Әдебиет туралы ғылым және оның салалары


Бастапқы, әдепкі қайталау



бет36/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Бастапқы, әдепкі қайталау - анафора (грекше anafora - жоғары шығару), яғни өлең жолының басында назар аударғысы келген бір сөзді немесе сөз тіркестерін қайталап отыру. Мыса- лы, М.Мақатаев «Санаулы күн» өлеңінде санаулы сөзін бірнеше рет қайталау арқылы өмірдің әр сәті өлшеулі екенін, әр күнді, әр мезетті бағалау қажеттігіне назар аударады, сонымен бірге бұл тәсіл өлеңнің әуезділігін де күшейткен. Санаулы сөзімен бастал- ған ақын өлеңі оның тақырыбын да айқындаған:

Санаулы күн, Санаулы ай, Санаулы жыл.
Санай жүріп самайлар ағарды кіл. (М.Мақатаев)
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда, Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға (М.Шаханов)
Өлеңнің басында бір сөзді әлденеше рет қайталау арқылы ақын оған ерекше екпін, көркемдік сипат, саздылық дарытқан.
Прозада О.Бөкеев стилінде синтаксистік параллелизм ту- дыратын анафора да жиі кездеседі. Қайталау автордың өз пози- циясын нақтылайды. «Бура» әңгімесінде жануардың хәлі: «Боз- дайын деп еді, көмейі көбікке толып, үнін шығара алмады. Жы- лайын деп еді, тулақтай көні кеуіп қалған көз жанары шыланған жоқ. Өлейін-ақ деп еді, көпті көрген көмпіс сірне жан көнбеді. Енді қайтпек?» - деп суреттеледі. Мұндағы қайталау автор дауы- сындағы шарасыздықты аңғарта отырып, сөйлемнен сөйлемге қарай жануар трагедиясын градация арқылы күшейте түскен.
Антитеза, шендестіру (грекше antithesis қарама-қарсы қою)
стилистикалық айшықтау тәсілі, образдар мен ұғымдарды, құбылыстарды бір-біріне тікелей қарама-қарсы қою. Антитеза параллелизмге құрылады. Антитезада бір-біріне мән-мағынасы керағар ұғымдарды, құбылыстарды, түр-түсі бөлек заттарды өз- ара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін анықтап, елестетеді. Қазақ әдебие- тіндегі классикалық үлгілері: «Ер Тарғындағы» Ақжүністің си-
паттамасы, Абайдың «Қан сонарда шығады бүркітші аңға» өле- ңінде антитеза мол. Сонымен қатар қазіргі әдебиеттанудағы маз- мұндық қарама-қарсылықты (контраст) көрсету көбінесе айқын антоним сөздер арқылы да беріледі. Көптеген жазушылар шығармашылығында антитеза ойлау жүйесі мен поэтиканың негізгі ұстанымына айналды. Қазіргі қазақ әдебиетінде О.Бөкеев, Т.Әбдіков, М.Мағауин шығармаларында кейіпкерлер- дің екіге жарылуы, жақсылық пен жамандықтың қақтығысы ар- қылы қоғам қайшылығын бейнелеп, антитезаны негізгі концеп- цияға айналдырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет