Еңбекақы түрлері Негізгі


Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері



бет33/48
Дата04.04.2023
өлшемі274.51 Kb.
#471663
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Экономика предприятия лекция

Инвестициялық жоба: мазмұны, дайындау және жүзеге асыру кезеңдері

Қазіргі отандық экономика үшін «жоба» түсінігі тым жаңа ұғым емес. Жоспарлы экономикада жоба деп құрылыстың құжатпен жасақталған жоспарын айтты. Нарықтық қатынастарға өту экономикалық өмірде жаңа терминдер мен түсініктерді қалыптастырды.
Жоба түсінігі ағылшын тілінен аударғанда «project» сөзі – ойдың тууынан бастап оны жүзеге асырып нәтиже алғанға дейінгі толық үдерісті білдіреді. Бұл түсінікке қарағанда инвестициялық жобаның мазмұнын дәлірек сипаттайтын анықтама берейік.
Жоба деп жаңа өндірістік қорларды құру немесе оларды жаңарту, жаңа технологиялық үдерістерді өндіріске енгізу мақсаттарына жетелейтін шаралар жиынын, сондай-ақ осы шараларды жүзеге асыру үшін қажетті техникалық-экономикалық және ұйымдық-қаржылық құжаттар жүйесін айтады.
Сонда «инвестициялық жоба» терминінің екі түсінігі бар:

  • Біріншіден, инвестициялық жоба – бұл жаңа өндіріс қорларын құру немесе жаңарту, жаңа технологиялық үдерістерді енгізу мақсаттарына жетуге бағытталған шаралар кешені;

  • Екіншіден, инвестициялық жоба – белгіленген мақсаттарға жетелейтін шаралар кешенін жүзеге асыру үшін қажетті жобаны жүзеге асырудың тиімділігі мен мүмкіншілігін негіздейтін ұйымдық-құқықтық, техникалық-экономикалық құжаттар жүйесі.

Демек жоба қаржы салымдарын тартумен байланысты болса, онда ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы қалай болса да инвестиция тартумен байланысты болады.
Инвестициялық жобалардың дамуы негізгі 5 кезеңнен тұрады:

  1. Жобаны тұжырымдау. Бұл кезеңде кәсіпорын басшылығы кәсіпорынның ағымдағы жағдайын талдап, кәсіпорынның ары қарай дамуының басым бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі – бизнес-идея ретінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады.

  2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бастапқы тексеруден өтеді, оны дұрыс, не бұрыс деп тиянақты шешім қабылдағанға дейін жобаны жетілдіру қажет. Бұл кезеңде жоба коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық тұрғыдан нақтылауды және жетілдіруді талап етеді.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет