Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китаб әл-Әәдаб әл-Мулукийа уа әл-Ахлақ әл-ихтийарийа» атты трактатына қысқаша



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата15.12.2022
өлшемі1.34 Mb.
#467308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1765-1-4244-1-10-20211213

 
2-сурет – Esad Efendi koleksiyonu 1882 нөмірлі нұсқаның алғашқы және соңғы беттері 
 
3-сурет – Аyasofıya koleksiyonu 3990 нөмірлі нұсқаның алғашқы беті 
Мысырдағы Дарул Кутуб кітапханасында 
183 Ахлақ Теймур 4785 /М нөмірімен тіркелген 
нұсқасының көшірмесі қолымызда бар.
Осы айтылғандардан бөлек қазірше біздің 
қолымызда жоқ Иранның Машхадтағы Астана 
Қудс кітапханасында 3535 нөмірімен, Асфахан-
да 2813 (10) нөмірімен, ал Бейруттегі Америка 
университетінің кітапханасында Mic-A-316 
тіркелген нұсқасы да бар екендігі зерттеу 
барысында белгілі болды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китаб әл-Әәдаб 
әл-Мулукия уа әл-Ахлақ әл-ихтийарийа» ( بادلآا باتك


81
Ы.М. Палтөре 
Трактаттың бұл нұсқасы хижри жыл санауы 
бойынша 680 – (милади 1281) жылы Бағдат 
қаласында Йақут әл-Мустасими тарапынан кө-
шірілгендігі жазылған. Айасофия кітапханасын-
да 3990 нөмірімен де тағы бір нұсқасы тіркел-
ген. Мұнан бөлек, Топкапы Сарайы ІІІ-інші 
Ахмед кітапханасында 2598 және 3249 тіркеу 
нөмірлерімен тіркеліп, сақталған нұсқалары да 
бар. Трактаттың тағы бір нұсқасы Нуруосма-
нийа кітапханасында 2598 нөмірімен тіркелген.
 
2-сурет – Esad Efendi koleksiyonu 1882 нөмірлі нұсқаның алғашқы және соңғы беттері 
 
3-сурет – Аyasofıya koleksiyonu 3990 нөмірлі нұсқаның алғашқы беті 
Мысырдағы Дарул Кутуб кітапханасында 
183 Ахлақ Теймур 4785 /М нөмірімен тіркелген 
нұсқасының көшірмесі қолымызда бар.
Осы айтылғандардан бөлек қазірше біздің 
қолымызда жоқ Иранның Машхадтағы Астана 
Қудс кітапханасында 3535 нөмірімен, Асфахан-
да 2813 (10) нөмірімен, ал Бейруттегі Америка 
университетінің кітапханасында Mic-A-316 
тіркелген нұсқасы да бар екендігі зерттеу 
барысында белгілі болды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китаб әл-Әәдаб 
әл-Мулукия уа әл-Ахлақ әл-ихтийарийа» ( بادلآا باتك
ةيرايتخلإا قلاخلأاو ةيكولملا) атты трактатының қолжазба 
нұсқаларының ғылыми айналымға енуі жайында 
қысқаша тоқталар болсақ, жоғарыда айтылған 
Иранда сақталған екі нұсқа доктор Абдурахман 
Бадауидың «Афлатун фил-Ислам» ( يف نوطلافأ
ملاسلإا) атты араб тілінде әзірлеген еңбегінің 189-
212 беттерінде трактаттың екі нұсқасы 
салыстырмалы талданып, кейбір сілтемелерімен 
бірге 1974 жылы жарыққа шыққан. Сондай-ақ біз 
талқыға салып отырған трактат 1935 жылы Ахмед 
Мухаммед Шәкир-дың қолжазба нұсқадан 
баспаға әзірлеуімен жарық көрген әл-Әмир Усәмә 
ибн Мунқиздың*
1
«Лубәб әл-Әдәб – باد لآا ُباَبُل»**
2
атты кітабының 447 бетінде «Әлфаз Афлатун
ظافلأ
نوطلافأ
» деген атаумен берілген бөлімде де 
кездеседі. Ал түрік тілінде проф. Абдулла 
Кызылжык (Abdullah Kızılcık) әзірлеген «Farabi 
Bibliyografyası»***
3
атты кітаптың 20-21 бетте-
рінде трактаттың Түркиядағы нұсқалары туралы 
қысқаша ақпаратпен қоса, бастапқы және соңғы 
бөлігінің түрік тіліндегі аудармасы ұсынылған. 
Түрік тіліндегі толық аударманы Кевсер Өзчелик 
(Kevser Özçelik) «Adabul Mulukiyye Vel Ahlakul 
İhtiyariyye» деген атаумен 2020 жылы кітап етіп 
шығарған. Кітаптың кіріспе бетінде трактаттың 
Түркиядағы нұсқалары туралы қысқаша ақпарат 
берілген. Бұл аудармада алдымен араб тіліндегі 
* Усама бин Мунқиз әш-Шейзари –
ي ِرَزْيَّشلا
ذقنم نب ةماسأ 
(1095-1188) Сирияда дүниеге келген ортағасырлық мұсылман 
ақыны, әскери қолбасшы әрі дипломат. Ол өз заманында 
Араб елдерін жиі аралап, Мысыр, Палестина және Тигр 
өзенінің бойында болып, Меккеге қажылыққа барды. Ол өзі 
қызмет еткен соттардың саясатына жиі араласып, Дамаскіден 
де, Каирден де жер аударылған. Оның «Китаб әл-Аса», 
«Лубәб әл-Адаб», «әл-Мәнәзил уә әл-Дияр», «Китаб әл-
И'тибар» деген еңбектері бар. Қазір ол өзінің «Китаб әл-
И'тибар» (алғаш рет Лейденде 1884 жылы басылып шыққан) 
кітабымен көбірек танымал. Бұл кітап XII ғасырдағы 
арабтардың өмірі және олардың крестшілермен қарым-
қатынасы туралы өмірбаяндық хроника, өнер туындысы және 
ортағасырлық араб Шығысының өмірі туралы тың ақпарат 
беретін маңызды тарихи жазбадереккөзі ретінде құнды болып 
табылады. 
**
Кітап: «Өсиеттер туралы», «Саясат туралы», 
«Жомарттық туралы», «Батылдық туралы», «Әдеб пен 
адамгершілік туралы», «Шешендік және даналық туралы» 
деген жеті тараудан тұрады. Әр тарауда қасиетті 
Құраннан, хадис шәрифтен, әдеби жазба ескерткіштердегі 
проза мен поэзиядан, әдеби кітаптарда айтылған ой-
тұжырымдардан кейбір үзінділер кездеседі. Автор бұл 
еңбегінде кейде өз басынан өткен, өзі көрген, естіген яки 
куә болған оқиғалар жайында да баян еткен.
*** Prof.Dr. Abdullah Kızılcık tarafından hazırlanan 
Farabi Bibliyografyası kitabı Demavend Yayınları tarafından 
E-kitap olarak yayınlandı. Kitap http://demavend.com.tr 
adresinden ücretsiz olarak çevrimiçi okunabilir veya pdf 
formatında indirilebilir. 
түпнұсқа мәтін бөлек-бөлек сөйлем түрінде 
беріліп оның әрқайсысының астына түрік тілін-
дегі аудармасын беру тәсілімен ерекшеленеді. Ал 
енді сөз етіп отырған трактаттың орыс не 
ағылшын тілдеріне аударылғандығы жайында 
біздің қолымызда ешқандай ақпарат жоқ. Ізденіс 
барысында орыс, ағылшын тілдеріндегі аударма-
лары табылмады. Сондықтан біздің пайымдауы-
мызша талқыға түсіп отырған трактат қазақ, орыс, 
ағылшын тілдеріне аударылмаған деген тұжырым 
жасаймыз. Осы орайда айта кетуі тиіс бір мәселе 
ізденіс барысында трактаттағы кейбір сөйлемдер 
«Мухтар әл-хикам уа махасин әл-кәлим» ( راتخم
ملكلا نساحمو مكحلا) деген атаумен 1958 жылы Мадрид 
қаласында жарық көрген кітапта кездеседі. Бұл 
кітапты қолжазба нұсқадан баспаға әзірлеп басып 
шығарған доктор Абдурахман Бадауи, ал 
жинақтаушысы (авторы) Дамаск қаласында 
туылған, 1019-1097 аралығында өмір сүрген «Әл-
Мубашшир ибн Фәтик Әбу әл-Уафә» (
ا
ب رشبمل
كتاف ن
ءافولا وبأ) деген араб философы. Ол бұл еңбегінде 
ежелгі данышпандардың айтқан нақыл сөздерін 
жинақтаған. Ізденіс барысында бұл жинақтың 
латын, испан, француз, ағылшын тіліне 
(https://ar.wikipedia.org/wiki) аударылғандығы ту-
ралы ақпарат бар екендігі анықталды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей әл-Фарабидің 
«Китаб әл-Әәдаб әл-Мулукуия уа әл-Ахлақ әл-
ихтийарийа» (
باتك
ةيرايتخلإا قلاخلأاو ةيكولملا بادلآا

атты трактатының бізге белгілі бірнеше қол-
жазба нұсқалары сақталған. Олардың кейбірінің 
ғана көшірме нұсқалары қолымызда бар. Сон-
дықтан қазірше трактаттың мәтініне толықтай 
текстологиялық талдау жасауға мүмкіндік бол-
майды. Оның үстіне талқыға түсіп отырған 
трактаттың көлемі шағын еместігін ескерсек, 
бір мақала аясына сыймайтындығы да түсінікті. 
Осы уәждемені алға тарта отырып, мақала ба-
рысында біз қазірше трактаттың бастапқы бір-
екі сөйлеміне ғана талдау жасаумен шектелеміз.
Трактаттағы алғашқы сөйлемде: « :نوُط َلاْفَأ َلاَق
.مُهْن ِم ِةَم َلاَّسلاِب ْمُكْيَلَع َنوُّنُمَـي مُهَّنِإ َف َرا َرْشَ ْلأا اوُبَحْصَت َلَ» (Қола 
Афлатун: Лә тасхабу әл-ашрара фә иннаһум 
йамуннунә ъаләйкум бис-сәләмати минһум – 
қазақша айтқанда, «Платон айтты: «Жаман-
дармен дос болмаңдар. Себебі олар сендерге 
есен-амандықты міндеттейді (сосын олардан еш 
құтыла алмайсыңдар, себебі өмірлеріңе қауіп 
төндірумен қорқытады)» деген мағынадағы ой 
айтылған. Сөйлемдегі алғашқы сөз «дос болу, 
еріп жүру, бірге жүру, ілесу, серік болу» деген 
мағыналарды білдіретін араб тіліндегі «сахибә» 


82
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Китаб әл-Әәдаб әл-Мулукийа уа әл-Ахлақ әл-ихтийарийа» атты трактатына қысқаша ...
( ِحَص
َب (а) ةَبْحُص) етістігінің көпше түрдегі 
болымсыз түрі. Етістіктің болымсыз түрі «Ләә – 
َلَ» харфы (көмекші сөзі) арқылы жасалған. 
Трактаттың қолда бар қолжазба нұсқаларының 
бәрінде де осы үлгіде басталады. Бір айта 
кететіні тек Иранда сақталған екі нұсқада 
жоғарыда берілген сөйлемнің асты сызылған 
«минһум – مُهْنِم» деген соңғы бөлігі кездеспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет