“ Бай-еке, сіз бір аққан бұлағымыз,
Зарлаған біз бір жетім ылағыңыз.
... “ Исатай - ел еркесі, ел серкесі ”,
... “ Таудағы тарлан шұбар біз едік.
3. Метафораның ( еді, едім, едің, екен, ем, ең, м, н ) көмекші етістіктер арқылы
жасалған түрі.
Мысалы:
(Мен) “ Қойда бағылан қозы едім,
Жылқыда шаңқан боз едім, ( “Ер Тарғын” жырынан ).
...” Сен - жаралы жолбарыс ең,
Мен - киіктің лағы ем “.
“ Ол - жаңаның басы еді,
Мен - ескінің арты едім ”. ( Абай ).
Мен, мен едім, мен едім,
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім. ( Махамбет ).
4. Метафораның күрделі түрі немесе ұлғайған түрі.
Метафораның бұл түрі үшке бөлінеді:
А) Бір нәрсені бірнеше нәрсеге балау арқылы:
“Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен .
Қарғиын десең, екі жағы ор екен,
Найза бойы жар екен,
Түбі жоқ терең көл екен,
Ел қонбайтын шөл екен,
Метафора тек осындай екен, еді –деген сөздер арқылы ғана жасалмайды.
Мысалы: “ Қарға батыр, әр сөзің - күміс, алтын,
Сыртыңнан тілек тілер барлық халқың.
...Дем алысы - үскірік , аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды. (Абай ).
Ә) Ұлғайған метафораның екінші түрі - бір нәрсені екінші нәрсеге бірден балай салмайды,
әуелі балайтын нәрсенің артықшылық қасиеттерін көркемдегіш
сөздер арқылы көзге
елестетіп алады да , сосын барып балайды.
Мысалы: Мен тауда ойнаған қарт марал,
Табаным тасқа тиер деп
Сақсынып шыққан қиядан. ( Махамбет ).
Мұндағы метафоралық ұғым – “ Мен – марал ”. Осындағы қарт марал, тауда ойнаған марал,
сақ марал дегенде қолданылған эпитеттер арқылы оның образын
көзге елестетіп алып
барып қана өзін маралға балайды.
“ Мен қарақұстан туған қалықпан,
Сөйлер сөзге жалықпан ”.
( Махамбет ).
Жорғамын шаршы топта самғайтұғын,
...Ежелден құлаш мойын көк айылмын
...Ой желке, қамыс құлақ , теңбіл көкпін
...Қырымға қарайтұғын Қаракермін,
...Айнымас қанды балақ ақиықпын .
Б) Кейбір метафорада екі нәрсенің қатар тұруы шарт емес
Оның екінші жағын оқушы сөйлемнің мағынасына қарап-ақ өздері де аңғарады.
Бұл да
метафораның ұлғайған түріне жатады.
“ Көлге біткен құрағым,
Суырылып озған шырағым ”,
...” Шамдансам, жығар асаумын,
Шамырқансам, сынар болатпын. ( Махамбет ).
Осы үзінділерде алдыңғы мысалдарда келтірілген “ Сен ”, “ Мен ” деген сөздер айтылмай
қалған. Оны сөйлемнің мағынасына қарай ұғуға болады.
Эпитет, теңеу, метафоралар көркем шығармаларда бір-бірімен байланыста келе береді.
Көбірек кездесетіні метафоралық эпитет.
Өлеңнің бір жолында әрі эпитет , әрі метафора кездессе және эпитет метафораны айқындап
тұрса, онда оны эпитетті метафора дейді немесе керісінше, метафоралы эпитет дейді.
Иісің – гүл аңқыған,
Нұрың – күн шалқыған.
Мұндағы “аңқыған ”, ”шалқыған ” деген өткен шақтық есімше
етістік арқылы жасалған
эпитет, яғни балап отырған нәрсесін даралап көрсетіп отыр.
Сондықтан да бұны
метафоралық эпитет деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: