Әдебиеттер:нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,13-15, 20-22, қос.4,5, 15-17
Дәрістің мақсаты болып өнімді өндіру және өткізу шығындарының экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша жіктелуін және кәсіпорындардың өнімді өндіру және өткізу шығындарының қалыптасуының қазақстандық тәжірибесін зерттеу. Калькуляциялаудың түсінігі мен қағидаларын қарастыру.
Кілттік сөздер:тұрақты шығын, ауыспалы шығын, шекті шығын, калькуляциялық бірлік, сатылған өнімнің өзіндік құны, өндідірістік өзіндік құн.
Экономикалық элементтері мен калькуляция баптары бойынша шығындардың жіктелуі
Калькуляцияның жеке баптары бойынша шығындар келесі тәртіппен анықталады:
өнімді өндірудің тікелей шығындарын нормативтік есептеу;
жеке өнімнің өзіндік құнына жанама шығындарды бөлу.
Тікелей шығынды есептеу.Шикізат пен материал шығынын есептеу белгілі бір өнімнің шығын нормасын материалдық ресурстың сәйкес түрінің бағасына көбейту арқылы есептеледі. Алынған нәтижесіне транспорттық-дайындау шығысы қосылып, олардың сатылу (пайдалану) бағасы бойынша қайтарылған қалдық құны алып тасталынады. Жинақтаушы бұйым мен жартылай фабрикатты сатып алу құны алғашқы құжат есебі негізінде объект құрылысы, тапсырысты орындауы сәйкес бұйымның өзіндік құнына жатады. Сәйкесінше, материалдарға «Технологиялық мақсаттағы отын мен энергия» бабы бойынша шығындар жатқызылады. Ол жылу-энергетика ресурстарының шығын нормасын, сәйкес бағадағы өнім бірлігіне көбейту арқылы анықталады.
Өндірістік жұмыскердің негізгі еңбекақы шығыны кесімді жалақыда кесімді бағалама бойынша жоспарланған жұмыс көлемі негізінде, ал мерзімді жалақы – алдағы атқарылатын уақыттың тарифтік ставкасы бойынша анықталады. Осы калькуляциялық бапқа еңбекақы төлеудің кесімді-сыйақылық жүйесі бойынша қосымша төлемдер мен мерзімдік-жұмыскерлер сыйақысы да жатқызылады. Өндірістік жұмыскердің қосымша еңбекақысы негізгіге сәйкес өнімнің өзіндік құнынан тұрады. Әлеуметтік салық пен салалық сақтандыру төлемі өндірістік жұмыскердің (негізгі және қосымша) еңбекақы төлеу шығынына пайыз есебінде бекітілген аударым нормасына сәйкес анықталады.
Өндірісті дайындау мен игеру шығыны смета негізінде өнімнің жеке түрін жоспарлық калькуляциялаудан және белгілі мерзім ішінде шығынды жабу үшін жоспарланған көлемдегі өнім өндірісінен тұрады.