Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет8/86
Дата03.04.2024
өлшемі462.32 Kb.
#497435
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86
дебиет туралы ылым ж не оны салалары

Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиетіндегі ғана емес, жалпы әлем әдебиетіндегі көркемдік құбылыс, феномен. Абай Құнанбайұлының әдебиет туралы арнайы теориялық трактат- тары, еңбектері жоқ. Алайда оның көркем әдебиет жайындағы, өлеңдегі мазмұн мен пішіннің бірлігі, поэзияға, ақынға қойыла- тын көркемдік-эстетикалық талаптар туралы құнды теориялық тұжырымдары, әдеби-эстетикалық ой-пікірлері поэзия тілімен берілгендіктен «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Мен жаз- баймын өлеңді ермек үшін», «Құлақтан кіріп, бойды алар»,
«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» т.б. өлеңдерінен «қамырдан қыл тартқандай» суы- рамыз. Қазақ поэзиясына үлкен жаңалық әкеліп қана қоймай, ре- форматор да болған Абай ұлттық әдебиетке дәуір талаптарына сай жаңа мақсат-міндеттер қоя білді. Әдебиеттің өмірді, қоғамды
өзгертуге шешуші үлес косуын, идеялық-көркемдік құрал дәре- жесінде биіктеуін заманның үлкен де шешуші талабы ретінде ұсынды. Ол поэзияны жаңа мазмұнмен, соны көркемдік ізденіс- термен байытты. Қазақ өлеңін тыңнан түлете отырып, оқушы қа- уымның да идеялық, көркемдік танымының, эстетикалык тал- ғамының, мәдениетінің өсуін, ақынның өз сөзімен айтсақ, «тың- даушының түзелуін» талап етті. Мұны өмірдің де, өнердің де қажеттілігі деп санады.
Өлеңді жаңа өріске шығарған Абай шын мәніндегі ха- лықтың, ұлттың ақыны болды. Абай шығармаларындағы қандай салмақты, байыпты ой болсын, халықты өркениетке, білім алуға, еңбек етуге, өнердің түрлерін үйренуге шақыруға бағытталған. Ойшыл қара сөздерінде, өлеңдерінде бүтіндей бір әлеуметтік топтың немесе жеке адамның мінез-құлқындағы кем- шіліктерді, қазақ қоғамындағы көлеңкелі құбылыстарды халық- тың рухы, талап-тілегі, мұқтажы мен мүддесі тұрғысынан сынай- ды. Абай халық мақалдарының өзіне сын көзімен қарай білді.
Абай, Шоқан, Ыбырай сынды қазақ ғұламаларының сөз өнеріне қатысты көркемдік-эстетикалық тұжырымдары уақыт тезінен сүрінбей өтіп, бүгінгі дейін өз күшін жойған емес. Олар- дың әдеби мұралары қазіргі тәуелсіздік идеясы тұрғысынан қай- та қаралу үстінде.
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеттанушылары ел ара- сындағы халықтың бай рухани қазынасын, фольклорлық және әдеби мұраларды жинау мен жариялау, жүйелеу, зерттеу істеріне белсене араласты, әдебиеттің тарихы, теориясы туралы алғашқы ғылыми пікірлерін білдірді. ХХ ғасырда қазақ әдебиеттануының негізін салушы А.Байтұрсынұлы ғылымының тууына, дамуына өлшеусіз үлес қосты, іргелі ғылыми еңбектер жазды. Осы ретте оның 1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» атты еңбе- гін атауымызға болады. Ахмет Байтұрсынұлы аталған еңбегінде әдебиет теориясының басты терминдері мен түсініктерін ең ал- ғаш рет ғылыми айналымға түсірді. «Әдебиет танытқыш» еңбе- гінде ғалым әдебиеттің сөз өнері ретіндегі ерекшеліктеріне ар- найы тоқталды. Әдебиеттің көркемдік, эстетикалық, тілдік ерек- шеліктерін, рухани және халықтық сипаттарын таныта білді.
А.Байтұрсынұлы сөз өнерінің адам санасының үш негізіне (ақылға, қиялға, көңілге) тірелетінін, ал оларды халыққа ұғынық- ты етіп жеткізу, яғни «ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жа- рау»1 тілдің міндеті екендігін ерекше атап ескертеді. Ғалым А.Ісімақованың сөзіне ден қойсақ: «Әдебиет танытқышта» әлем- дік әдеби терминдерінің қазақша баламалары көңілге қонымды әрі сәтті түрде қолданысқа енгізілген. Әр категория өзінің логи- калық дамуы, қалыптасқан жүйесі бар әдеби түсінік ретінде ай- қындалады»2.
Қазіргі әдебиеттану ғылымының қарқынды дамуы, ең ал- дымен, қоғамдық ой-пікірде еркіндік тууымен, еліміздің егемен- дікке қол жеткізуімен байланысты болды. Қуғын-сүргінге ұшы- раған ақын-жазушылар мұрасы халыққа қайтарылды. Әдеби зерттеу қарқынды дамып, жан-жақты салалы еңбектер дүниеге келді. Тәуелсіздік тұсында қазақ әдебиеттану ғылымы ұлттық сөз өнері тарихын, оның танымал тұлғаларының өмірі мен шығар- машылық мұраларын талдап, таразылау ісін кең жолға қойды. Әсіресе, кеңестік жүйе тұсында қалың көпті назарынан тыс қа- лып келген әдеби, мәдени мұраларды, ел үшін еңбек еткен тари- хи тұлғаларды, халық жадынан шыға бастаған көне кезеңнің жә- дігерлерін т.б. жинап, жариялау мен бастыруда айтарлықтай ең- бек етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет