Әдебиет туралы ғылым және оның салалары



бет35/86
Дата06.03.2023
өлшемі462.32 Kb.
#470439
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86
zhanuzakova kt debiettanuga kirispe

Зарлай арнау - ақынның зарлана, қайғы жұтып өзгеге, жұртқа арнайы тіл қатуы. М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасында Махамбетті өлтіріп, сыйлыққа ішік алып келген ұлына әкесінің өкінішпен айтқан сөзі де зарлай арнау түрінде берілген:

-Ой, залым-ай, Жүзіқара залым-ай.
Мұнша залым екеніңді қалай келгем танымай! Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
Бұдан өткен зор қасірет болар ма! Жә, не қайыр, налы мейлі налыма, Сорлы балам,
Туыпсың-ау сорыма.
Қайталау – ақын немесе жазушы ой екпінін, әсерді кү- шейту мақсатында, айрықша назар аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойға ерекше леп беру. Қайталаудың да бірнеше түрі бар.

  1. Жай қайталау. М.Мақатаевтың «Ей, өлең» деген шы- ғармасында «өлең» сөзіне ерекше екпін түсіру, назар аудару мақсатында оны бірнеше рет қайталайды:

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем? Жансыз өлең жанымды алды кілең. Бір ойым жүрегімде қаза болып,
Бір ойым көмейімді қалды тіреп, Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем.

  1. Еспе қайталау. Бұл – ой мен сырды еселей жеткізу

жолы.

Сап-сары бел, еседі жел, еседі, Еседі жел, көшеді жел, көшеді. Дала ұйық, бала тұйық, екі үнсіз,


Дала жұмбақ, бала жұмбақ шешусіз. (М.Жұмабаев)

  1. Кезекті қайталау эпифора – (грекше epiphora – қосымша) – мәтіндегі сөйлемнің соңында немесе өлең жолының аяқ жа-ғында бір сөзді әдейілеп бірнеше рет қайталай беру, сол арқы-лы қайталанған сөзге ерекше мән үстеу, айрықша тыныс беру, арнайы назар аудару. Эпифора - поэзиялық шығармаларда

жиі кездесетін бейнелеу тәсілдерінің бірі. Ж.Әбдіраштың «Көше тәр-тібі» өлеңінде осы тәсілді көреміз:
Мінетін жерің – мына ара, Түсетін жерің – мына ара, Тоқтайтын жерің – мына ара, Соқпайтын жерің – мына ара, Өтетін жерің – мына ара, Жететін жерің?...
Сұрама!
Прозалық шығармаларда да сөздерді қайталау ойға эмо- циялық ажар, әуезділік сипат береді. Ол мәтінге ырғақ, ерекше экспрессивтік бояу дарытады. О.Бөкеев шығармаларындағы қайталау - поэтикалық тілдің элементі. О.Бөкеев туындыларында жекелеген сөздерді, сөз тіркестерін әр кезеңде қайталап отыру табиғат суретіне айрықша реңк дарытып, оның саздылығын, әсерлілігін күшейтеді. Жазушының баяндау мәнерін ерекше- лендіретін синтаксистік тәсілдің бірі экспрессивтік даралау қыз- метіндегі қайталаулар болып табылады. Мысалы, қаламгер
«Мезгіл әуендері» суреттемесінде көктем мезгілін: «Ұйқылы-ояу табиғат дүр сілкінді де, жылдар бойы қаңсып, табанын тас отарлаған жасыл жағалаулы көне арнамен, алтын ағысты, асығыс ағысты, сұрапыл шуымен сел ақты; ол көктемгі тасқын; ұмытылған қаңсық арнаға оқыс құлаған, бір кезде қағажу көрген судың байып, өз еркі, өз ырқы өзіне тиген соң, құлындай құлдыраған әрі бақытты, әрі шаттықты, уа, қайғылы сұңғыла са- пары - оң сапары еді; бұлақты адасып барып, алжасып барып ар- насын тапқан тасқынның Толқыны, салтанатты Толқыны, шыр- қап салған ғажап даусы жарып барады... е, ақсарбас... е, ақсарбас

  • жылайды Толқын, шулайды Толқын, тулайды Толқын; бұл - ғайыптан емес, табиғаттан пайда болған, жаһан құрсағын тепсіне шығып, еңіреп келген айналайын алапат тасқынның кеуделі де кесірлі Толқыны!» - деп суреттейді.

«Толқын» сөзінің жиі қайталануы автор толғанысына эмо- циялық әр қосып, ерекше ырғақ, көтеріңкі леп берген. Мұндай тәсіл автордың табиғат тамашасына бас ию, табыну көңіл-күйін күшейтеді. Бөкеевте лексикалық қайталаулар анағұрлым күрделі тәсіл синтаксистік қайталаудың бір компоненті түрінде көрінеді.
Жиі кайталанып, тұрақты түрде кездесетін сөздер шығарманың негізгі ойын ашуға септеседі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет