.

Сыйласамыз жайып өркен,

Қызық,мәнді,өмір көркем,

Ән бағым!

28.01.2009жыл.


Жапырақ жүрек бақтағы.

Мөлдіреп тұрған жанардан,

Сағыныш нұрын сезгенмін.

Бойыңда тұнған сан арман,

Алаулап жандың,өзгердің.
Тал бойың діріл қаққаны,

Сұлудың әркез сыры мың.

Жапырақ жүрек бақтағы,

Бал-тәтті әуен,қылығың.


Ерекше өскен тал шыбық,

Тамырын алған өнерден.

Әніңнен жүрек жаншылып,

Көркейді көңіл көнерген.


Келісті көркем келбетің,

Ай-мүсін,аққу,ақмаңдай.

Жандарды күйген,жер бетін,

Өнермен көтер самғардай.


Жаңару,жану жасқа тән,

Ақылды жансың,биікте!

Балқытып бойды басқан ән,

Сүйікті болғын,сүйіп те!

31.01.2009жыл.
Қар ұшқын.

Қар төгілді аспаннан күй ақтарып,

Бейнебір сенің күлкің сияқтанып.

Бар әлем әппақ нұрға боялды да,

Дәл сендей мөлдіреді,тұрақталып.
Кең дала ақ көрпесін жамылғандай,

Еске алып,гүл көктемін сағынғандай.

Көріктіге көз алмай қарай бердім,

Дәл сенің сұлу бейнең табылғандай.


Асылдың орны мәңгі төрде екен тек,

Жүректе қасиетің жүр мекендеп.

Қалықтап келе жатқан қар ұшқынға,

Анықтап қарай бердім «Сен бе екен»-деп...

03.02.2009жыл.
Сезім нұр.
Осы бір сәт тым бақытты көп күннен,

Тек өзіңе арып ашып,жеттім мен.

Қалған өмір тек сенімен бал-қызық,

Жүрегіммен жақсы көріп кеттім мен.


Қол ұстасып, бала кезден бірге өстік,

Содан болар түсіністік,үндестік.

Күні бойы бір дара бақ сен болдың,

Түні бойы қыр аралап,тілдестік.


Бөліскенбіз қызық пенен қиынды,

Өткізгенбіз ойын сауық жиынды.

Мен тірліктен танып жүрсем өзіңді,

Сен кірпіктен біліп қойдың күйімді.


Тек өзіңмен таусылмастай қызығым,

Талай бұздым шекараның сызығын.

Мейірімді тәрбиеші сен болдың,

Ұрмай соқпай тәрбиелер бұзығын.


Ынтымақты өмір сүріп келеміз,

Қиындықты тек бірлесе жеңеміз.

Жақсылықты жалғастырса жас ұрпақ,

Тек солармен мол бақытқа енеміз!

03.02.2009жыл.
Сағыныш күйді сарғая күтіп,аңсадым.
Таң атты тағы бүгінге үміт мол сенім,

Көгінде көлбер,қып-қызыл шапақ еңсенің.

Бір рахат сезім бойымды менің тербетіп,

Ұғынтты өмір өлшемін.


Тап-таза ауа бойымды менің сергітті,

Тілекпен тартып,үмітін артып,ел күтті.

Жапырақтай болып,жүрегін жайған жұртым-ау,

Еліне қорған, сенімге кірген ер құтты!


Таң атты тағы арманға бізді жетелеп,

Самалы соқты анадай бізді мәпелеп.

Жұлдыздар өшіп,бұлттарды тесіп найзағай,

Жаңбыры құйды төпелеп.


Тап-таза ауа жанымды желпіп,тербетті,

Өзіңе деген сезімім өсіп,ер жетті.

Қайыңдай болып,иіле қалған халқым-ау,

Сенерім сенсің келбетті.


Сезініп таңның әдемі әппақ моншағын,

Бойымды таза иманды нұрмен қоршадым.

Көрікті болып,көкейде тұрды елесің,

Сағыныш күйді сарғая ойлап, аңсадым...

07.02.-10.02.2009жыл.
Біле ме адам?
Біле ме адам бақытын?

Ең сәтті сәтін ұғынбас.

Ұрлатар көп жан уақытын,

Рухани кедей шынында аш.


Құйындай мынау әлемде,

Өмірмен жүрміз жарысып.

Адамдық шексіз көлемде,

Өзімізбен жүрміз танысып.


Ғажап қой өмір сезінсек,

Жақсылық күттік ертеңнен.

Адамзатты ойлап көз ілсек,

Жүземіз жарқын желкенмен.


Сағыныш күйде самғадық,

Ең жақын жандар жүректе.

Өмірді сүйдік,қанбадық,

Әрбір жан құштар тірекке.


Біле ме адам бақытын?

Ең сәтті сәтін ұғынбас.

Ұрлатар алтын уақытын,

Рухани кедей шынында аш.

11.02.2009жыл.
Ән:Сағынып жүрген шығарсың...
Сағынып жүрген шығарсың,

Бірге өткен ыстық күндерді.

Айта алмай іштен тынарсың,

Сен жақтан тылсым үн келді.

Қайырмасы:

Сұлусың бүршік жарғандай,

Ұқсайсың жасыл аршаға.

Сүйікті жанын армандай,

Сағынған жандар қаншама?
Мөлдірей қалдың мөлтілдеп,

Көздегі жасты жасырып.

Езіліп кеттім езіліп,

Өзіңе жүрмін асығып.


Тал бойың әсем қылықтым,

Жайқалған бағым сен бе едің?

Түбінде тұрып тұнықтың,

Күн сайын аңсап,шөлдедім.


Сұлулық сәнің сиқырлап,

Көркіңе көркем асыққам.

Өзіңмен көңіл күй құрмақ,

Іздедім сені тасып қан.

11.02.2009жыл.
Туылған күнге тілек!

Туылған күнге арнадық жылы тілекті,

Сағынып Сізді жүректер толқып,дір етті.

Әрбір жан Сізден сұлулық көрген шаттана,

Сезінген қамқор тіректі.
Шынайы жанды жаратар елмен үндес қып,

Баянды болар өмірде мәңгі шын достық!

Бақыт пен байлық тіледік өмір,денсаулық,

Ардақтап Сізді бір ұжым болып, үн қостық!

13.02.2009жыл.

Туылған күнің нұр шаттыққа бастасын!

Жас күнінде жалын болмау жасқа сын!

Бақыт,байлық,зор денсаулық тіледік,

Данабайым нұр боп жайнар жастасың!

24.02.2009жыл.


Адам ғана...
Адам ғана сүйе алады шексіз,түпсіз,тереңдеп,

Күйе алады жүрек байғұс болмашыға елеңдеп.

Қаншама азап өргенімен өмір ғажап көрінер,

Сезе білген,төзе білген,шын бақытқа бөленбек!


Адам ғана сезінеді бал кезеңін шаттығын,

Мәңгі бақи аңсап өтер сәби шағын,пәктігін.

Ғажап өмір жақсы көрер жандарымен көрікті,

Денсаулықпен өмір сүрсе әрбір жанға бақ бүгін.


Адам ғана ұмтылады сұлулыққа құнығып,

Өзін-өзі көтереді,өзін зерттеп,шынығып.

Бар әлемді танып білген, қария да,дана да,

Үлгермейді өзін танып, өзін біліп,сыр ұғып...


Адам ғана өнерімен өрге қарай өрлеген,

Жақсылыққа жаны жақын,сұлулыққа шөлдеген.

Сынып тұрып,сыр бермеген,сын айтқыштар көбейді,

Бойындағы кемшілікті ешқашанда көрмеген...


Адам ғана жаратылыс ең күрделі,қымбатты,

Өмір шіркін сыйластықпен,ынтымақпен ырғақты.

Сүйе білу-сүйікті боп сезімменен жалғану,

Адам-ұлы «Адам»атпен,адамдықпен сымбатты!!!

26.02.2009жыл.
Сол күндер-ай...
Сол күндер ғой жастық шақтың талғамы,

Сол күндерде сағыныштың салмағы.

Есте қалып,елжіретіп,елітіп,

Елес болып,қыр соңымнан қалмады.


Сол күндерде махаббаттың бал дәмі,

Көңіл толқып,жүрек тулап,жанғаны.

Жақын бізге қол ұстасып қыдырған,

Біз есіткен бұлбұл құстың таңғы әні.


Сол күндерде жеткізе алмас сезім де,

Ғашықтардың нұр ойнаған көзінде.

Ынтық жандар бір-бірінсіз тұра алмас,

Жұптарының жүрек кілті өзінде.


Сол күндер-ай асық болған аптығып,

Қайта оралмас сол күндерде шаттық ұқ.

Жақсы көрер жанды көріп қысылдық,

Айна алдында алсақтағы жаттығып.


Күйіп,жанып,өтер жолдан өте алмай,

Асыққанмен алғы күнге кете алмай.

Сағынышпен арманына алданып,

Адамдар жүр өткен күнге жете алмай...

27.02.2009жыл.
Ақ сезім жапқан жер үстін.
Бір сезім мені биледі,

Бар әлем жайды күн құшақ.

Сұлулық атты күй легі,

Баурады мені шын тұсап.


Бәйшешек көрдім қырдағы,

Иісінен еріп,ес кетті.

Әсемдік жайын жырлады,

Көктеммен күліп,лезде өтті.


Адамның жаны жаз екен,

Жылылық күтер өзгеден.

Бейнебір өмір саз екен,

Көркемді көңіл көздеген.


Күтетін күзден жемісін,

Адам да бейне жапырақ.

Бұл мезгіл аңсау мен үшін,

Сағынышымен жақын-ақ.


Тазалық табам қыс күннен,

Ақ сезім жапқан жер үстін.

Ғажайып күйге түстім мен,

Сұлуды сезіп,келістім...

28.02.2009жыл.
Өмір сүргім келді күн-түн құштар боп...
Дәл осы сәт тым ерекше көп күннен,

Жыр арқылы жырға айналып кеттім мен.

Ғаламға тән қуанышты сезіндім,

Адамға тән мол бақытқа жеттім мен.


Жанға жақын өмірімде тұстар көп,

Қарапайым ұлылыққа ұқсар көп.

Сұлулықты сезіндім де ғашық боп,

Өмір сүргім келді күн-түн құштар боп.

03.03.2009жыл.
Жазылмаған жан жүректе қаншама ән.
Жаңбыр жауып,гүлдер мені қоршады,

Жақсылықты жаным тілеп аңсаған.

Сұлулық-ай ынтықтырған баршаны,

Жазылмаған жан жүректе қаншама ән...


Жаңбыр құйды,сезімдерін селдетті,

Жүрегіме ұялады жылылық.

Көркем болып,көзді арбады келбетті,

Тамшылардай мөлдіреген тұнық ұқ.


Төгіп нөсер,моншақтары тырсылдап,

Жан жүректі гүл сезімге бастады.

Сырласады сері-жігіт,қыз-сұңғақ,

Бір-біріне елжірей көз тастады.

Жүректерді қуанышқа кенелтіп,

Кереметті жайып салды алдыңа.

Арманымен тағы жылды жөнелтіп,

Қайталанбас көктем келіп қалды ма?


Қиялымның көкжиегі көлбеңдеп,

Алғы күннен үмітімді үзбедім.

Қайда жүрсем мен өзіңе елеңдеп,

Алаңдаумен тек өзіңді іздедім...

04.03.2009жыл.
Сұлу-Жер Ана.
Мен сезіндім сұлулықтың тұнығын,

Бақытыма санадым да мұны мың.

Сымбатымен сыршыл етті сананы,

Жалындаған жанарынан жылыдым.


Көз алдымда тұрып алды от бейне,

Күндіз естен, түнде түстен кетпей де.

Сағынышпен арпалысар бұл жүрек,

Аңсары ауып көркем қиыр шеткейге.


Табиғаттан жаралғандай таңдалып,

Шуақ шашқан шырайынан жанданып.

Назы ерітіп,сазы елітіп, елікше,

Мүсініне көз тоймады таңқалып.


Мен сезіндім нұрын шашқан бір айды,

Көріктіге көңіл ауған сыңайлы.

Бүкіл әлем сұлулықпен ұсталып,

Сұлулықсыз сиықсыз боп құлайды.


Тек сұлулық барлық жанға ұғымды,

Бас иілді,қанша тізе бүгілді.

Сұлулықты сақтап тұрған Жер-ана,

Тілеп жүрмін күн-түн амандығыңды!!!

05.03.2009жыл.
Ән: Сұлусың сен...
Сұлусың сен, табиғаттай тұнықсың,

Әсемдікпен әсерлі әлем құрыпсың.

Жабыққанда жараланған жанымды,

Дәл өзіңдей кім түсінсін, кім ұқсын?

Қайырмасы:

Сұлусың сен шаттанумен тек күлсең,

Күндіз есте,түнде түсте тек бір сен.

Өрнегіңмен өзі көркем өмірді,

Мәңгілік жас,мәңгі сұлу еттің сен.
Сұлусың сен, көркем мүсін,келбеттім,

Аққу болып,сезімімді тербеттің.

Жалын болып,жарқырадың жанымда,

Алыс кетіп,арман болып,шөлдеттің.


Сұлусың сен таңғажайып қалпыңда,

Жан дүниеңді теңеп жүрмін алтынға.

Нәзік гүлдей қалып қойдың жүректе,

Тағдырымен күресуші нар тұлға!


Сұлусың сен мөлдіреген күйде анық,

Имандылық,өн бойыңда ибалық.

Құдіреттен әсем әлем құлпырса,

Сымбатыңды қалғандайсың сыйға алып.

10.03.2009жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет