Тарифтік кесте – жұмысшылардың және қызметкерлердің әрбір топтарының а расында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежілі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі.
|
Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері 1 сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша 1 сағатқа белгіленген немесе 1 сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерні сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе 1 өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады.
|
Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігі мен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай белгіленген разрядтар көрсетіледі.
|