Әдебиет пен ғылым және оның салалары, теориясы, сыны, бағыты ерекшеліктері, ұстанымдар жүйесі


Көркем шығарма: тақырып, идея, жанр, көркемдік, дүниетаным



бет5/5
Дата21.12.2023
өлшемі46.81 Kb.
#487247
1   2   3   4   5
әдеб өзект мәс

Көркем шығарма: тақырып, идея, жанр, көркемдік, дүниетаным
Тақырып – әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады. Өнер туындысының іргетасы.
Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірдегі ең алдымен іздеп табары – өз шығармасының тақырыбы. Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді, ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеалы жататыны сөзсіз.
Жазушы өзі бейнелеп, суреттеп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге айдарса, қайда бағыттаса сол- идея.
Идеясыз шығарма болмайды және болуы мүмкін емес. Мазмұн мен пішін байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес. \
Авторлық идея – суреткердің о бастағы ой өзегі, объективтік идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже.
Тақырып пен идея – әдеби шығарманың мазмұны.
Мазмұн – шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Солай болған соң, мазмұн дегеніміз бір нәрсе туралы ойға алған пікірді айтуға жұмсаған бүкіл сөзіміз мазмұн болып шығады.
Ал, әдеби шығарма мазмұнды болуы үшін, Ибсен деген ғалым айтқандай, әдебиетшінің өмірінің өзі мазмұнды болуы қажет.

Сөз өнері және әдебиеттану
 Әдебиет-ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы; шығарма арқауы-шындық. Жазушы өмір құбылыстарын өзінің дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды, оны өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Ол өзі қаласын, қаламасын-бәрі бір белгілі бір «таптың көзі, құлағы мен үні» (М.Горький). Демек, әдебиет-таптық.
Әдебиеттің таптығы әдеби шығармадағы шындықтың шынайылығына, қаламгердің шеберлігіне тікелей байланысты. Әдебиеттің таптығының жоғары түрі-әдебиеттің халықтығы.

Әр ұлттың тарихи тағдырына сай, туған топырағына, өсіп-өркендеген табиғи ортасына лайық мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы қалыптасатыны мәлім. Мұны бәрі әр ұлттың зіне тән өзгешеліктерін-сыртқы түріндегі ғана емес, ішкі сырындағы айрықша сипаттарын белгілейтіні хақ. Дегенмен, ұлттық сипат халықтық сипатқа нық байланысты бола тұра оған дәлме-дәл келе бермейді, оған балама бола алмайды, оның орнын ауыстыра алмайды. Ұлттықтың ең таңдаулы сипаттары ғана-халықтық. Ілгерішіл әдебиет пен өнер-әрқашан өмірдің мектебі; шындықтың шежресі, сәулетті болашақтың болжаушысы. Өнердің кәусар туындысы халық мірінің терең және мөлдір қайнарынан шымрлап шығады да, сол халықтың өзінің рухани сусынына айналады.



Халықтық-әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан, белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан дамып, көркемдк шешімге дейін баратын, геройдың мінезін, дүниетанымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым.


Орындаған: Бейсенбекова Айгерім Алмасханқызы
2 курс МҚТӘ-11

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет