Жазушы еңбегі және шығармашылық тақырып, жанр, көркемдік тұлға, тұлғатану Жазушының шеберлік жолындағы ізденістерінің айқын іздерін сөз қылғанда нені айтты дегеннен көрі, қалай жеткізді деген мәселе көбірек назар аудартады.
Жазушы жасампаздығы көркемдік дейтін шетсіз-шексіз әлемге тартқан сапар. Басқан жол ұзарған сайын-шеберлік те күрделене, түрлене түседі. Өйткені, шеберліктің даңғыл, бұзылмас жолы да күрделене, түрлене түседі.
Әр жазушы өз көкірегіндегі лықсыған сезім мен сырды көптің көңіліне мейлінше әсерлі жеткізу жолында көркемдіктің сан алуан жолын іздейді, тынымсыз еңбектенеді. Бұл үшін жазушы көркемдік дейтін алып ғимараттың әр бөлшегін құрайтын әрбір деталь, түйіннің бәрі-бәріне де көңіл аударып, шеберлік жолындағы ең ұтымды жолын қарастырады, табады. Соның ең бастысы – тіл образдылығы, ой дәлдігі және қысқалық. Жазушы шеберлігін айқындап, стиль ерекшелігін даралай түсетін де осылар. Дүние әдебиетіндегі классик жазушылардың қай-қайсысының да ең көп айтатын, жасампаздығында іске асыруға барынша тырысатын маңызды буын да осы үшеуінен бастау алады.
Ұлттық әдебиеттану және сөз өнері Әдебиеттану ғылымы әдеби сын, әдебиет тарихы, әдебиет теориясынан тұратыны белгілі. Қазақ әдеби сыны 20ғ басында қалыптасып, сол кездегі әдебиеттің дамуына тікелей әсер ете алады.
20 ғ. Басындағы қазақ баспасөзіндегі әдеби мақалалар өткен ғасыр соңындағы дәстүрді жалғастырды. Осы орайда ұлттық әдеби көсемсөз саласы да ерекше дамыды. 20ғ. басындағы әдеби көсемсөз әдебиет сынын тудырып, көркем әдебиеттің дамуы, әдеби үрдіс пен оны зерттеу мәселелерін күн тәртібіне қояды. Көркем әдебиеттің жанрлық түрлері дамып, поэзия, проза, драматургия жаңа ізденістерді көрсетті. Әдеби жинақтарда ауыз әдебиетінің үлгілері мен мұралары жариялана бастады.
20ғ. басындағы қазақ әдебиеттануындағы зерттеушілік ойдың дәрежесін М.Сералиннің «Шахнамадан» аударған «Рүстем-Суһрапқа» жазған «Сөз басы» ғылыми мақаласынан айқын көрінеді. Әдебиеті Фирдоусидің өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет келтіре отырып, ол жазған классикалық мұралардың жазылу тарихын, оның басқа тілдерге аударылуы мен зерттелуін талдайды.
Ұлттық әдебиет, оның сол кездегі сыны, өткен тарихы туралы пікірлер оқу-ағарту мен оқулықтар жазу, қазақ тілінің тазалығы мен емлесі туралы мәселелерді көтерумен ұштасты. Мәселен, «Айқапта» Х.Уәлиолла «Тіл сақтаушылық» деген мақаласында: «Қазақ халқы тілге, әдебиетке кедей емес, бірақ басы қосылып құралмағандықтан білімсіз самарқау жатыр», деп әдебиет тарихын зерттеу мәселесін тезірек қолға алу керектігін көтереді.....