Әбілқасым Айжан Ақшаханқызы Адамгершілік және жыныстық тәрбие Мақсаты



бет2/3
Дата08.05.2023
өлшемі306.69 Kb.
#473355
1   2   3
ерте үктіліктің алдын алу

Статистикалық мәліметтер бойынша:
кәмелетке толмаған жастардың 40-60% ерте жыныстық қатынасқа түседі. Солардың ішінде 10% 14жасқа толмаған жасөспірімдер. Статистика бойынша бойжеткен кезіндегі жүктіліктің 70 ℅ абортпен,15℅ түсікпен және тек 15℅ босанумен аяқталатыны белгілі. Осы 15℅ босанудың өзінде ана мен бала өлімінің қатері көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жыл сайын әлемде кәмелет жасына толмаған 16 миллионға жуық қыз жүкті болады екен. Оның 3 миллионы жаза басқан қадамының ізін жасыру үшін жасанды түсік жасатады-мыс. Бұл сандардың ішінде Қазақстанның да үлесі аз емес. Қазақ жерінде бәлиғат жасына жетпей, жүкті болып қалатын қыздардың саны шамамен 10 мың мен 20 мыңның арасында.
Ерте каланбаған жүктіліктің себебі-отбасындағы жағдайға байланысты. Қазіргі заманда қыз балалардың жыныстық дамуы ерте жүреді, сондықтан да сексуалдық қалау да ерте дамиды. Ата-аналардың басты мақсаты балаларды жыныстық өмірге психологиялық дайындау керек және де бұл әрекеттер балалар жыныстық өмір бастамай тұрып ерте жасалу керек.
Жүкті болған қыз балалар не істерін білмей күйзеліске беріледі. Жас әкелер әдетте шеттеніп, «өзің шеш» деп кетіп қалады. Өзін кінәлі сезінген қыз шеттенеді. Аборт жалғыз жол болып көрінеді. Ал аборт көптеген гинекологиялық ауруларға тіпті бедеулікке әкеледі. Аборттың алдын-алудың бір жолы контрацепция.
Келесісі ол – психологиялық мәселе. Жүкті екенін білген қыз оңашаланады, өзі үлкен мәселелерді шеше бастайды, яғни ерте есейеді. Социалдық мәселе. Қазіргі қоғам ерте жүктілікке қарсы, көбіне сөгіп талқылайды. Қыз бала ата-анасына айтуға қорқады, босану үшін оқуды тастайды. Білімі жоқ болған соң дұрыс жұмысқа орналаса алмайды. Баланы және өзін бағу үшін жеңіл жүрісті өмір бастайды, көбісінде келесі жүктілік болады.
Бүгінгі күннің трагедиясы тәрбиеден басталып жатқан жайы бар. Біз көз жұма қарап жүрген бұл өзекті мәселенің мән-жайынан қалың көпшілік хабардар. Өрімдей жас қыздардың басына түскен қасірет олардың өмірінде сызат қалдырды. Ашығын айтар болсақ, бұл күні жеткіншек қыздардың оң жақта отырып-ақ құрсақ көтеруі­ жиіледі. Бұрындары қысылғанда қуыс таппайтын құбылыс енді бір-екі жел сөзге ұласып, жабулы қазан жабулы күйінде қалатын болды.
Біреу біреуге ақыл айтып, жөн сілтейтін заман келмеске кетті. Арды жоғары қоятын қыздарымыз жоқ жерден қылық шығаруда. «Қыз он беске келгенде, шашынан көп жаласы» дегендей, бойжеткен қыздың соңынан қашанда сөз еретіні белгілі. Жастықтың дәмін татпай жатып, зәрін тартатын қыздарымыз көбейді. Бұрындары бір кісі «қызды баққаннан, ешкі баққаным артық» деген екен. Аруларымыз санасыздықтың салдарынан сан соғып ­ қалып жатыр. Бір кездері қазақ қыздарының намысын ерлеріміз найзамен қорғаса, бүгінде кейбір аруларымыздың ары аяқ астында. Ерте жүктіліктің етек алуына кімді кінәлаймыз? Көше кезген көрікті сымақ қызды ма, «қызға қырық үйден тыйым салмаған» ата-анасын ба, әлде ойнап-күлген ортасын ба?! Махаббаттың буына мас болып, ерте ұрынатындар сезімнің жетегінде кетеді де, сол сезімге тағдырын билетеді. Ақыл емес, сезім басқарған өмірлерінің әп-сәтте күлі көкке ұшады. Бар қадір-қасиетінен айырылған қыз ертеңгі күніне күмәнмен қарап, болашақ бағытына жол таппай адасады. Аяғының ауырлағанын білгеннен соң психологиялық зардап шегетіні тағы бар. Таяқтың бір ұшы өзіне тиетінін біле тұра, батыл деп тапқан қадамға кіріспек болады. Айтайын десе, анасынан артық ауыз сөз естігісі келмейді. Сосын өзінше шешім қабылдауға тырысады. «Тағдырыма жазылғаны осы шығар»­деп түсік тастауға дейін барады.
Жүкті боп қалған қыздардың тірлігін көз алдыңызға елестетіңіз. УЗИ-ге барып, құрсағындағы шарананың ай-күнін біліп алады. Одан қалды, баланы алдырту үшін ақша жинайды. Ақырында бір тоқтамға келеді. Жеке емханаға барып, аборт жасатады. Оның құны туылмаған баланың мерзіміне байланысты. Ардан аттаған қыздың алысқа бармайтыны анық. Қыздардың ерте жүктілікке бой алдыруын әлем гинекологтары былай түсіндіреді: «Қыз балалардың физиологиялық жетілуі ер балаларға қарағанде ерте. Олар жыныстық жетілу кезінде өрескел қателікке бой алдырады. Себебі сол уақытта психологиялық, әлеуметтік өзгерістерге ұшырайды. Қыз баланың жыныстық жетілуі 18 жасқа дейін толық қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет