Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет7/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:


  1. Антика ойшылдардың өнер, әдебиет туралы қандай толғаныс- тары болды?

  2. Аристотельдің сөз көркемдігі жайлы көзқарасы қандай?

  3. Платон мен Аристотельдің өнер, поэзия туралы пікірлерін са- лыстыра отырып, айырмашылығы мен ұқсастығын саралау.

  4. Горацийдің поэзия ғылымы жайлы еңбектерін атаңыз.

  5. Қайта өрлеу дәуірі классиктерінің көркем әдебиет туралы ой- ларын дәптерге конспектілеу.



  1. ӘДЕБИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ


    1. Түркі әдеби әлеміндегі көркемдік пайымдаулар және қазақ әдеби-эстетикалық ойының даму тарихы

Ұлттық эстетиканың ерте кезеңі халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының әсемдік пен сұлулық аясындағы ойлары ұлттық көркемөнерде, фольклорда: тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде


1 Гегель Эстетика в 4-х томах. -М.: Исскуство,1969. –Т.2. - С. 286.


баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тыныс- тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы ерте дәуірлердегі қазақ даласындағы Андрон, Беғазы-Дәндібай көне мәдениеттерінде жатыр. Беғазы-Дәндібай мәдениеті жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне табынған, күнделікті тұрмыс-тіршілікпен байланысты жануарлар мен жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына тұрғызып қойған.
Cақ-скиф мәдениетінің таңғажайып өнер туындыларында халықтың әсем ойы, биік сезімі көрініс тапқан. Cақ-скиф өнері қазіргі замандағы мүсіндеу, бейнелеу өнерінің кез келгенімен тайталаса алады, тіпті ықшамдап жасалу шеберлігімен, ойлылығымен, әсемдігімен олардан оқшау, алда тұра алады. Ерекше, қайталанбас сақ-скиф өнері тек алтыннан ғана жасалынған жоқ, сонымен қатар қола құйма өнерінің тамаша мектептерін қалыптастырды. Сақ заманында адамдардың мифологиялық танымымен, діни сенімдерімен тығыз байланысты «аң стилі» деп аталатын бейнелеу өнері кең тарады, сондықтан қару-жарақтарда, күнделікті тұрмыстық және табыну заттарында зооморфтық аң бейнесі көрініс тапты. Қола, темір, алтыннан ойып, құйып сақтар жасаған аң, жануарлардың шынайы, қияли образын түрлі көріністерде бейнелеу сақтардан бастау алды. Адамдардың табиғатпен туыстығын, олардың эмоциялық әсері мен ішкі рухани әлемін бейнелеген бұл жәдігерлердің эстетикалық, көркемдік деңгейі аса жоғары.
ҮІ-ІХ ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» ескерткіштері ежелгі дәуір әдебиетіне жатады. Орхон ескерткіштерінде халықтық жыр дәстүрінің негізі қаланды. Білге Қаған, Күлтегін батыр, Тоныкөк жырау сияқты кейіпкерлердің ерлік істері образдық дәрежеде суреттелді. Түркі әдеби-эстетикалық ойының ұзақ тарихына қатысты жәдігерлер, түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштері (VII ғ.), «Қорқыт» (VIII ғ.) және «Оғыз-нама» (IX ғ.). әдеби мұралары ежелгі дәуірдегі әдебиетті қамтыды. Оны Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-
Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (X-XII ғғ.) Аталған ғұламалар түркі әлеміне ғана емес, дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (ХIII-ХVI ғғ.) «Кодекс куманикус», «Махаббатнама», «Жүсіп- Зылиха», «Гүлстан», «Домбауыл», т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.
Ренессанс және орта ғасыр мәдениеті мен әдебиетінің даму тарихында Орта Азия әдебиеті, түркі әлеміне ортақ эстетика көш ілгері озып кетті. Шығыстық ренессанстың көрнекті өкілдері мен олардың көркемдік ізденістері әлемдік өркениет тарихының асыл қазынасына қосылған жауһарлар еді.
Түркі әлеміндегі әдебиет туралы пайымдаулар орта ғасыр- лардан басталады. Осы ретте ертедегі түркі халықтарының кін- дік қаласы - Отырарда дүниеге келген ұлы ойшыл, гуманист әл- Фарабидің әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұл- дыздай жарқ етіп, Аристотельден кейін екінші ұстаз атануы – ға- жайып құбылыс. «Ол - ислам мәдениетінің алтын ғасырындағы ұлы тұлғалардың бірі»1. Әл-Фарабидің жүзден аса трактаттары бар екенін ғалымдар мойындап отыр. Оның ішінде «Музыканың үлкен кітабы», «Ақылдың міні туралы трактат», «Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Ыр- ғақтарды топ-топқа бөлу», «Логика», «Өлең өнері туралы» т.б. еңбектері – дүниежүзілік эстетикаға қосылған үлкен үлес. Бірқа- тар дүниелері әдебиеттің теориялық мәселелерін қамтиды.
Әл-Фараби «Өлең өнерінің қағидалары туралы тракта- тында» өнердің тарихшысы ретінде Аристотельдің «Поэтика- сын» түсіндіруді мақсат еткенімен, эстетика категорияларын өзінше саралайды. Аристотель жасаған логикалық категория- ларды арабтардың поэзия өнеріне қолдануға болатынын жазады, себебі поэзия өнеріне, оның ойынша, өзгеше поэтикалық тол-


