Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет77/119
Дата15.12.2023
өлшемі1.6 Mb.
#486596
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119
A 1187 yzdy 1187 a 1179 yry Kitapkhana ucoz com 231129 214600

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
113 
Иə, ол өмірінде өз күйеуінің алдында, Əміршінің алдында жаңғыз-ақ рет 
күнə істепті. Онда да еңінде емес, тусінде күйеуінің көзіне шөп салыпты. 
Бірақ сол жалғыз қылмысының өзін Əмірші иенің қырағы көзі қалт 
жібермей, үстінен шығыпты. Бұның бөлмесінде көп аялдамағаны – 
əйелінің түсінде шайтансырап жатқанын өз көзімен кергені ғой; ашулы 
шыққаны-бұның түсінде өзге еркектің құшағына кіріп, құштарлыққа 
берілгенін түсінгені ғой... 
Енді ханымның көкірегіндегі шілденің тамырсыз талма түсіндей шөгіп 
жатып алған қапырық қасірет бұрынғыдан бетер батпандай түсті. Содан 
қайтып ешкімге тіс жарып, ештеңе айтқан емес. Кекірегіндегі жан 
баласына 
сездіргісі 
келмеген 
жарақатымды 
бөгде 
құлаққа 
хабарландырып алам ба дегендей, тіпті уһлемейді де. 
Сүйегін сүйреткен ебіл-себіл бір хал. Енді ханымға бұл дүниеде, бұл 
тіршілікте ешқандай қызық қалмағандай. Дарға асса да, басын шапса да 
бəрібір, өз күнəсін, өз қылмысын мойындап болған. Иə, Ұлы Əміршінің 
алдында тек өзі ғана күнəлі. Жас шебердің тырнақтай да жазығы жоқ. 
Өліп-өшіп ғашық болғанмен, мұның маңына бір қадам жақындап көрген 
емес. Түсінде де бұл өзге құшақтың ырқына өз еркімен берілді. Бар күнə, 
бар айып өзінде... Алда-жалда əлгі бір оқиға түсінде емес, өңінде болса, 
ол осылай істер ме еді, жоқ па еді, ол арасын өзі де біле алмайды... Бірақ 
баяғыдан бергі есінен адастырардай боп, есілдертін аударып келген 
ыстықіңкəрінің не екенін енді жақсы біледі. Хан иеге өліп-өшіп ғашықпын 
деп жүрген ыстық махаббатының да жай əншейін еркектің темір 
тегеуірінін аңсаған ұрғашылық екенін ұқты. Жас шебер ебін тауып, хан 
сарайдың ішіне еніп, бұның бөлмесіне кірер болса, кім біліпті, бұл түнде 
түсінде істегенін өңінде де істейтін шығар. Өңінде де балауса бала 
жігіттің ағыл-тегіл албырт сезіміне тайталасар, қарсы тұрар дəрмен таба 
алмай, нəпсінің еркіне берілер, қаншама хан торқаны киіндіріп қойса 
да, ұрғашы ұрғашылығын істемей қоя ма? Көңілін түсінде жеңген əзəзіл 
өңінде жеңбей ме... Ендеше, жар алдындағы, ақ неке алдындағы
алтынбасты тəж иесінің абыройы алдындағы төмен етек қылмысы үшін 
шегетін жазаның қайсысына да пейіл. 
Егер дəл қазір ол өзі кіріп, бұның шашын бір талдап жұлса, қойдай қып 
сабаса, жонынан таспа тілсе, көкірегін жайлап алған əзəзілдің қызыл 
құртының көзіне су құятындай қып, аяғына салып таптап, күл-паршасын 
шығарып, сүйек-сүйегін үн қып үгіп, əбден мылжа-мылжа қып, қайдағы 
бір қорқаулардың ортасына лақтырып тастаса, оған да ырза; мынау өз-
өзінен дал болған пұшайман тіршіліктен соның өзі-ак, артық; бірақ құдай, 
ең болмаса, бұған күйеуінен таяқ жейтін бақытты да қимапты ғой. 
Дүниеде бұндай тірі аруақ, тұл бейбақ бар дейсің бе? Соны ойлағанда өз 
бетін өзі тырнағысы, өз шашын өзі жұлғысы, мынау түк білмегендей 
тымсырайып тұрған тас қабырғаға өз басын езі ұрып, мылжа-мылжасын 
шығарғысы келеді. 
Ел көзінен қалтарыста, оп-оңаша өтіп жатқан ың-шыңсыз күндер мен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет