Жоғарыда аталғандай еркін бәсекелестік жағдайында кәсіпорын (фирма) өндірген өнімге баға автоматты түрде орнатылады. Оған нарықтық баға қалыптастыру заңдары әсер етеді.
Сонымен қатар әрбір кәсіпкер максимальді мүмкін пайда алуға тырысады.
Осы жерде өнім өндірісі көлемін өсіретін, оның толықтырылмаған нарықтағы қозғалысына әсер ететін факторлардан басқа, осы өнімді өткізу және оның өндірісіне шығындарды төмендету, өндіріс шығындарын төмендету мәселесі туындайды.
Дәстүр бойынша шығындарды азайтудың маңызды жолдарының бірі болып өндіріс процесінде тұтынылатын ресурстардың барлық түрлерін тиімді немесе эконоиды пайдалану: еңбектік және материялдық.
Өзіндік құнды азайтуда еңбек өнімділігін арттыру қажет. Еңбек өнімділігі-еңбек шығынының тиімділігін арттыру.
Бұл өндіріс процесінде жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі, нәтижелілігі, жемістілігі.
Қызметкерлердің еңбек өнімділігі бір уақыт өлшемі ішінде өндірген өнімнің немесе орындалған жұмысының көлемі (мысалы, 1 сағатта 10т өнім шығарады), немесе бір өнімге кеткен уақыт (10т өнім алуға 1 сағат уақыт жұмсады) немесе ұлттық табыс мөлшерімен есептелінеді.
Еңбек өнімділігі=Жиынтық қоғамдық өнім / Жұмыс атқаратындар саны
Кәсіпорын деңгейінде:
Еңбек өнімділігі=Q (өнімнің саны)/ Т (уақыт).
Еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыс уақытын үнемдейтін факторларға назар аударылады.
1) жұмыс уақытын ұтымды пайдалану;
2) жұмыста кездесетін тиімсіз үзілістерді азайту. Жұмыс уақытын ұтымды, үнемді пайдалануға техника мен технологияларды жетілдіріп, өндірісті, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту, ал екінші әдіске - өндірістің жоспардан тыс тоқтап қалуын қысқарту, сөйтіп үзілістерді азайту жолдарымен қол жеткізеді.
Еңбек өнімділігінің көрсеткіші қызметкерлердің материалдық жағдайын жақсартумен тікелей байланысты. Еңбек өнімділігі арттқан сайын еңбекақы – оған төленетін ақы да өсіп отыруы тиіс.
Жалақының еңбек өнімділігінің өсу қарқынан кейін қалуы немесе артып кетуі дұрыс емес. Бұл қатынас бұзылса, ол еңбек өнімділігін арттыруға деген материалдық мүдделілікке кері әсер етеді.
Осылайша, өндірістің шығындар құрылымындағы көп бөлігін еңбекақыға шығындар алады (Қазақстан өнеркәсібінде 13-14%, дамыған елдерде – 20-25%).
Сондықтанда шығарылатын өнімге еңбек сыйымдылығын азайту, еңбек өнімділігін өсіру мәселелерінде өндірістің әкімшілдік қызметтігі персоналдың санын азайту орынды болады.
Еңбек өнімділігін арттыру оны ұйымдастыруға да көп көңіл бөлу қажет: жұмыс орындарын дайындау, оның толықтай жұмыс жасауы, еңбектің арттыруға басқада әдістерді қолдану.
Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындарда жұмыс күшінің бәсеке қабілеттілігін, сапасын жоғарылату қажеттілігі мына факторлармен анықталады: