Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет18/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Реалистік образ – күнделікті болмыстан, нақты өмірден алынған, шындықты тірек еткен, әдебиетте бұрыннан бар, бола да беретін типтік бейне. Бұл образдың эстетикалық идеалы нақ- ты, әрі затты. Әлемдік әдебиетте қайталанбас тұлғасымен, кесек характерімен көрінетін мағыналы да мәнді образдың түрі де осы реалистік бейнелер. Орыс әдебиетінде А.Пушкиннің (Годунов, Онегин), Л.Толстойдың (Анна Каренина, Николай Болконский, Пьер Безухов т.б.), Ф.Достоевскийдің (Раскольников, ағайынды Карамазовтар) реалистік бейнелері. М.Әуезовтің бір ғана «Қилы заман» повесіндегі реалистік бейнелер галереясын алсақ: Ұзақ, Жәмеңке би, Оспан, Ақжелке, болыстар, тілмаштар шынайы бей- неленген.
Эпикалық образдар адам образын мейлінше жан-жақты сомдап, әр қырынан түрлі көркемдік тәсілдер арқылы ашып көр- сетеді. Б.Майлин шығармаларындағы бір образ, бір мінез екінші- сіне ұқсамайды және ол сонысымен бағалы. Бір мінез бір мінез- дің иін қандырып, оны аша түседі. Ауыл адамдарының жаңа тұр- мыс құруға бет бұруы, бірақ елге енген өзгерістерді оғаш көріп, қабылдай алмауы езу тартқызады.
Лирикалық бейне – лирикалық шығармадағы алуан түрлі сезімдердің, көңіл-күйдің иесі, қаһарман. Басқа бейнелер сияқты лирикалық қаһарман да шығармадағы ақынның өз бейнесінен тамыр тартады. Ол ақынның сезімінен, арманы мен қиялынан, жан сырынан жасалады. Мысалы, М.Жұмабаевтың поэзиясы ақынның стиліне тән сезім иірімдерін танытады, өлеңнің басты тұлғасы – ақынның қолтаңбасы айқындала түседі.
Келші, көзім, Күн бетіңді көрейін, Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін, Жет, жұлдызым, жылжып қана жібектей,
Жұлдызды – жүзік, айды - алқа ғып берейін. Сөзің сиқыр есті тұман басқандай,
Ессіз жүрек дария болып тасқандай, Күлкің күнім күндей күміс табаққа, Мінсіз мөлдір меруертті шашқандай.
Көз алдымызға қыздың әсем күлкісі елестейді. Соңғы екі жол «әдемі күлкі» дегеннен гөрі, эстетикалық әсері анағұрлым күшті, жүрек толқытады. Ол жай күлкі, езу тарту емес, жылтыр
табаққа аппақ тастарды шашып жібергенде, жарқ-жұрқ еткен, шағылысқан сиқырлы күлкі. Қыздың күлкісіне табынған лири- калық кейіпкер бүкіл әлемге ғашық екенін жариялап, сезім отына күйгелі алысқа қол созады. Отты сезім, тәтті қиял, арман, мұң, махаббат – мұның бәрі де кейіпкердің бойында. Бұл - образдың жасалу ерекшелігі.
Дегбірсізденген лирикалық қаһарман қыз алдында махаб- бат үшін өлімге де даяр. Лирикалық кейіпкерге қатысты уақыт пен кеңістікте шекара жоқ. Лирикалық қаһарманның ішкі әле- міндегі ғашықтық сезімі романтикалық поэзияға тән (жұлдыздан жүзік жасап, айды мойнына алқа ету) көтеріңкі леппен, құштар- лықпен жырланады. Алайда лирикалық қаһарманды шығарма- ның нақты авторымен бір деп қарамаған дұрыс. Кейде лирика- лық қаһарман авторға сезімдік күйлердің ортақтығына орай жа- қын болуы мүмкін, дегенмен олардың арасында айырмашылық бар, өйткені автордың әр шығармасындағы лирикалық қаһар- манда оның адамдық тұлғасының бір бөлігі, кішкене бөлшегі болады. Соның нәтижесінде оқырман да өзін лирикалық қаһар- манға теңестіреді. Автор ғана емес, лирикалық қаһарман басы- нан кешірген сезімдерге тебіренген, ерекше әсерге бөленген шығарманың оқырманы да лирикалық қаһарманға айналады деуге болады.
Драмалық образдың жасалуында тартыстың мәні зор. Бұл ерекшелік драма жанрының табиғатынан туындайды. Драмада авторлық баяндаулар мен суреттемелер, ұзақ сипаттамалар жоқ. Кейіпкер бейнесі портрет, пейзаж, мінездеудің түрлері арқылы да жасалмайды. Драмада кейіпкердің характерін, жан дүниесін танытатын басты бейнелеу тәсілдері - диалог пен монолог. Кейіпкердің сөз саптауы, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы мен іс- әрекеті, қимыл-қозғалысы арқылы оның психологиялық ерекше- ліктерін, мінез-құлқын аңғарамыз. Сондықтан драмалық бейне- лердің жасалуында кейіпкер тілі басты роль атқарады. Кейіпкер мінезі драманың негізін құрайтын қарама-қайшылықта, бітіспес тартыста шыңдалады. Драмалық образ сахнада қолма-қол жаса- лады. Сондықтан оны сахналық бейне деп атайды. Пьеса сахнада қойылатындықтан драмалық образдың сомдалуына өз кезегінде актер де қатысып, шеберлік те шешуші роль атқарады. Мысалы:
Қазіргі театр репертуарларынан түспей жүрген тәуелсіздік жыл- дарында жазылған Д.Исабековтің «Актриса» драмасындағы Айгүл Асанованың бейнесін сахнада Д.Темірсұлтанова сомдады. Өнердің қиын да ауыр жолындағы қарапайым қазақ әйелінің тағ- дырын бейнелеуде қандай дәрежеде болсын актердің де өзіндік үлес қосатыны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет