Еңбекақы түрлері Негізгі


ТАҚЫРЫП 6. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ



бет32/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Экономика предприятия лекция

ТАҚЫРЫП 6. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Дәріс жоспары (2сағат)
Дәріс 2

  1. Күрделі қаражат салымдар, олардың құрамы және құрылымы

  2. Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері

  3. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі

Әдебиеттер: нег. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 11,13-15, 20-22, қос.1-6, 15-17
Дәріс мақсаты болып капиталдық салымдардың, олардың құрамы мен құрылымының мәнін ашу, инвестициялық жобалардың мазмұнын, дайындау және жүзеге асыру кезеңдерін анықтау саналады.
Кілттік сөздер: капитал, активтер, инвестициялық жоба, салымдарының экономикалық тиімділігі, инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістемесі.



  1. Күрделі қаражат салымдар, олардың құрамы және құрылымы

Капитал - (лат. capitalis - бас) - кең мағынада – бұл табыс әкелетіннің барлығы, немесе адамдардың тауарлар немесе қызметтерді өндіруге жасаған ресурстары. Тар мағынада – бұл іске салынған, өндіріс құралдары түрінде істеп тұрған табыс көзі (физикалық капитал). Көптеген циклдар барасында өндіріске қатысатын капиталдық қаражаттар бөлігін білдіретін негізні капитал мен бір цикл ішінде өндіріске қатысатын толығымен жұмсалатын айналымдағы капитал ажыратады. Ақша капитал деп соның көмегімен физикалық капитал сатып алынатын ақша қаражаттарын түсінеді. «Капитал» термині «материалдық және ақша қаражатын экономикаға, өндіріске капииталды салу» мағынасында сондай-ақ капиталдық салымдар немесе инвестициялар деп те аталады.
Капиталдың ең қарапайым түсінігі – активтер, немесе ақша әкелетіннің барлығы.
Активтер - (от лат. activus - әрекет ететін) - кәсіпорын, фирма, компанияға тиесілі мүлік пен ақша қаражаттарының жиынтығы (иеленушілірінің қаражаттары салынған ғимараттар, имараттар, машиналар мен жабдық, материалдық қорлар, банк салымдары, бағалы қағаздар, патенттер, авторлық құқықтар, ақшалай бағалауға ие менішіктік). Сөздің кең мағынасында – ақшалай құнға ие кез келген құндылықтар. Активтерді материалдық (сезілетін) және материалдық еместерге (сезілмейтін) бөледі, соңғыларына зияткерлік өнім, патенттер, басқа кәсіпорындардың қарыздық міндеттемелері, ресурстарды пайдалануға ерекше құқықтар жатады.
Егер ақша тұрғысынан немесе ақша баламасынан қараса, активтерге не жатқызылатындығын қарап көрейікші.
Ақша – кез-келген нарықтық шаруашылықтың ең маңызды ұғымдарының бірі, олар тауарлар мен қызметтерге ауыстырылып, қарыздарды төлеу үшін де пайдаланылады. Ақша – жалпыға бірдей балама, ерекеше тауар, барлық басқа тауарлар құнының көріну формасы. Ақша айырбастау құралының, төлемдер, құнды өлшеу, байлық жинау, әлем ақшасының қызметтерін атқарады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет