Әбіш Кекілбаев Көлденең көк атты (Сахналық қойылым) Қатысушылар


Самат: - Біз барғанда Германияның аспанында жұлдыздар быжынап тұрды. Бала



бет3/4
Дата10.03.2023
өлшемі27.62 Kb.
#470620
1   2   3   4
біш Кекілбаев К лдене к к атты (Сахналы ойылым) атысушылар

Самат: - Біз барғанда Германияның аспанында жұлдыздар быжынап тұрды.
Бала: - Ол қалай? Фашист крест тақпай ма?
Самат: - Фашистерді біз құртып жібердік қой.
Бала: -Самат аға, Ахат ағам екеуіңіз неше фашист өлтірдіңіз?
Самат: - Көп қой..
(Кішкене кідіріс болады).
Бала: Самат аға, осы мың көп пе, миллион көп пе?
Самат: Миллион көп те.
Бала: Миллионнан не көп?
Самат: Миллиард.
Бала: Ал миллиардтан не көп болады?
Самат: Триллион дейді ғой.
Бала: Одан кейін сан жетпес шығар,одан не көп болады?
Самат: Топырақ жетпес.
Бала: Аға, егер бізге топырақ жетпес жау жабылса жеңер ме едік?
Самат: Жеңеміз ғой...
Бала: Әрине, бізде батыр көп. Бауыржан мен Мәлік, Төлеген мен Қайырғали, Әлия мен Мәншүк, Ахат көке екеуіңіз...
Самат: Иә, бізде батыр көп..
Баланың анасы: - Ау, мылжың бала, қойсаңшы енді, ағаңның басын ауырттың ғой түге. Ұйықтап алыңдар.
( үй сыртынан дүрсілдеген дыбыс естіледі. Самат орнынан тұрып дыбыс шыққан дауыс жаққа қарай кетеді. Бір адаммен төбелесіп жатқаны байқалады)
Жанастың ашулы даусы: Айдаладан қаңғып келген тентіренді, көлденең көк атты неме, саған не жорық? Кімді кімнен қорып жүрсің? 
Саматтың даусы: Басы-көзіңнің аманыңда қараңды жоғалт... Әйтпесе көкеңе көрістірем... Кәне, бір...екі...үш... Ендеше өз обалың өзіңе.
(жұлысқан, алқынған, ырсылдаған дауыстар естіледі. Мұрнын басып Самат орнына келеді.
Бала: Аға, не болды?
Самат: Өй,бір доңыз. ( қолын бір сілтейді)
Бала: Жанас ағаның дауысы сияқты... Ол бар ғой, қызғаншақ, маған қарындаштарын да бермейді көруге....
Самат: Жата ғой орныңа...
3-көрініс
(Қойлардың маңыраған дауыстары шығып жатады. Бала мен Самат қолдарында қамшы, ішетін тамақтары, қой бағып келе жатады. Самат сағатына қарай береді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет