Еңбекақы түрлері Негізгі



бет29/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
Экономика предприятия лекция

Әдебиеттер: нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,13-15, 20-22, қос.4,5, 15-17
Дәрістің мақсаты болып нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәнін, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды және бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін анықтау болып табылады.
Кілттік сөздер: Өнімнің бәсекелестік артықшылығы, өнімнің бәсеке қабілеттігін бағалау, бәсекелес ортаның мониторингі



  1. Өнімнің бәсекеге қабілеттігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру қажеттігі

Кәсіпорын қызметі өнімді өндіруге, жұмысты атқаруға, қызмет көрсетуге бағытталған. Өндірілген өнім өндіріске немесе жеке тұтынуға арналуы мүмкін. Кәсіпорынмен көрсетілген қызмет өндірістік немесе өндірістік емес (халық үшін қызмет) мазмұнда болуы мүмкін.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – бұл нақты нарықта және белгілі бір уақыт аралығында оған бәсекені ұстауға мүмкіндік беретін өндірілетін өнімнің тұтынушылық және құндық сипаттамасының жиынтығы.
Бұл өнімнің әлеуетті қасиетінің серпінді сипаттамасы, ол біржолғы және мәңгіге алынған қасиет емес: ол бір нарыққа және нақты уақытқа есептелген. Бір географиялық нарықта өнім бәсекеге қабілетті болса, онда басқасында ол мұндай қасиетке ие болуы мүмкін емес. Және керісінше, белгілі уақыттан кейін бір нарықтан ығыстырылып шыққан өнім, екіншісінде жетістікке жетуі мүмкін.
Бұны әртүрлі себептермен түсіндіруге болады, мәселен негізгі бәсекелестің кетуі, жарнамалық компанияның тиімді әрекетінен, ауыстырмалы өнім бағасының өсуі және т.б..
Бәсекеге қабілетті өнім туралы айтқанда, біз нақты нарықтық жағдайды назарға алуымыз қажет. «Бәсекеге қабілеттілік» ұғымы әмбебап болуы мүмкін емес.
Бәсекеге қабілеттіліктің маңызды құраушы элементі - өнімнің сапасы, бірақ бұл жеке ұғым емес. Егер сапа өнімнің тұтынушылық қасиетінің жиынтығы болып түсіндірілсе, онда бәсеке қабілеттілік оның нақты қоғамдық қажеттілікке сәйкестігімен сипатталады. Бәсекеге қабілеттік деңгейін бағалау барысында, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын әртүрлі өнімдер салыстыруы мүмкін.
Сапа тұтыну қасиетінің белгілі сипаты ретінде «бәсекеге қабілеттілік» ұғымының басты құрушысы болып саналады. Сапа көлемі өндірушінің нақты мүмкіндігі мен көзқарасынан, ал бәсекеге қабілеттіліктің көлемі – тұтынушының мүмкіндігі мен көзқарасынан тұрады.
Қазіргі заманғы өнімнің сапа деңгейі өндірістің техникалық деңгейімен анықталады, ал бәсекеге қабілеттік деңгейін бағалау барысында оны өнімнің тұтыну деңгейінің дамуымен салыстыру керек. Бірақ та сапа деңгейі кейбір жеке параметрлер бойынша тұтынушылықтың даму деңгейінен жоғары болуы мүмкін.
Бұл тұтынушымен міндетті түрде бағаланбауы да мүмкін және міндетті түрде қажетті экономикалық әсер бермеуі де мүмкін. Сапаның маңыздылығы - өсу қарқынына ие. Маркетингтік зерттеулерде «мақсатқа бағытталған сапа» термині қолданылады, ол нарық сегментіне сәйкес тұтынушының мүмкіндігі мен қажеттілігіне анағұрлым сәйкес келетін сапа деңгейін білдіреді.
Өнімнің бәсеке қабілеттігін бағалау – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық қызметі үшін негізгі элемент болып табылады. Ол өнім қозғалысының барлық кезеңінде жүргізілуі тиіс: жобалау процесінен бастап оны тұтынушының пайдалану процесімен аяқталады. Бәсекеге қабілеттіктің әлеуетті негізгі көлемі өнімді өңдеу кезеңінде (техникалық, эстетикалық, нормативтік) қалыптасады, ал сатып алушымен өнімді қабылдау нарықта, сату кезінде болады.
Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттік резервін жоғарылатуын бағалау оның қозғалысының барлық кезеңінде қарастырылады. Бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату бағытын тез және нақты анықтау маңызды. Бұған тұрақты мониторинг әсер етеді.
Бәсекелес ортаның мониторингі бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату бағытын анықтайды.
Тәжірибеде бәсекелестерді бағалау өте маңызды: олар қаншалықты агрессивті, бәсекелестің тауарды өткізу желілерінің артықшылықтары неде, олар өнімді сатуды қалай ынталандырған. Өнімнің бәсеке қабілеттілігінің жоғары деңгейде болуы, оның өндірісінің мақсаттылығы мен оны тиімді сату мүмкіндігін куәләндырады.
Сатып алуды жүзеге асыру барысында әрбір тұтынушы нарықта ұсынылған ұқсас бұйымның ішінен керегін таңдайды және бұл таңдау оның қажеттілігін жоғары дәрежеде қанағаттандыруы қажет.
Ол бұйымның тұтынушылық қасиеті мен оны сатып алу және пайдалану шығыны арасындағы оптималды қатынасқа қол жеткізуге тырысады, яғни шығынның бір бірлігіне шаққандағы максималды тұтыну әсерін алады.
Өз өнімінің бәсекеге қабілеттік деңгейін объективті бағалау үшін жабдықтаушы, талдау барысында, өнімді таңдауда тұтынушы қандай критерилерге сүйенетін болса, сол критерилерге басты назар аудару қажет. Тек осындай жағдайда ғана, жабдықтаушымен бұйымға берілген баға сатып алушының көзқарасымен сәйкес келеді деуге болады.
Бәсекеге қабілеттік көрсеткішін есептеудің бірнеше әдістері бар. Алдымен өнімнің өмірлік циклінің кезеңіне, кәсіпорынның даму жоспары мен стратегиясына тәуелді бағалау мақсатын анықтау керек. Өнімнің әрбір түрі үшін келешекте талдау жүргізуге және тиімді тауарлық саясатты құру үшін бәсекеге қабілеттік деңгейін бағалау қажет.
Сатып алушыны зерттеу нәтижесі көрсетіп отырғандай, тұтынушы қай тауардың оны сатып алу және тұтыну шығынының (С) пайдалы әсерге (Р) қатынасы максималды болса, сол тауарды сатып алады. Сондықтан кәсіпорынның өнімді таңдау процесі мына формуламен анықталады:

К= Р/С — max (1)


Осы бәсекеге қабілеттік шарты болып табылады. Бірақ бағалау тек салыстыру кезінде ғана болады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттігін бағалау мына кезеңдерден тұрады:
а) нарықты талдау мен өнім үлгісін таңдау анағұрлым бәсекеге қабілетті база ретінде;
б) қос үлгінің салыстырмалы параметрінің жиынтығын анықтау;
в) бағаланатын өнімнің бәсекеге қабілеттігінің интегралды көрсеткішін есептеу.
Өнімнің бәсекеге қабілеттігін салыстыру үшін параметрін қалыптастыру, өнімнің бәсекеге қабілеттік факторын анықтауды болжамдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет