3. Калькуляциялау, оның түсінігі және қағидалары Калькуляциялау – есептесу жүйесінің көмегімен барлық сатылған өнімнің және оның элементтерінің өзіндік құны анықталатын, нақты тауар түрінің өзіндік құны, кәсіпорынның өнімді өндіру мен сатуға кеткен жеке бөлімшесінің шығынының сомасы.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау процесіне – аяқталған өнім мен аяқталмаған өндіріс арасындағы өндіріске шығындарды шектеу жатады; ақаулы өнім шығынын есептеу; өндіріс қалдығы мен қосымша өнімді бағалау; дайын өнімге қатысты шығыс сомасын анықтау; өнім түрі арасында шығынды бөлу; өнімнің бір данасының өзіндік құнын анықтау.
Жоспарлық калькуляцияны есептеу. Өзіндік құнның калькуляциясы өнімнің бір данасының бағасын анықтау үшін, кәсіпорын шығынын оның өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесімен салыстыру үшін, кәсіпорын жұмысының тиімділік деңгейін анықтау үшін қажет. Шығарылатын өнімнің ерекшелігі мен технологиялық процестің сипатына байланысты калькуляциялау объектісіне мыналар жатады:
технологиялық шек;
транспорттық құралдардың жұмысы 1т∙км, жөндеу күрделілігінің бірлігі, электроэнергия 1 кВт ∙сағ, құю, немесе басылымша 1т.
Тәжірибеде көбінесе дайын өнімнің, жартылай фабрикаттар мен көрсетілетін қызметтің өзіндік құны калькуляцияланады. Калькуляциялық бірлік өндіріс жоспары мен стандартында көрсетілген натуралдық бірліктегі өлшем бірлікке сәйкес келуі қажет.
Өнімнің бір данасының өзіндік құнын калькуляциялау үшін шығындар олардың пайда болу орны мен арналу белгісіне байланысты біріктірілетін шығыстың шығын баптарына жіктеледі.
Кәсіпорын өндірістік шығын баптарының келтірілген номенклатурасына өндірістің техникалық, технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өзгеріс енгізе алады. Кәсіпорындағы шығыс баптарының жіктелуін толық қамтуына байланысты өзіндік қорды мынадай түрлерге жіктейді:
Сатылған өнімнің өзіндік құны;
Толық және толық емес өндірістік өзіндік құн болып жіктелетін өндірістік өзіндік құн.
Сатылған өнімнің өзіндік құны – өнімді өндіру мен сатуға кеткен, барлық 12 шығыс баптарының жиынтығынан тұратын кәсіпорын шығыны. Өндідірістік өзіндік құн – шығарылған өнім өндірісіне кеткен кәсіпорын шығыны. Толық өндірістік өзіндік құн (фабрикалық-зауыттық) кәсіпорынның өндірісі мен басқарумен байланысты кеткен кәсіпорынның 11 шығыс баптарынан қалыптасады. Өнімнің толық емес өндірістік өзіндік құны (цехтық) кәсіпорын бөлімшелерінің (цехтар, учаскелер) шығынан және шығыстың 8 бабынан қалыптасады.
Калькуляцияның жеке баптары бойынша шығындар келесі тәртіппен анықталады:
өнімді өндірудің тікелей шығындарын нормативтік есептеу;
жеке өнімнің өзіндік құнына жанама шығындарды бөлу.