1 Азимхан А. Философское приношение Аль-Фараби. –Алматы: Айкос, 2006. -7 б.


ғамдар тән. Поэзияны жанрлық түрлерге: трагедия, дифирамба, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма және т.б. деп жік- тейді де, оның әрқайсысына теориялық сипаттама береді. Әрине, бұл жіктеу қазіргі жанрлар теориясына сай келмегенімен, өз дә- уірі үшін өзекті сипатта. Сонымен бірге поэзия канондары мен оның барлық бей-нелеу тәсілдерін қолдана білу қабілетін жинақтаған өнерді терең білумен, меңгерумен байланысты поэтикалық шеберлік мәселе-сін айқындауда Әл-Фарабидің философиялық-эстетикалық көз-қарастарын байқаймыз1.
«Өлең өнері туралы» трактатында әл-Фараби араб поэ- зиясының ерекшелігіне, әсіресе бәйітке тән шарттарға, ақындар негізге алуға тиісті ережелерге тоқталады. Мұнда қиялдың, ойдан шығарудың сипаты мен мағынасын аша отырып, риторика мен поэзия табиғатының арасындағы айырмашылықты көрсе- теді. Философ қиялды поэзияның еншісінде деп біледі де: «Қиял- даудың, ойдан шығарудың поэзияда маңызы аса зор, мысалы, бі- лімнің – дәлелдеудегі, сендірудің – риторикадағы маңызы сияқ- ты» - деп жазады. Әл-Фараби өзінің поэзия туралы пайымдауларында араб поэзиясының сыр-сипатына, көркемдік шарттарына, өлеңге қа-тысты теориялық мәселелерге тоқталады. Өнерді санадан тыс объективті түрде дүниеде әр құбылыстың адамның ақыл-ойын-дағы елесі деп қарады. Көне дәуір ойшылдары Сократ, Платон, Ксенофонт, Аристотельден ауызданған әл-Фарабидің ойлары өзінен кейінгі данышпандардың еңбектерінде жалғасын тапты.
X-XII ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұнның «Құтты білік», А.Яссауидің
«Диуани хикметінде» жалпыадамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері ұшырасады. М.Қашқаридің (ХІ ғ) «Диуани лұғат ат-түрік» атты түрікше-арабша түсіндірме сөздігі - түркі халықтарына ортақ әдеби мұра. Ол сөздік қана емес, сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани, ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б. қатысты бағалы деректері бар мол жинақ. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанында

1 Аль-Фараби. Логические трактаты. -Алматы: Наука, 1975. -С.551


эстетикалық құндылықтар, әділдік, бақ-дәулет, ақыл-парасат, қанағат туралы ойлары жатыр. XII ғасырдағы көне түркі тілінде жазылған Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» кітабында жалпыадамзаттық асқақ сезімге, мейірімділікке, рухани қасиеттер мен имандылыққа, рузани кемелдікке көп көңіл бөлінеді.
ХҮ ғасырда қазақ халқы жеке мемлекет ретінде қалыптасқан кезеңнен бастап ұлттық сөз өнері жаңа биікке көтерілді. Жыраулар поэзиясындағы ең басты тақырып Қазақ хандығын құраған ру мен тайпалардың татулығы мен бірлігі және мемлекетті нығайту, оның жауынгерлік күшін арттыру болды. Жыраулар жаңа құрылған мемлекетті күшейту мен қорғау ісіне атсалысып, ел ішіндегі түрлі деңгейдегі мәселелерді шешіп отырды. Асан қайғы, Сыпыра, Қазтуған, Доспамбет, Шалгез, Жиенбет, Марғасқа, Ақтанберді, Бұхар, Үмбетай, Шал, т.б. ақындар ежелгі әдебиетімізден жүлге тартқан дәстүрді сақтай отырып, оны өз дәуірінің талап-тілектеріне орай әдебиетімізді тақырыптық, мазмұндық, түрлік тұрғыдан жетілдіріп, байытты. Бір кездері бүкіл түркі халықтарының тарихында, рухани ғұмырында үлкен орын алған жыраулар өз шығармашылығын орта ғасырлардан бастап бергі кезеңге, яғни ХІХ ғасырларға дейін жеткізді. Жаңа мемлекеттің күшті, хан билігінің мықты болуын көздеген қазақ жыраулары маңызды мәселелер бойынша ой толғап, бітімді сөздерін айтты. Бүгін болып жатқан оқиғаларды бейнелеп, оған өз бағасын, көзқарасын білдіріп отырды, бабалардың мазмұнды, тағылымды бұрынғы тіршілігіне, өткенге иек артты, болашаққа барлау жасады. Өз заманы мен өткен уақытты салыстыра толғап, дәуір туралы, қоғам туралы философиялық ой түйді.
Қазақ топырағындағы сөз өнері туралы әдеби-эстетикалық тұжырымдардың тууы ХІХ ғасырдағы Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбайұлының, Ы.Алтынсариннің есімдерімен байланысты. Қазақ ойшылдары өмір сүрген ХІХ ғасыр қазақ халқының тарихындағы ең бір күрделі, талас-тартысы, қайшы-лығы мол дәуірмен тұстас келді. Патша үкіметінің қазақ дала-сында жүргізген отарлау саясатының салдарынан туған рухани кіріптарлықтан, заңсыздықтардан қазақ елін құтқарудың ендігі
жаңа жағдайдағы бірден-бір ұтымды жолы өнер, білім-ғылым үйрену еді. Қазақ зиялылары осыны жақсы түсініп, ағарту идеясын ұлттық ұранға айналдырды.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы XIX ға- сырдан Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен бастау алады. Білім- білігі, дүниетанымы кең, көп ғылымды игерген Ш.Уәлиханов ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, терең зерттеген. «Манас», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырлары да оның назарынан тыс қалмаған. Ол көшпенді халықтардың поэзиясы, әдебиеті туралы құнды пі- кірлер айтып, ақындық қасиет, импровизацияға жүйріктік көш- пелі елдердің бәріне ортақ сипат екенін жазады. Оның поэзия туралы «Қазақ халық поэзиясының түрлері» атты зерттеу мақаласында қазақ ауыз әдебиеті, оның озық өкіл-дері Жанақ, Шөже, Орынбай сияқты эпикалық ақындардың шы- ғармашылығы жайлы тұңғыш рет ғылыми ой-пікірлер айтылды. Бұл мақаласында ол поэзияны: қара өлең, қайым өлең, жыр, жоқ- тау, өлең деп бес жанрлық түрге жіктеп, әрқайсысының ерекше- ліктері турасында сипаттама жасайды. Жырдың жеті буынды, қара өлеңнің он бір буынды болып келетінін жазып, бір-бірінен айырмашылықтарын саралайды. Ш.Уәлихановтың көзқарасы қа- зіргі поэзиядағы жанрлық жіктеумен қабыса бермегенімен, қазақ әдебиеттануындағы поэзия туралы алғашқы салмақты пікір- лердің бірі болғандықтан бағалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет