Негізгі қор (құндық бағада негізгі капитал) – бұл еңбек құралы ретінде қолданылатын, өзінің табиғи қалпын сақтай отырып ұзақ мерзім бойы әрекет ететін, өзінің құнын өндірген өнімге біртіндеп аударатын материалдық-заттық құндылық.
Негізгі өндірістік қор - материалдық өндіріс саласында тікелей қызмет етеді, өндіріс процесіне бірнеше рет қатысады, біртіндеп тозады, ал оның құны өндірілетін өнімге қолдану мөлшеріне байланысты біртіндеп ауысады. Олар қаржы салымы есебінен толықтырылады.
.
Загрузка…
Негізгі қордың жеке бөлшектері өндірістік процесте пайдалану мақсатына және есептеу тәртібіне байланысты натуралдық көрсеткіште келесі топтарға жіктеледі:
- кәсіпорын меншігіндегі жер телімдері және табиғатты пайдалану объектілері;
- ғимараттар;
-құрылғылар;
- таратушы құрылғылар;
- машиналар мен жабдықтар;
- өлшеуіш және реттеуіш құралдар, қосалқы және лабораториялық жабдықтар;
- есептеуіш техникалар;
- транспорттық құралдар;
- пайдалану мерзімі 12 айдан асатын құрал-саймандар;
- өндірістік - шаруашылық инвентарь;
- ішкі шаруашылық жолдар;
- негізгі қорға қатысты жабдықтарды, кеңселерді, жалға берілетін ғимараттарды, жер телімдерін және басқа да объектілерді жақсартуға салынған қаржы.
Негізгі қордың кеңейтілген ұдайы өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты оларды өндірістік және өндірістік емес деп бөледі.
Негізгі өндірістік қор - материалдық өндіріс саласында тікелей қызмет етеді, өндіріс процесіне бірнеше рет қатысады, біртіндеп тозады, ал оның құны өндірілетін өнімге қолдану мөлшеріне байланысты біртіндеп ауысады.
Негізгі өндірістік емес қор - кәсіпорын балансындағы тұрғын үйлер, бала-бақшалар және спорт мекемелері, мәдени-тұрмыстық бағыттағы басқа да объектілер жатады.
Негізгі қорды өндіріс процесіне қатысуына байланысты екі топқа жіктейміз: активті және пассивті.
Негізгі қордың өндірістік процесте ұзақ қатысуы мен тозуы және осы кезең ішінде ұдайы өндіріс шарттарының өзгеруіне байланысты негізгі қорды бағалаудың бірнеше түрі бар, олар:
- Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны
-Негізгі өндірістік қордың қалпына келтіру құны
-Негізгі өндірістік қордың қалдық құны
Достарыңызбен бөлісу: |