E-технологии. Электронный бизнес. Электронное обучение. Электронное правительство


ҚБП мына төмендегі түрлерге бөлінеді



бет2/4
Дата12.02.2024
өлшемі1.03 Mb.
#491698
1   2   3   4
3-дәріс

ҚБП мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
    • жалпы мақсаттағы;
    • әдістемелік бағдарламалау;
    • проблемалық- бағдарламалау.

ҚБП- нің тобына:
    • мәтіндік процессорлар (мысалы, Microsoft (MS)Word);
    • кестелік процессорлар (MS Excel);
    • деректер базаларын басқару жүйелері (MS Access);
    • серпінді тұсау кесерлер жүйелері (MS Power Point);
    • графикалық процессорлар (Corel Draw);
    • баспа жүйелері (Page Maket, Quark XPress)
    • жобалауды автоматтандыру жүйелері (CASE технология)
    • сараптау жүйелерінің, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінің және басқаларының қоршауы.

ҚБП-нің әдістемелік-бағдарламалау негізіне:
    • математикалық бағдарламалау(линиялық, серпінді, статистикалық және басқа да);
    • желілік жоспарлау мен басқару;
    • жаппай қызмет көрсету теориясы;
    • математикалық статистика есептерін шешудің әртүрлі экономика- лық математикалық әдістерін жүзеге асыру жатады.

Проблемалық-бағдарланған ҚБП - нақты мәселе саласындағы белгілі бір міндеттерді (проблемаларды) шешуге бағытталған. Бұл қолданбалы бағдарламалар дестелерінің ең кең тобы.
Олардан мыналарды: банктік пакеттерді, бухгалтерлік есеп пакеттерін, қаржы менеджментін, құқықтық анықтамалық жүйелерді және басқаларын бөліп атаған жөн. Қолданбалы БҚ-ға сервистік қызметтің бағдарламалық құралдары жатады, олар пайдаланушының қолайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін (мысалы, ақпараттық менеджерлер, аудармашылар және басқалары) қызмет атқарады.
II. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ДАМУЫ
Операциялық жүйелердің даму тарихы жарты ғасырдай уақытты қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік базасының дамуымен байланысты анықталады.
Бірінші сандық есептеуіш машиналар 40-ж. басында пайда болып, операциялық жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50-ж. ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет