Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар.
- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;
- аспаздық жұмыстар бойынша өздігінен дастархан әзірлеуге, оны жинауға, тазалық сақтауға дағдыландыру;
- қоғам пайдалы еңбекте мұғалімнің немесе үлкен сыныптың оқушылары көмегімен мектеп ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.
Б.П.Есипов, Н.И.Болдырев, Г.И.Щукина, В.А.Онищук т.б. жасаған сабақ-тар жіктеуі мектептерде жиі қолданылуда. Ол негізгі дидактикалық міндеттер бойынша жасалған. Бұл жіктеуге сабақтардың әр түрлі типтері кіреді:
оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;
білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау – тексеру сабақтары;
аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.
Әдетте, мұғалім аралас сабақ типін мына үлгі бойынша жоспарлайды:
а) Ұйымдастыру кезеңі;
ә) үйге берілген тапсырманы сұрау;
б) жаңа материалды мұғалімнің баяндауы;
в) жаңа материалды бекіту;
д) үйге тапсырма беру.
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағының құрылымы: жаңа мате-риалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты әр түрлі вариантта өткізуге болады.
Сабақ - еңбекке баулу бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі форма.
1.Сабаққа қойылатын талаптар.
2. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.
3. Сабақты әдістемелік талдау.
4. Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу.
Сабаққа қойылатын талаптар.
Сабаққа дайындық оған қойылатын талаптарды іске асырады. Қазіргі педагогикалық еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру позициясына сай ол талаптар мыналар:
1. Сабақ динамикасы – бүтін, біртұтас жүйе. Жеке логикалық байланысты элементтерден құралады.
2. Әр бөлік оқу-танымдық, тәрбиелік міндетті іскеасырады.
3. Әр сабақ - сабақтар жүйесінің арнайы бөлігі.
4. Әр сабақ басқа пәндермен, тақырыптармен, өмірмен және практикамен байланысты.
2. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.
Мұғалім барлық оқу материалын баяндайды, оны оқушылар сыныпта ұғады және бекітеді.Мұғалім тек қана кейбір басты мәселелерді баяндайды, ал оқушылар барлық оқу материалын өз бетімен игеріп қабылдайды.
Жаңа материалды оқып білу үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен орындауын ұйымдастырады және бағыт береді.
Достарыңызбен бөлісу: |