Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



бет20/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:


  1. Әдебиеттану ғылымында образ дегеніміз не?

  2. «Кейіпкер» ұғымының мазмұнын ашыңыз.

  3. Көркемдік деталь деген не және оның қандай түрлері бар?

  4. Жазушы фантазиясының образ жасаудағы қызметін айқын- даңыз.

  5. Портрет пен мінездің байланысы бар ма?

  6. Заттар көркем шығармада қандай мақсатта қолданылады?

  7. Көркем шығармада табиғат суреті қандай қызмет атқарады?

  8. Романтикалық және реалистік образдарға қазақ әдебиетінен мысалдар келтіріп, ерекшеліктерін салыстыра айқындау.

  9. Абай өлеңдерінен түнгі пейзаж үлгілерін теріп жазу.

  10. «Ж.Аймауытовтың портрет жасаудағы ізденістері» тақыры- бында өздік жұмыс жазу.

7. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ СЮЖЕТ ПЕН КОМПОЗИЦИЯ


Сюжет (фр. sujet) - әдеби шығармада бейнеленетін оқиға- лардың тізбегі, яғни уақыт пен кеңістік өлшеміндегі бірін-бірі ауыстырып, өзгеріске түсетін жағдайлардағы кейіпкерлер өмірі. Көркем шығарманың құрылымында сюжет түрлі функцияларды атқарады. Негізгі оқиғаны құрайтын оқиғалар қатарының құры- лымдық мәні бар. Ол барлығының басын бір арнаға біріктіріп, бір-біріне жалғайды, суреттелетін нәрсенің іргетасын қалайды. Сонымен қатар сюжеттің шығарма қаһармандарының харак- терін бейнелеуде маңызы зор. Сюжеттің тағы бір қызметі өмірлік қайшылықтарды бейнелеумен байланысты.
Жазушы суреттейтін оқиғалар шығарманың көркемдік әле- мінің негізін құрайды. Сюжет - эпикалық, драмалық және лиро- эпикалық жанрлардың басты ұйымдастырушы элементі. Ол кейде лирикалық шығармаларда да маңызды қызметке ие, алайда бұл жағдайда ол мейлінше жинақы, ықшам, детальдық сипат- тамасы сараң сипат алады. Сюжет, фабула, композиция туралы түсініктер бір-бірімен үндес естіледі. Алайда ол ұғымдардың өзіндік теориялық ерекшеліктері бар. Енді соларға тоқталып өтейік.
Фабула (латынша fabula - әңгіме, баян) – әдеби туын- дыдағы оқиғаның мазмұнын рет-ретімен баяндап айту. Фабула кез келген оқиғада болады, бірақ кез келген оқиға көркем шы- ғарма емес. Ауызекі әңгімеде де фабула бар. Аристотель оны
«болған жайттарды жымдастыру», Гегель «шығарманың негізі және жаны» дегенмен, фабула сюжет пен композицияға фон ғана.
Фабула мен сюжеттің арасын ажыратпай, екеуін бір ұғым деп қарастыратын зерттеушілер де бар1. Л.И.Тимофеев те сюжет пен фабула ұғымдарының арасын бөлу шығарманы талдауды күрделендіретінін атап өтеді.
Г.Н.Поспелов сюжетті - оқиғалық желі, ал фабуланы - баян-дауды ұйымдастыру деп түсінеді. «Сюжет – баяндалатын,

1Маймин Е.А. Опыты литературного анализа: [кн. для учителя]. - М: Просвещение, 1972.


әңгіме болатын «зат», фабула сол «зат» туралы баяндау, әңгіме- леу»1. Ол сюжет пен фабуланың айырмашылығын айқындай отырып, біріншісінде - нені әңгімелеу, екіншісінде -қалай әңгі- мелеу маңызды екеніне көңіл бөледі. Фабула – әңгімелеудің тәсі- лі, құрылымы, ал сюжет – шығармада бейнеленген оқиғалар мен әрекеттердің сабақтастығы мен байланысы.
Зерттеуші В.Е.Хализев те сюжетке осыған ұқсас анық- тама береді: «Сюжет... дегеніміз көркем шығармада бейнеленген оқиғалар тізбегі, яғни бірін-бірі ауыстырып отыратын жағдай- лардағы, кеңістіктік-мезгілдік өлшемдердегі кейіпкерлер өмірі»2. В.Кожинов фабуланы мазмұндаумен, ауызекі әңгімелеу-
мен байланыстырады. Керісінше, «сюжетті мазмұндап айта ал- маймыз, өйткені шығарма ол неғұрлым ықшам, артық ешнәрсесі жоқ, сюжет туралы әңгіме, сюжеттің сөз арқылы суреттелуі»3. Ол сюжетті алуан түрлі сыртқы (оқиға ішіндегі әрекеттер) және ішкі әрекеттердің (психологиялық, эмоционалдық) жанды жүйе- сі деп қарастырады.
Түйіндесек, фабула - шығармадағы негізгі оқиғалардың желісін жалпы мазмұндап айтып беру болса, сюжет шығармада бейнеленген оқиғалардың даму кезеңдерін, тәртібін бұзбаған, тұтас қалпындағы тізбегі, қаһармандардың алуан түрлі қарым- қатынастарының, іс-әрекеттерінің жүйесі. Әдеби туындылардың фабулалары кейде бір-біріне ұқсас келуі мүмкін, алайда сюжет қайталанбайды.
Көркем шығарманың құрылымында сюжет маңызды қыз- мет атқарады. Шығармада образ сомдауда психологиялық терең- дік, нанымдылық, оқиға желісінде логикалық байланыстың бо- луы шарт. Сюжеттегі оқиғалар қатарының құрылымдық мәні бар: олар бейнеленетін оқиғалардың басын біріктіріп, нығыз- дайды. Сонымен бірге сюжет кейіпкерлерді бейнелеуде, олардың характерін даралауда да негізгі қызмет атқарады. Өйткені әдеби кейіпкерлер табиғаты оқиғалар легінде ашылады. Болып жатқан

1Литературный энциклопедический словарь. – М.: Советская энцикло- педия, 1987. - С.431.


2 Хализев В.В. Теория литературы. –М.: Высшая школа, 2002. - С. 249.
3 Кожинов В.В. Роман – эпос нового времени // Теория литературы. - М., 1964. - С. 421.
оқиғалар ауқымындағы кейіпкерлердің іс-қимылдары, әрекет- тері, қарым-қатынасы, алуан түрлі сезімдері арқылы оларды тереңірек танимыз. Сюжет, ең алдымен, өмірлік қайшылықтарды тікелей бейнелейді. Кейіпкердің өмірінде туған қандай да бір тартыссыз сюжетті елестете алмаймыз. Оқиға барысында кейіп- керлер толқиды, ширығады, бір нәрсеге көңілі толмайды, өз мақ- сатына жетуге немесе маңызды дүниесін сақтап қалуға тыры- сады, күреседі, жеңіледі немесе жеңіп жатады. Басқаша айт- қанда, сюжетте жайбарақаттық жоқ, ол драматизмге құрылады. Әдеби шығарма адамдар арасындағы алуан, күрделі қарым- қатынастарды, жеке тұлғаның тағдыры арқылы қоғам өміріндегі сан қилы шиеленістерді, мінез-құлық қақтығыстарын, қайшылық пен күрестерді бейнелейді. Осының негізінде сюжет қалып- тасады. Ол көркем шығарманың мазмұнын кеңірек ашып, жеке- леген қимылды ғана емес, жүйелі, желілі әрекетті жинақтайды. Сондықтан, сюжет - өнер туындысының мазмұнына айналған өмірлік оқиғалардың өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі.
Кейбір зерттеушілер сюжетті - әрекет, фабуланы - оқиға деп қарастырады. Сюжет ұғымын фабуламен шатастыру тәжіри- бесі де кездеседі. Біздің ойымызша, сюжет - көркем шығармада баяндалған ретпен орналасқан әрекеттер жүйесі, оқиғалар желісі. Бұлай дейтініміз, кейде шығармадағы оқиға хронологиялық тәртіппен баяндала бермейді, басында болған оқиғалармен оқырманның кейінірек танысатыны да бар. Егер сюжеттің маңызды тұстарын ғана алып, туындыда берілген оқиғалар тізбе- гінің тәртібін бұзып, бірізді ретпен баяндай бастасақ, фабула шығады. Сондықтан фабуланы кейбір зерттеушілер «түзетілген сюжет» деп те атайды. Осы тұрғыдан келсек, саналуан шығарма- лардың фабулалары бір-біріне ұқсас келеді де, сюжет әрдайым қайталанбас қасиетке ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет