Әрқашан
|
Ешқашан
|
Ата-анаңа немесе өзің сенетін ересектерге қайда, кіммен кетіп бара жатқаныңды және сені шамамен қашан күту керек екенін айтып кет.
|
Шұғыл шешім қабылдай салып, өзің танымайтын адаммен ешқайда барма.
|
Өзің сенбейтін адамдармен бірге болмауға тырыс.
|
Ішінде сенен басқа жолаушы отырған таксиге отырмағанын дұрыс.
|
Әдетте бірге жүретін достарыңның телефондарының тізімін көрінетін жерде ұстау қажет
|
Кешкі мезгілде жарықсыз, адамдар бармайтын, көмек күту мүмкін емес, қуыс жерлермен жүрмеуге тырыс.
|
Өзіңді тыңдап үйрен: бойыңды мазасыздық билесе немесе күдікті іс-әрекеттер байқасаң – кетіп қалуға тырыс.
|
Спирттік ішімдіктерді және басқа да жағымсыз заттарды қолданудан аулақ бол.
|
Ересектердің немесе достарыңның біреуін таксиге дейін шығарып салуын, кейін нөмірін жазып немесе жаттап алуын сұрау қажет.
|
Қайда және қашан жасалғаны белгісіз шырындар мен тағамдарды қолданба.
|
Барған жеріңнен үйдегілерге аман-есен жеттім деп телефон соққан дұрыс.
|
Бейтаныс адамдармен лифтке отырма.
|
Бос уақытыңда жақсы істермен шұғылдан (кітап оқы, сурет сал, би биле, дене шынықтыр, түрлі үйірмелерге қатыс).
|
Мекен-жайын мен телефоныңды бейтаныс адамдарға берме.
|
Жаднама. (Қыздарға үлестірілді)
Қыздарға
Өмір қатал көтермейді ойынды,
Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды,
Тағдыр жолы жіңішкелеу өмір де,
Жаман аттан аулақ ұста бойыңды,
Қыз ғұмырын үлпілдеген гүл дер ем,
Тербетілген ақ самалмен күнменен,
Абайлап жүр ерте үзуге тым құмар,
Тасбауырдан қадырыңды білмеген,
Байқа ботам өте нәзік жаңыңды,
Аңқау болма қызыққа көп салынба
Кір келтірме, қыз атыңа арыңа
Шалыс басып түсіп кетпе жалынға,
Төтеп берсін дауылдарға желкенің,
Сарқылмасын бал қылықты ертегің,
Күрес еркем жаман аттан жасымай,
Күндей нұрлы болу үшін ертеңің.
Достарыңызбен бөлісу: |