Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет47/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
83 
кейде сол сыпсыңды естімес үшін қашан көзі ұйқыға кеткенше хауыздың 
қасында отырады да қояды. Мынау мəрмəр сəкіден бір қадам алыстаса болды – 
бүкіл дүние пыш-пыштасып қоя беретіндей. 
Шымыр-шымыр қайнап шығып, сыздықтата атқылап тұрған мөлдір судың 
момақан сылдыры анау алтынмен безеп тастаған жап-жалпақ емен есіктің 
ар жағындағы күтуші кемпірдің, азбан құлдардың одан əрі нөкер 
қыздардың жапатармағай сусылдасқан жабыр-жұбыр əңгімесіне ұласып, 
бір қадам алыстаған сайын күшейе түскендей. 
Тіпті сарай бағындағы əр алуан ағаштардың мың-мың жапырақтары да 
мұны айтып сыпсыңдасып тұрғандай. Анда-санда жұрт көзінен тасалау 
шеткері оңашалау соқпақтарға түсіп, сейіл құрғанда, ағаш арасынан 
жыл-тың-жылтың сығалап бой көрсетіп қалатын еліктер мен тарғыл 
бұғылар да: «Ə, əлгі жұрттың бəрінің сыпсыңдасып жүрген ханымы осы 
екен ғой» деп, əдейі бұның əр адымын аңдып тұратындай боп көрінеді. 
Кейінгі кезде бөлмеден аттап шығуды қойды. Əмірші ие де тым-тырыс 
жатып алды. Күнде ертөмен киіндіруге келетін қызметшілерінің аузына 
жəудіреп қарағанмен, ешқайсысы лəм-мим демейді. Əлгінде ғана ауызғы 
бөлмеде не деп сыпсыңдасқандарын бұл естіп қойды ғой деп 
қымсынатындай, бəрі де именшектеп кіріп, именшектеп шығады. 
Баяғыда бұл түскенде бəрі де жайраңдап-жарқылдап жүруші еді. Тіпті 
жанарымен жер сүзіп жүретін бұқа мойын күтуші кемпірдің өзі аяқ 
астынан аспандай қарап ешкімге көзі түспейтін мінез шығарғанды. 
Мерекелердің алдында бəйбіше сарайынан сөз тартып, ханымы мен 
нөкерінің салтанатын бəйбішенің салтанатынан асырам деп əбден 
тыраштанып бағатын. Əмірші шатырына кіргенде екі күтүшінің бірін-бірі 
көзімен атып, кекірейісіп тұрғандарын көргенде, бұның күлкісі келетінді. 
Ол бұны құдды бір өз қызындай асты-үстіне түсіп аялап бақты. 
Қалған күтушілері де, нөкер қыздары да бұл дегенде жандары басқа. 
Көбісі-ақ бұдан үлкен. Содан ба, бұны Əміршінің əйелі тұтып 
айбынғандарынан гөрі, туған сіңлілеріндей көріп аяп-аялағандары 
кебірек. Құдды бір өздерінің ет бауыр сіңлісі падишаға күйеуге 
шыққандай мəз-мейрам. Олар үшін бұл дүниеде бұны киіндіріп, шашын 
тарап, сыландырудан артық рақат жоқтай. Елең-алаңнан орындарынан 
тұрып, аяқтарының ұшынан басып, бұның ұйқыдан оянғанын тыпырши 
тосушы еді. 
Кезін ашуы-ақ мұң, жан-жақтан атанақтай жүгірген қызметші қыздардан, 
бұл ұйықтайтын кең бəлме өңшен бір ақ қанат көбелекке толып 
кеткендей, құлпырып қоя беретін. Ханым жан-жағынан анталай қараған 
көпжанардан қаймығып, қанша қымтанып бақса да, жан-жағынан 
жапатармағай созылған кəп қол бəрібір өз ырықтарына көндіретіи. 
Алабұртқан албырт тəні жұп-жұмсақ аялы қолдар тигенде бір түрлі байыз 
тауып қалатын. 
Бір күні кешқұрым тамақтан соң күтуші кемпір нөкер қыздардың бəрін 
шығарып жіберді де, ханыммен екеуден-екеу оңаша қалды. Ханым 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет