Имам Мәлик ибн Әнәс (Аллаһ оны рақым етсін) былай деп айтатын: “Ақиқатында, мен – тек қана адаммын: (кейде) қателесуім де, ақиқатты айтуым да мүмкін. Менің білдірген көзқарастарыма ой салыңдар – Құран мен Сүннетке сәйкес келетіннің барлығын алыңдар, ал сәйкес келмейтінін – қалдырыңдар”. Ибн ’Абд әл-Барр “Джәми’ әл-бәйән әл-’Ильм” 2/32. Ол сондай-ақ: “Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) сөзінен өзге кез-келген адамның сөзі қабылалынады және қайтарылады”, - деген. «Иршәд әс-Сәлик» 227/1.
Имам әш-Шәфи’и (Аллаһ оны рақым етсін) былай деп айтатын:
“Егер адам Пайғамбардың (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) қандайда бір іс-әрекеті, немесе айтқан сөзі туралы білсе, оған оны басқа біреудің айтқан сөзі үшін қалдыруға тыйым салынатындығына мұсылмандар бір ауызды келісімде”. «’Иләм әл-мәуәққи’ин» 2/361. Ол, сондай-ақ, былай деп айтатын:
“Егер менің жазғаданрымда Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайшы келетін бір нәрсе тапсаңдар, Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес сөйлеңдер де, менің айтқандарымды тастаңдар”. “Хилйәт әл-Әулиййә” 9/107.
Имам Әхмәд ибн Ханбәл (Аллаһ оны рақым етсін): “Маған ілеспеңдер, және Мәликке де, әш-Шәфи’иге де, әл-Ауза’иге де, әс-Сауриге де ілеспеңдер, олар алған жерден алыңдар”, - дейтін. Ибн Әби Хатим, Әбу Ну’айм және Ибн ’Асакир 15/9/2. Сондай-ақ, ол: “Егер біреу Аллаһтың Елшісінің (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисін қайтарса, ол опат болудың ернеуінде тұр”. Ибн әл-Джәузи 182.