Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китаб әл-Әәдаб әл-Мулукийа уа әл-Ахлақ әл-ихтийарийа» атты трактатына қысқаша



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата15.12.2022
өлшемі1.34 Mb.
#467308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1765-1-4244-1-10-20211213

Тақырыпты таңдауды дәйектеу 
Әбу Насыр әл-Фарабидің қазақ тіліне 
аударылмаған трактаттарының бірі – «Китаб 
әл-Әәдаб әл-Мулукийа уа әл-Ахлақ әл-
ихтийарийа» (ةيرايتخلإا قلاخلأاو ةيكولملا بادلآا باتك) 
(қысқаша «Китабул Ақлақ») атты трактат. Бұл 
трактатта Платонның өте құнды ақыл-кеңестері, 
этикалық құндылықтарға негізделген ой-
толғамдарының топтамасы жинақталған.
Ежелгі грек философы, математик, әрі 
еуропалық идеализм философиясының негізін 
қалаушы көпшілік арасында «Платон» (арабша: 
Афлатун – نوطلافأ) деген лақаб атпен танылған 
Аристоклдың (Платонның) саясат жөніндегі 
теориялық идеяларымен жақыннан таныс 
болған әл-Фараби оны өзі өмір сүріп отырған 
қоғамның құрылымына орай талдап жетілдіре 
түсті. Негізі «Платон диалогтары философияны, 
этиканы, риториканы, дін және математиканы 
қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие 
берудің күрделі жүйесін құрайтындығы» 
(https://kk.wikipedia.org/wiki)
белгілі. Әл-Фара-
биге Платонның ахлақ (قلاخأ – этика, мораль) 
және саясат ( ةسايسلا) туралы ойлары әсер етсе, 
логика мен жаратылысты, қоршаған ортаны 
тануда Аристотельдің ой-тұжырымдарынан 
әсерленді. Әл-Фараби ахлақты саясаттың бір 
саласы ретінде қарастыруда Платон мен 
Аристотельдің көзқарастарын басшылыққа ала 
отырып, оны ары қарай жетілдіргені бүгінде 
талас тудырмайды.
Осы орайда, ахлақ дегеніміз «әрбір адамның 
жеке-жеке ізгілікке ие болуға және бақытқа 
жетуіне әкелетін жеке мінез-құлқын зерттеу, ал 
саясат жалпыға ортақ бақытқа қалай жетуге 
болатынын зерттеуді білдіреді, сондықтан ахлақ 
пен саясаттың түпкі мақсаты бірдей», ( دمحأ ،هزوم
يف يبرغلاو يملاسلاا نيركفلا نيب ةيقلاخلأا مّيقلا ،رابعلا دشار
،ةملوعلا رصع

141
) – деген ғылыми қорытын-
ды тұжырыммен келісуге болады. 
Негізі әл-Фарабидің пайымдауынша, ахлақ 
(этика, мораль) логика қызметі мен рөліне ұқсас 
үлкен мәнге ие. Логика ғылымы таным заң-
дарын белгілейтіні сияқты, ахлақ да адам өзінің 
мінез-құлқында ұстануға тиісті негізгі заңдарды 
белгілейді, дегенмен де ахлақ амал мен тәжі-
рибе маңызы тұрғысынан логикадағыдан да 
жоғары тұрады деуге болады. Әл-Фарабидің 
трактаттарына зер салып қарасақ, ахлақ мәселе-
сін қарастыруда сөзсіз грек философтарының – 
әсіресе Платон мен Аристотельдің ықпалында 
болса, «олардың қайсысына көбірек бейім 
болды екен» – деген орынды сұрақ туындайды. 
Бұл сұраққа зерттеуші ғалым Т.Ж. Де Бор: «Әл-
Фараби ахлақ мәселелерін қарастыруда кейде 
Платонның пікірімен келіссе, ал енді келесі бір 
жолы Аристотельмен келіседі, сондай-ақ кейде 
мистицизм мен аскетизмді елемей, ол екеуінің 
де көзқарастарынан асып кетуі мүмкін» (
.ج .ت
روب يد
فلا خيرات ،
لاا يف ةفسل
ص ،ملاس
229
) деген 
мағынадағы жауапты береді. Расында Әбу 
Насыр әл-Фарабидің тұлғалығына, философия-
лық ой-пікірлеріне Платон мен Аристотельдің 
философиялық идеялары, теориялық ой-тұжы-
рымдары айтарлықтай ықпал еткені рас. Десек 
те әл-Фараби Платон мен Аристотельдің мұра-
ларына сыни көзбен қарап, оны мұсылмандық 
дүниетаным аясында өз бетінше дамытып, 
жетілдіргенін зиялы қауым, зерттеуші ғалымдар 
мойындайды. Сондықтан да осы орайда, әл-
Фараби: «Платонның идеалистік және кейбір 
мистикалық ойларын қабылдамады»
(Бурабаев, 
Курмангалиева, Сагадеев, 1984:14) деген пікір-
мен келісуге болады. Мысалы, Платонның 
«Мемлекет» диалогында салауатты (идеалды) 
мемлекеттің басты мақсаты мәңгілік идеяларды 


78
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китаб әл-Әәдаб әл-Мулукийа уа әл-Ахлақ әл-ихтийарийа» атты трактатына қысқаша ...
іске асырып, оны барынша қоғамдық-саяси 
өмірге бойлай кіргізу дейді. Платонның осы бір 
ойына әл-Фараби керағар пікір айтып, «Қайы-
рымды қаланың» көркейіп, дамуына адам-
дардың практикалық іс-әрекеттері мен ізгілікті 
ойлау қабілеті басшылыққа алынуының қажет-
тілігі баяндалады. Әл-Фарабидің мемлекет 
жөніндегі теориялық құрылымында әділдіктің, 
қайырымдылық пен әдемілік заңының негізінде 
құрылған қала-мемлекет жүйесін көпшілікке 
түсінікті болу үшін адам денесінің мүшелерін 
мысал ретінде олардың әрқайсысы өз қызметін 
атқаратындығымен 
байланыстыра 
талдап 
түсіндіретіндігін байқаймыз. Нақтырақ айтсақ, 
«Китаб фусул әл-мәдани – يندملا لوصف باتك» атты 
трактатында: «...дененің басты-басты мүшеле-
рінің әрқайсысының қызметі басқа мүшенің 
қызметінен өзгеше, ал бұл мүшелердің әрқай-
сысының бөлшектері, дененің сол бас мүше-
сінің мақсатына жету үшін өздерінің алуан 
түрлі қызметімен бір-біріне көмектеседі. Одан 
кейін басты-басты мүшелердің әр түрлі мақсат-
тары бір-бірімен ұштасқанда, олардың әр алуан 
қызметтері бүкіл дененің мақсатына жетуге 
бағытталған өзара көмек болып бірігеді. Үй 
бөлшектерінің үйлерге қатынасы қандай болса, 
үйлердің қалаға қатынасы да сондай, сөйтіп 
дене мүшелері қалай біріксе, қаланың барлық 
бөлшектері бірге қосыла келе қалаға пайда 
келтіреді және өздерінің (игілігін) өзара 
бірлесіп сақтау үшін де пайдалы болады», (Әл-
Фараби, 1975: 209) – деген тұжырым жасайды. 
Егер біз Платон, Аристотель мен әл-Фара-
бидің өмір сүрген замандарына ой жүгіртіп 
қарайтын болсақ: құл иеленуші антик заманын-
дағы философтар бір-біріне бағынбайтын, гре-
кия полистерінде өмір сүрсе, олардан мың 
жылдан кейін орта ғасырларда өмір сүрген әл-
Фараби заманы қарамағына бірнеше мемлекет 
пен этникалық тұрғыдан әртүрлі халықтарды 
бір тудың астына біріктіре алған Араб хали-
фаты кезеңіне тұспа-тұс келген болатын. Осын-
дай тарихи кезеңде өмір сүрген әл-Фарабидің 
өзіндік дүниетанымының қалыптасуына «екі 
әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өрке-
ниетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениеті» 
(Әл-Фараби) айтарлықтай ықпал еткені ақиқат.
Әл-Фарабидің ахлақ (этика, мораль) 
негізінде қалыптасқан саяси көзқарастары, 
ой-тұжырымдары – парасаттылық пен ізгі-
ліктің, адамгершілік пен қайырымдылықтың, 
махаббат пен сүйіспеншіліктің шегіне жеткен 
қала-мемлекетті адамзатқа ұсынумен байлас-
тыруға болады. Негізі әл-Фарабидің пікі-
рінше, ахлақтың (мораль, адамгершіліктің) 
мақсаты – бақытқа жету. Басқаша айтқанда, 
«әл-Фарабидің этикасының ең жоғары 
категориясы – бақыт, өйткені басқа бірдеңе 
үшін емес, тек өзі үшін қажет болатын игілік 
және ең жоғары игілік осы бақыттың бойында 
шоғырланған. Атап айтқанда, космология мен 
этика, жалпы философиялық құрылым және 
оның практикалық мағынасы осы шеңберде 
ұштасады...», (Әл-Фараби, 1975) – деуге бола-
ды. Бұлай деуімізге әл-Фарабидің «Китаб 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет