Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Әдебиеттанудың өзге ғылым салаларымен байланысы



бет4/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Әдебиеттанудың өзге ғылым салаларымен байланысы


Қазіргі әдебиеттану ғылымы тіл білімімен, тарихпен, фи- лософиямен, әлеуметтанумен, психологиямен тығыз байла- нысты. Әдебиеттану ғылымының қоғамдық ғылымдармен байла- нысы жан-жақты: философия, эстетика, герменевтика оның ме- тодологиялық негізін құраса, фольклористика, жалпы өнертану - зерттеу объектісі мен мақсаттары жағынан, тарих, әлеуметтану, психология жалпы гуманитарлық бағыты тұрғысынан жақын.
Әдебиеттану ғылымы, оның ішінде сын эстетикамен тығыз байланысты. Эстетика қоғамдағы көркемдік даму тәжірибесінің теориялық жинақталуы болып табылады.
Филология ғылымының біріне жататын әдебиеттанудың тіл білімімен де байланысы терең. Филология тіл және әдебиет деп бөлінеді де, тіл ғылымы фонетика, лексика, грамматика деп жіктеледі. Әдебиеттану - әдебиет, сөз өнері жайлы ғылым болса, тіл білімі – тіл жайындағы ғылым. Әрине, екеуі екі түрлі ғылым, мақсаттары да түрліше. Тіл білімі сөз өнерінің құбылыстарын, адамның сөйлеу қызметіндегі ерекшеліктерді, сол адам сөйлеген тілдегі даму заңдылықтарының ерекшеліктерін көрсетеді. Әде- биеттану халықтың көркем әдебиетін, оның мазмұны мен форма- сының даму заңдылықтарын, ерекшеліктерін зерттейді.
«Филология» шатырының астындағы екі ғылымның өзіндік айырмашылықтарымен қатар түйісетін ортақ тұстары да бар. Екі ғылымның методологиясы, принциптері әр түрлі болға- нымен, олар өзара байланысты. Тілдің жалпы ерекшеліктерін қо- рытындылау мен зерттеуде тіл біліміне көркем әдебиет көз бола алады. Көркем шығарма тілінің ерекшеліктері оның мазмұндық
ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Ал әдебиеттану осы көркем әдебиеттің мазмұндық ерекшеліктерін түсіндіруде тіл біліміне көп бере алады. Бірақ әдебиеттану да көркем шығарма- ның формасын зерттеуде сол тілдің тарихы мен ерекшеліктеріне соқпай өте алмайды. Бұл көмек әдебиеттің даму баспалдағында түрліше.
Әдебиеттанудың зерттеу объектісі – көркем әдебиет ғана емес, көркем сөз өнері, фольклор, халықтың ауыз әдебиеті.
«Әдебиет» – жазумен шыққан ұғым. Фольклорды зерттеу әде- биетті зерттеумен тұстас келді. Фольклорды хатқа түсіргенде, оның нақтылығы, сол халықтың тіл ерекшеліктері, диалектілері, фразеологиясы, ритмикасы мен айтылуы - бәрі де ескерілуі керек. Ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мұраларды жазып, көшіріп алуда тілтану ғылымынан терең білім мен дайындық қажет.
Әдебиетте баспаға, жазуға дейін шыққан көркем шығарма- лар көшіріліп беріліп отырған. Ежелгі үлгілерді, ортағасырлық мұраларды зерттеу ісінің оңайға соқпайтыны сондықтан. Өйт- кені архив пен кітап сақтайтын орындардан олардың әр түрлі кө- шірмелерін алу, салыстыру, мезгілін анықтау қиын. Ол үшін кө- шірушінің әдет-дағдысы, қолы, автордың тіл ерекшелігі, оқиға- лар ерекшелігі – барлығы қамтылады. Тіл білімі әдебиеттануға тілдің даму тарихы туралы мәлімет беріп, кейбір белгілер мен жазуларды (шифровка) шешуде көмек етеді. Осы негізде фило- логия ғылымының жеке түрі палеография қалыптасты. Әде- биеттану мен тіл білімі байланысының ашық көрінісі - «класси- калық филология», европаның грек, латын тілдеріндегі антика- лық дәуір әдебиеті. Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеушілер тексто- логияға, лингвистикаға сүйенеді.
Әдебиеттану жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін де кәдеге асырып келеді. ХХ ғасырда әдебиеттануда көркем шы- ғарманы математикалық тәсілдердің көмегімен зерттеу бағы- тында да еңбектер жазылды. Б.И. Ярхоның «Нақты әдебиеттану- дың методологиясы» еңбегінде1 әдеби шығарманы талдаудың дәстүрлі әдістеріне реформа жасап, математиканың эмпирикалық әдістерін қолданды. Әдеби статистикалық мәліметтерді пайда-

1 Ярхо Б.И. Методология точного литературоведения. –М., 2006.


лану арқылы шығарма стилистикасына, текстологияға қатысты мәселелерді, тақырып, композиция, жанр т.б. теориялық мәселе- лерді талдайды.
Қазіргі әдебиеттану ғылымының қарқынды дамуы, ең ал- дымен, еліміздің егемендікке қол жеткізіп, қоғамдық ой-пікірде еркіндік тууымен байланысты. Қуғын-сүргінге ұшыраған ақын- жазушылар мұрасы халыққа қайтарылды. Әдеби зерттеулер мен жан-жақты салалы еңбектер дүниеге келді. Қазіргі қазақ әде- биеттану ғылымы ұлттық сөз өнері тарихын, оның танымал тұл- ғаларының өмірі мен шығармашылық мұраларын талдап, та- разылау ісін кең жолға қойды. Әсіресе, кеңестік жүйе тұсында зерттеушілер назарынан тыс қалған әдеби, тарихи-мәдени мұра- ларды, ел үшін еңбек еткен тарихи тұлғаларды, халық жадынан шыға бастаған көне кезеңнің жәдігерлерін тәуелсіздік идеясы тұрғысынан қайта қарау, оларды жинап, жариялау мен бастыру - күн тәртібіндегі өзекті мәселелер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет