Әбіш Кекілбаев Көлденең көк атты (Сахналық қойылым) Қатысушылар


Қалды олар теңіздің түптерінде



бет2/4
Дата10.03.2023
өлшемі27.62 Kb.
#470620
1   2   3   4
біш Кекілбаев К лдене к к атты (Сахналы ойылым) атысушылар

Қалды олар теңіздің түптерінде.
Алтын ошақ-көре алмай мекендерін
Олар қалды жерінде шетелдердің.
Жұтты соғыс оларды отты тілмен,
Жапты соғыс жүздерін көк түтінмен.
Жиырма миллион Отанның солдаттары,
Анттай бізге қасиетті болды аттары.
Ескерткішке батыр қыз, нар жігітке,
Жиырма миллион от жақтық мәңгілікке.
Самат: Ауылдарыңызда қалсам деймін, шаруашылыққа көмегімді тигізсем бе деп едім.
Баланың анасы: Өзің білесің, қалағаныңша жүре бер.
(жылқының дыбысы шығады. бала сыртқа жүгіріп шығады Жанас көрінеді.екеуі есік алдында кездеседі.)
Бала: Жанас аға, салаумалейкум. Халыңыз қалай? Әкеліңіз, мен ұстайын қамшыңызды, атыңызға мінейінші.
Жанас: Құшақтамай әрі тұршы, үстімді лас қыласың.Үйде кім бар? Жеңешең үйде ма?
Бала: Үйде барлығы бар, Самат аға да осында.
Жанас: Самат дейді.Неғып жүр сол мұнда? Елі жоқ па екен?
Бала: Не дейсіз?
Жанас: Ештеңе. (Екеуі үйге енеді.)
Жанас: Ассалаумағалейкум! (Саматқа қол беріп амандасады. Жазираға ерекше қиылып қарап, сөмкесін, қалпағын, қамшысын береді.Оны Жазира төрге іліп қояды. Жазирадан көзін айырмайды. Оны Самат байқап отырады.)
Жанас:Апа, айран құйшы! (Баланың шешесі айран құйып береді. Жаныс сыздықтатып ішеді.)
Бала анасы: Ия, келген шаруаңды айта отыр.
Жаныс: Жазираға кеңседен бір жұмыс тауып келдім.Сіздер рұқсат етсеңіздер, күніне атпен барып-келіп тұрады. (Үйдегілер бастарын изейді)
Бала анасы: Оң екен, үйде отыра бергенше, бой жазып шығып келгені дұрыс.
(Екеуі тұрып кеңсеге кетеді).
2-көрініс
(Сыртта төсек салынған, түн, бала Саматтың қасында жатып сұрақтар қоя бастайды).
Бала: - Самат аға, осы біздің аспанға ғой жұлдыздар шығады, ал Германияның аспанына не шығады, крест пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет